Отбасы - ошақ қасы

Анамның қылығын түсіне алмаймын...

  • © katoga.livejournal.com

    © katoga.livejournal.com

Құрметті, редакция! Сіздердің сайттағы түрлі материалдарды оқып отырып, өз басымдағы жайтты жазуды ұйғардым.


Біздің отбасында 2 қыз, 2 ұлмыз. Екі әпекем тұрмысқа шыққан. Балалы-шағалы. Құдайға шүкір. інім әзірге студент, бойдақ. Әкеміз тоқсаныншы жылдардың басында қайтып кетті. Мен осыдан 5 жыл бұрын үйленгем. Қазір 1 ұлым бар. Келіншегім Шығыстың қызы. Ұнатып, сүйіп қосылғанбыз.


Соңғы кездері келіншегімнің қабағы қатуланып жүретін болды. Өз-өзінен ашуланып, екеуміз оңаша қалсақ бұрқ етіп жылайтынды шығарды. Басында жақтырмай, "не боп қалды, ата-анаңды сағындың ба тағы?" деп ойлап жүргем. Сөйтсем мәселе басқада екен.


Келіншегімнің сөзінше менің анам, оның енесі ғой, біздің ұлымыз Рауанды жақтырмайды екен. Біз жоқта оны ұрсып, зекіп, кәдімгі үлкен адамдардай жасқап отырады екен. Бұл сөзді естігенде бастапқыда келіншегіме жат та кеп ұрыстым. Тіпті шапалақпен тартып та жібергем. Менің анам өз немересін неге ұрсады? Қайдағыны шығарма деп.


Арада біраз уақыт өткен. Өткендегі келіншегімнің сөзіне ойлана бастадым. Өйткені, расында анам ашуланған кезінде бізден ала алмаған өшін немересінен алатын секілді. Ұлыма "апаңмен қал" десем шырқырап жылап, қалғысы келмейтінін айтып безек қағады. Үлкен кісі болған соң қыздарының үйіне жиі қыдыртып тұрамын ғой. Сонда байқайтыным анам қыздан туған немерелеріне құр қол барғысы келмей, магазиннен сөмкесін сықап толтырып алады. Ол кезде менің балам қыңқылдап жылай бастайды әлгі базарлықтарды көрген соң. Қыздарының үйіне барған соң анам қыздардың баласын еміреніп, толғанып отырады. Менің балам бір бұрышта соларға көзін сатып қарайды. Осы жағдайды осымен 10 шақты рет байқадым. Баламның жасты жанарын көрген кезде жүрегім ауырып кетеді.


Осының бәрін анам келінін жақтырмайтындықтан істейтін секілді. Кеше таңертең ұйқыдан тұрып жатсам анам баламды біздің жатын бөлмеге қуып кіріп, құйрығынан ұрып жатыр екен. "Анасына тартқан қырсық. Тумай кеткір. Тым ерке боп кеттің. Сен өскенде қайырымсыз біреу боласың. Әке-шешең бір бала туып еді өбектей қапты ғой" деп ұрысқанда селк ете қалдым. Әрине, анам болған соң ештеңе дей алмадым, дереу киімімді киіп, сыртқа шығып кеттім. Бірақ жүрегім ауырып, көңілім лайланып кетті. Анам неге менің баламды, өзінің туған немересі ғой, неге Рауанды жақсы көрмейді? Неге қыздарынан туған балаларға еміреніп тұрады да менің балама келгенде мейірімі таусылып қалады? Немересімен сырласып, солардың қолынан жетектеп магазинге апара жатқан апаларды көргенде қатты қызығып кетем. Не істесем болады, айтыңыздаршы оқырман қауым. Анаммен оңаша сөйлескенім дұрыс па? Әлде бұлай айтсам ол кісіні ренжітіп алам ба?




С.Ноғаев, Алматы

 
alashainasy.kz/




Көрілген: 1265    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.12.2018, 11:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қаңтар, 11:05
    Жездеме ғашықпын...
    4 Қаңтар, 19:07
    Алғашқы махаббат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31