Отбасы - ошақ қасы

Астаналық бойжеткен ақша үшін төртінші әйел атануға дайын

  • Астаналық бойжеткен ақша үшін төртінші әйел атануға дайын

    Астаналық бойжеткен ақша үшін төртінші әйел атануға дайын

Астананың 23 жастағы тұрғыны қалай төрт рет тұрмысқа шыққанын айтып берді. Бойжеткен бүгінде ақша үшін төртінші әйел атануға қарсы еместігін алға тартуда деп хабарлайды NUR.KZ.

Майраның (есімі өзгертілген) келбеті әдемі, дегенмен ару сұлулығын көптің көзіне көрсетпей, хиджаб киіп жүреді.


Бойжеткен түрлі жігіттермен танысып, әр үш ай сайын күйеу ауыстырғанын жасырмайды. Бір жағдайда, тіпті 10 күн ғана тұрмыста болыпты.


Майра алғаш рет 21 жасында мешітте некесін қидырады. Келесі некелерін де тек мешітте тіркеген ару төртінші ретінде 50 жастағы азаматтың екінші әйелі атанған. Олардың махаббаты тек бір айға созылыпты. Бұған дейінгі күйеулері де отбасылы азаматтар болған екен.


"Некемнің ұзақ болуын мен де қалаймын, алайда мұны мен шешпеймін. Ақшадан қысылмайтын өмір үшін төртінші әйел атануға да дайынмын. Бұл әрекетімді күнә деп санамаймын, себебі некем мешітте Жаратушының алдында тіркеледі", - дейді бойжеткен.

Майра кей кездері тегін тамақ ішу үшін өзіне көңілдес тауып отырғанын да жасырмады. Себебі ішерге асы болмаған күндері бар екен.


"Бұл күнә емес. Бақытты болуға құқым жоқ па? Мұсылманға тұрмысқа шығып, отбасын құрып, ақша жетпейтінін ойламай өмір сүргім келеді", - дейді Майра.


Майра өзінің жетім екенін алға тартып, Қазақстанда осылай өмір сүруіне ер азаматтар мәжбүр етіп отырғанын айтуда. 




Көрілген: 1821    Пікірлер: 0

жұма, 12.01.2018, 10:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31