Арақ ішетін имамды көрдім

Арақ ішетін имамды көрдім

Ауылымыздағы жұрттың ғаламторға қол жетіп, қазір кешкісін жігіттер жиылып «Алаш айнасы» порталындағы небір әңгімелерді талқыға салып, ермек ететін болдық. Қарап отырсам, біздің ауылда болған оқиғаларға ұқсас жайттар да көп екен.
«Естімеген елде көп» демекші, жұрт естімеген, жаға ұстатарлық оқиғалар көп жазылып жатыр интернет порталда. Сондай әңгіменің бірін мен де бүгін сіздермен бөліспекшімін.
Мен қалада тұрған адаммын. Отбасым дұрыс болмай, үй-күйім болмағандықтан, ауылдағы әке-шешемнің қолында тұрып жатырмын. Мен ауылға келсем, ауыл орталығында мешіт құрылысы басталғалы жатыр екен. Имам өзімнің кластасым еді.
– Пәлі, «бітер істің басына жақсы келер қасына» демеп пе еді?! Құрылысқа қатыс. Мешітті өз қолыңмен сал. Еңбекақы болады өзіңе. Сауабын да аласың, жолың ашылар, – деді ол арқамнан қағып.
Ақша кімге артық болған? Оның үстіне, мешіт – Алланың үйі. Шынымен де, шапағаты тимей ме? Осындай оймен білек сыбанып жұмысқа кірістім. Имам кластасым – Нұрлан сөзуар адам. Күндіз жанымызға келіп, небір әңгіменің тиегін ағытады. Айтқанда, өзге имамдар құсап уағыз айтпайды. Алматыға бара жатқанда пойыздың ішінде қандай қыздармен танысқанын, ол қыздардың дене мүсіндері қандай екенін – түгін қоймай сипаттайды. Қысқасы, әйелдер тақырыбы десе, «жандырып» тұрып айтады.
Осындай «қызықты» әңгімелерімен бізге имам «дем» беріп, мешіт құрылысы жылдам жүріп жатты.
Құрылыстың жартысы бітті-ау деген кезде сол маңда тұратын ақсақалдар келіп мынадай базыналарын білдіріп кетті:
– Мешіт салынып жатқаны жақсы-ақ. Бірақ түн баласында осы жерге жастар жиылады. Арақ, сыра ішеді, тіпті кейбіреулерінің осында әжетке отырып кеткенін де байқадық.
Бұған біз де кейіп қалдық. Шағын ғана ауыл ішіндегі жастардың бұл құрылыстың мешіт екенін білмеуі мүмкін емес, білмей істеді деуге келмес. Олай болса, осы қасиетті орынға келіп арақ ішіп, дәретке отырғандары несі екен?! Әйтсе де біз жай ғана құрылысшымыз, қолымыздан не келеді? Бұл туралы Нұрланға айтсақ, артын әзілге айналдырып алып кетеді.
Сөйтіп жүргенде бір күні ауылда біреудің үйлену тойы болды. Тойдың ертесінде айғай-шу шықты. «Пәленшенің қызын зорлап кетіпті!» деген әңгіме гу ете түссін. Бір үйдің екі баласы бір қызды зорлапты дейді. Ағалы-інілілер. Енді біреулер қыз өзі көніп барып, артынан пәле жапқанын айтады. Қалай болғанда да, сөзге бір іліккен соң, қиын ғой. Ел іші гу-гу. Сөйтіп жүргенде мешітке тақау маңдағы ақсақалдар тағы келді бізге. Олардың да аузында – әлгі қыздың жайы.
– Әй, қарақтарым, сол баланы құдай ұрған болар, – деді бір ақсақал. – Мен сол қыздың кешкісін осы мешіттің маңында жігіттермен сыра ішіп сылқ-сылқ күліп отырғанын талай көргенмін. Мешітте арақ ішкен адам оңушы ма еді. Осы жерді дәретханаға айналдырып жүрген де солар. Осының жақсылықпен тынбайтынын білгенмін өзім де.
Бұл сөз мені қатты ойландырды. Қасиетті орынды қастерлемей, қадірін кетірудің соңы осы екен-ау.
Біз жүргізіп жатқан құрылыс зеріккен жұрттың уақыт өткізетін орнына да айналып кетті. Орталық көшеде ащы суға үйір екі-үш келіншек бар еді. Олар қит етсе, «жүз грамм ішейік» деп келіп тұратын болды. Шынымды айтсам, менің де олармен ішкім келді, бірақ әнеукүнгі ақсақалдардың сөздерінен соң тартынып қалдым. «Мұнда ішсек, жұрт сөз қылар. Жүріңдер, көлдің басына барайық», – деймін оларға. Келіншектер көл басына барған соң әбден қызып, шомылатын киімдері болмаса да, үстеріндегі лыпаларымен суға жүзе жөнеледі. Осылай үш-төрт рет қайталанды. Көл басына барып жүргенімді имам досыма айтпап едім. Ол мен жоқта келіп, қайда кеткенімді біле алмапты. Бір күні «Сен осы қайда жоқ болып кетесің мен келгенде?» – деді. Мен келіншектер мазалай берген соң мешіттен аулақтау кетіп, көл жағасында ішкенімізді айттым. Ол: «Шомылдыңдар ма? Ары қарай не болды?» – деп ентелеп барады. «Өй, мен шомылғам жоқ. Олар шомылды», – деймін. «Маған неге айта қоймадың? Қызықтарынан құр қалдым ғой!» – деп жаман ренжіді досым. «Саған ондай жерде жүру харам болмай ма? Жартылай жалаңаш әйелдерге қалай қарап отырмақсың? Және біз арақ іштік», – дедім.
Содан бір күні мені имам досым моншасына шақырды. Моншаға кірмес бұрын мені бір бөлмеге шақырып алды да, «Әй, мен саған бірдеңе көрсетемін. Тек ешкімге айтып қойма», – деді. Не көрсетер екен деп қызығып отырмын. Бір дискіні алып шығып, теледидарға қосты. Мәссаған! Кәдімгі эротикалық фильм. Жыныстық қатынастың түр-түрі. Досым арасында өзі қарқылдап, маған сынай қарап қояды. «Мұны қайдан алып жүрсің?» – деймін. «Өй, мен қалаға барған сайын сатып аламын», – дейді. Фильмді қызықтап болған соң моншаға түстік. «Қалада кімдермен кездесесің?», «Әйелің қалай болды осы сенің?», «Басқа әйелдерге барып тұрдың ба?» деген сияқты сұрақтардың астына алып жатыр досым. Кейбіріне өтірік, кейбіріне шын жауап беріп үлгеремін. Бір уақытта екеуміз дәлізге шығып салқындадық. Ол мені столға шақырып, ортаға бірнеше шиша сыраны тізіп қойды. Өзі де біреуін ашып, сіміріп салды. Көзім атыздай болды. «Әй, мұның не? Сен имам емессің бе?» – деймін. «Мені кім көріп жатыр? Қойшы», – деп, қолын бір сілтеді. Досым бірнеше шишаны тауысып, қызып қалды. Кеш бойы әйелдер, қыздар туралы әңгіме соғумен болды.
Тағы бірде біз тойға бардық. Тойға Нұрлан қызып кепті. Имамның билегені қызық болады екен. Екі қолын көкке созып, секіріп-секіріп қояды. Еліріп алған. Бір жерде тұрақтай алмай, делебесі қозып жүрген сияқты. Жұрт та оның жүріс-тұрысының тегін емес екені сезіп қалды, бәрінің назары соған ауған. Ол тіпті басындағы тақиясын лақтырып жіберіп, қағып алады. Толық адамның секіргені де біртүрлі болады екен. Бір жағынан күлкі қысып, екінші жағынан, оны аяп кеттім. Қанша жерден дін адамы болайын десе де, оның шынайы бет-бейнесі осы ғой, қайтсін.
Арақ ішкен имамда не абырой болушы еді? Жұрт оны сөз қылып, тойда жасаған қылықтарын бір-біріне қайталап көрсетіп, мазақ қылып жүрді.
Күндердің күнінде Нұрлан өз еркімен имамдықтан бас тартты. Мен де сонысын құп көрдім. Өз-өзіңді, жұртты алдауға болар-ау, құдіреті күшті Жаратқанды алдай алмассың. Арақ ішіп имам болғанша жұмыссыз жүрген артық емес пе. Осыны дер кезінде түсінген Нұрланға риза болдым.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста