Отбасы - ошақ қасы

Астанада 15 жастағы қызды жүкті қылған жігіті басқаға үйленіп кеткен

  • © nur.kz

    © nur.kz

Астанада бар-жоғы 15 жастағы қызды сүйген жігіті «үйленемін» деп сендіріп, кейін басқа бойжеткенмен шаңырақ көтеріп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.


Елордадағы «Аналар үйінің» ең жас «тәрбиеленушісі» Нағима Етекбаеваның жасы небәрі 16-да. Бойжеткенді үш жыл бойы кездескен жігіті алдап кетіп, жас қыз амалсыздан «Аналар үйін» паналауға мәжбүр болып отыр.


«Ақмола облысының Атбасар ауданынан боламын, Астанаға анам, ініммен бірге көшіп келгенімізге 7 жылдан астам уақыт өтті. Ата-анам ажырасқан, қазір әкемнің басқа жанұясы бар.


6 сынып оқып жүргенімде, соңғы қоңырауда қызымның әкесімен таныстым. Жігітіммен үш жылдай жүрдік. 9-сыныпта аяғым ауыр екенін сездім, тестпен тексерейін десем оны сатып алуға ақшам да болмады, сөйтіп жігітіме алып беруін сұрадым. Бірақ, тест екіқабат екенімді көрсетпеді, осылай жүкті емеспін деп өз-өзімді алдап жүрдім. Жүктілігімді ішім шыққанда, тек 8 айымда білдім.


Сөйтіп, жігітіме хабарласып, аяғым ауыр екенін айттым. Басында ол «үйленеміз, уайымдама» деп айтып жүрді. Ол кезде мен автомойкада жұмыс жасап, айына 75 мыңдай ақша табатынмын. Соны білетін және «Олимпта» ставка қойып ойнайтын. Соған ақша керек болды ма, менен жиі ақша сұрауды шығарды. «Маған ақша бере тұр, кейін саған да көмектесетін боламын» деп алдап жүрді.


Ішімді біліп қоймасын деп қатты қысатынмын, салдарынан инфекция пайда болып, ауруханаға жатуға тура келді. Анама да екіқабат екенімді ауруханаға түскен уақытта бір-ақ айттым. Анам, болған іс болды, енді түк өзгерте алмаймыз деп кешіріммен қарады. Есепке де тек 9 айымда тұрдым, себебі, көптеген емханалар мені қабылдағысы келмеді. Сөйтіп, қызымды дүниеге аман-есен әкелдім», - деп жағдайын түсіндірді жас ана.


Ал, «көкек» әке, қазіргі таңда Нағима мен қызынан бас тартып, тіпті, өзге бойжеткенге үйленіп алған көрінеді.


«Досы хабарласып, оның үйленгенін, қазір Петропавлда тұрып жатқандығын айтты. Жақында кішкентайлы болғанын естідім. Алимент төлетіп, оның мойнына жүк болғым келмейді, былайша айтқанда, біреудің отбасының шырқын бұзғым келмейді. Өзім аяқтан тік тұрамын деп ойлаймын» ,- дейді астаналық жас ару.


Сонымен қатар, бойжеткен осы жағдайға душар болғаннан кейін қатты күйзеліске түскендігін, тек «Аналар үйінің» көмегімен өз-өзін қолға алғандығын атап өтті.


«Перзентханадағы дәрігерлер мені осында жіберді.Анамның жалдамалы жер үйінде жағдай жоқ, сыз, қыста суық, сондықтан осы үйде тұрақтауға тура келді. Алғашында қыздармен дұрыс араласа алмадым, тіпті, оларды ұнатпадым десем болады. Кейін бір үйдің балаларындай, тығыз араласып кеттік, қазір апалы-сіңлілі сияқтымыз. Негізі, баланы сүюді, оны бағып-қағуды осы кісілерден үйрендім. «Аналар үйінің» көмегімен колледжге сырттай оқуға түстім. Бізді бағып-қағып отырған осы мекемеге алғысымыз шексіз», - деп ризашылығын білдірді Нағима Етекбаева. 




Көрілген: 3498    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.01.2018, 11:05

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30