Отбасы - ошақ қасы

Ашушаң келін енесінің бетін тырнап, саусағын сындырып тастады

  • Ашушаң келін енесінің бетін тырнап, саусағын сындырып тастады

    Ашушаң келін енесінің бетін тырнап, саусағын сындырып тастады

 Қырғызстанның Ош облысы Қара-Құлжа ауданында ашушаң келін енесінің бетін тырнап, саусақтарын сындырып тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы svodka.akipress.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Белгілі болғандай, енесімен сөзге келген бойжеткен оның бетін тырнап, саусағын сындырған.


Ол сотта өз кінәсін мойындамады. Айтуынша, енесі оған жұмыстан келген беті тиісе бастаған. Анасына тил тигізіп, кейін ыдыс-аяқ жууды бұйырыпты. Алайда алдымен кілем жууды ұйғарған келін енесінің ашуына тиген екен.


Бойжеткеннің сөзіне сенсек, енесі оны кілеммен ұра бастаған. Қорғанбақ болған бойжеткен кілемді тартып алып жатқанда, абайсызда енесінің саусағын қайырып жіберіпті.


Ал енесі кілем жууға бола жанжал туындағанын растағанымен, келіні оның саусағын қасақана сындырып, тіпті бетін тырнап алғанын айтуда.


Ақыры сот келінді кінәлі деп тауып, тоғыз айға шартты түрде бас бостандығынан айырды.


NUR.KZ




Көрілген: 2110    Пікірлер: 0

жұма, 01.06.2018, 21:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31