Отбасы - ошақ қасы

Анам мені басқа адамнан туған секілді

  • © alashainasy.kz/

    © alashainasy.kz/

Жасым ұлғайған сайын мені мазалайтын бір сұрақ бар. Оқыған оқырман менің бұл ойыма "ақымақ" деп күлетін де шығар. Бірақ, мен өздеріңізбен ақылдасқым келеді, оқырман!


Менің есімім- Бердібек. Жасым қырықтарға таяды. Әйелім және үш балам бар. Ауылда тұрамыз. Қолымда сексенге келген анам бар. Үш ағам және бір әпкем Алматыда тұрады. Мен-шаңырақ иесі.


Осы уақытқа дейін бұл сұрақ мені ешқашан мазалаған емес. Ата-анам қарапайым жандар. Әкем-механик. Анам жас кезінде ауыл әкімдігінде есепші болды. Кейіннен үйде немерелерін бақты. Әкем мен армиядан келген жылы қайтыс болды.


Мені сыныптастарым "Кекеш" деп мазақтайтын. Неге "Кекеш" ойыма келген емес. Тек, ауылда Сенбек деген жігітті де "Кекеш" дейтін. Сенбектің әкесі ауылда өмірбойы әкім болып, кейінен өмірден өтті. Өйткені ол тұтығып сөйлейді. Менің де тұтықпам бар. Сол үшін мазақтаған болар деп, ешқашан мән берген емеспін. Кейіннен қарап отырсам, мен сол Сенбекке кекештігімнен бөлек, түрім, жүріс-тұрысым қатты ұқсайды екен. Жас кезімде білінбей жасым келе бастағанда өте қатты біліне бастады. Әсіресе, Сенбектің менің жасымдағы кезі көз алдымда. Сойып қаптағандай ұқсаспыз. Менің ағаларым мен Сенбекті қойып қойса, білмейтін адам мені Сенбектің туған інісі деп ойлайтыны анық. Кейде бір ұқсастық болар деп ойласам да, соңғы кезде күдігім жиілеп кеткендей. Менің бір ұлым өзімнен аумайды. Сенбектің кіші ұлына қатты ұқсайды. Мүмкін ауылдастарым бұл сұрақтың сырын білетінде шығар, бірақ мен кімнен сұраймын. Ағаларым мен әпкелерімнен де сұрауға батылым жетпейді. Бірақ, Сенбектердің үй-ішін іштей жақын тартатын сияқтымын.


Анам ауылда әкімдікте есепші болғандықтан, үнемі аудан орталығына әкімдіктің машинасымен барып келіп-жүретін. Бала кезімдегі бір оқиға есіме түсті. Далада ойнап жүрген кезім еді, үйден Сенбектің анасының жылап шыққанын көрдім. Анамнан сұрап едім, «көзіне қоқым түсіп кетіпті» деп алдаусыратты.


Кейінен Сенбектердің үйінің маңайынан бұзау айдап кетіп бара жатқанда Сенбектің әжесінің тәтті кәмпит беріп, еміреніп иіскегенін де білемін. Ол кезде ойын баласына не үшін деген сұрақ мүлдем келген емес.


Әкем ауылда механик болып талай ауылдастың машинасын тегін жөндеп, үнемі арақтан қолы босамай жүруші еді. Бірақ ешқашан мені «балам емессің» еп сыртқа тепкен емес, керісінше ерекше жақсы көретін. Анам мен де тату тұрды. Ешқашан үйде айқай-шу болған емес. Анамнан сұрауға батылым бармайды. Кәрі адамның жүрегін де ауыртқым келмейді. Бірнеше рет оқталып райымнан қайттым. Бірақ, кімнің баласы екенімді білгім келетіні анық. Ол маған не береді, не өзгереді өзім де білмеймін.


Сіздер не айтасыздар, оқырман достар?! Қандай жағдай болса да мен өзімнің шын әкемді білгім келеді. Қанмен берілетін ген өз дегенін жасап шығатыны анық сияқты. Айып етпесіздер, аты-жөнімді жазуға да ұялдым!


Бердібек, Талдықорған

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 3566    Пікірлер: 0

жұма, 20.07.2018, 11:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31