Отбасы - ошақ қасы

Астаналық бойжеткен сымбатты шетелдік жігітке өзі бірінші болып сезімін білдіріпті

  • © CLASSPIC.RU

    © CLASSPIC.RU

Біліктілік деңгейін арттыруға арналған курстан өту үшін Израильге барып келген 26 жастағы астаналық Ұлпан есімді бойжеткен өзінен 11 жас үлкен колумбиялық Алехандромен араларында болған махаббат хикаясын айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігігіне сілтеме жасап.


«Ең алғашқы танысуымыз аэропортта болды. Әр түрлі елден келген курс қатысушылары трансфер күтіп тұрған сәтте жас жігіт алыстан маған қол бұлғай бастады. Бұл Алехандро болатын. Мен оның жанына барған соң екеуіміз сөйлесіп кеттік. Алғашында ол маған қызық сұрақтар қойды», - деп бастады әңгімесін Ұлпан.


Астаналық бойжеткеннің айтуынша, бірінші рет көріп тұрған адамының өзін сұрақтың астына алуы оғаштау көрінгенімен, кейін ұнай бастаған.


«Мен адамдармен көп араласқанды ұнатпаймын, тым ашық емеспін. Бірақ менің сол тұйықтау мінезімді Алехандро әрдайым ашуға тырысты.


Көңілді кештердің біріне иығы ашық комбинезон киіп келгенінмін. Қатты ұялғандықтан, күннің ыстығына қарамай, сыртымнан жамылғымды шешпей отырдым. Әлгі жігіт оны байқап қалып: "Егер сен осы нәрсені жасағың келсе, жаса. Басқаларға бұл кедергі келтірмейді, мұнымен сен ешкімге зиян тигізбейсің. Қалай жүрсең де - бұл сенің қалауың. Ақыры осындай киім сатып алған екенсің, демек, ол саған ұнайды, ендеше солай киіп жүр", - деп айтып тастады», — деп есіне алды елордалық қыз


Оның сөздерінше, Алехандро танысқан күннен бастап "терең тақырыпта" сөз қозғағысы келген. Бірақ, Ұлпан ғашық болып қалғанын байқаған сәтке дейін оған артық әңгіме айтуға жол бермепті.


«Төртінші күні оның маған ұнайтынын түсіне бастадым. Мен оның жанында өзімді қолайлы сезіндім. Алехандроның маған қамқор болуына және ерекше көңіл бөлуіне қарсылық танытпадым.


Қазақстандық жігіттер ыңғай таныта бастағанда қыздар "сына қалады". Ал егер керісінше қыздың өзі бірінші қадам жасаса, жігіттер бірден өз бағасын көтеріп алып, маңғазданады. Алайда менің жағдайымда бұл мүлде бөлек сезім болды


Мен Алехандроға деген сезімдерімді жасырмай айттым. Өйткені бұл қылығымды оның дұрыс қабылдайтынын, "ақымақ қыз менің құрығыма түсті, енді ол менікі" деп ойламайтынын білдім.


Бір күндері мен оған сезімімді білдіріп, хат жазып қалдырған едім. Ол көзіне жас алғанын жасырмай айтты. Өзіңіз ойлаңызшы, қазақ жігіттері өз сезімдерін солай мойындай ма? » — деген Ұлпан таңданысын жасырмады.


Тағы оқыңыздар: Әлемдік рекорд орнатқан баскетболшы қоян желіде жұлдыз болды (видео)


«Бәлкім, бізде де сондай ер азаматтар бар шығар. Мен барша қазақ жігіттері жаман деп отырған жоқпын. Бірақ олар өте сирек кездеседі.


Қандай қазақ азаматы 30 жасында өзін солай ұстайды? Біздің жігіттер отызға келгенде үйленіп, "ағашка" болып, офисте жұмыс істеп, джип сатып алып, көп бала туғызып, әйелінің көзіне шөп салуды ғана ойлайды», — деп жалғастырды сөзін 26 жастағы бойжеткен.


«Бірнеше рет ол мен үшін төледі, алайда көбінесе өзім есептескенді жөн санадым. Өйткені менің санамда "егер еркек ақша төлесе, онда сен оған міндетті түрде бірдеңе қайтару керексің" деген ой қалыптасқан», — деген Ұлпан ғашығы Алехандроның төсек қатынасында өзін қалай ұстайтынын да ашып айтты.


«Біздің еркектер әйел адамның интимді жерлерінен сүйсе, өздерін "ер жігіт" сезіне алмай қалады. Яғни, бұл әрекет оларды төмендетіп тастайды екен. Олар әйелдің қалауына құлақ аспайды. Ал Алехандро керісінше, бәрін қаперде ұстайды», — деп тамсанды бойжеткен.


Астаналық қыздың ойынша, Қазақстанда жас жұбайлардың некесі немесе қыз бен жігіттің арасындағы қарым-қатынас көп жағдайда шектеу қою мен қажетсіз стандарттарға бола бұзылады.


«Менің осыған дейінгі махаббат хикаям өкінішке толы болды. Ол жігіт маған көп дүниеге шектеу қойып, қарапайым нәрселерге рұқсат етпеді. Мен ер азматтармен дос болудан қалдым. Тіпті бір құрбыммен сөйлестірмей тастады. Мен де оған дәл солай жауап қайтаруға тырыстым. Осылайша біз бір-бірімізді түсіне алмай, айрылысып тындық», —деп есіне алды Ұлпан.


"Бәрін тастап Алехандроға қайтып барар ма едіңіз?" деген сұраққа бойжеткен келісімін білдіріп жауап берді.


«Бұл менің ата-анама ұнамайтынын мен түсінемін. Бірақ бұл менің шешімім ғой. Мен әлі өз елімнен тағдырымды жолықтырмадым», — деп түйіндеді сөзін колумбиялық жігітке ғашық болған қазақ қызы. 


 




Көрілген: 1930    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 26.09.2017, 16:11

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қыркүйек, 09:26
Қыз күнінде бәрі жақсы...
15 Қыркүйек, 10:29
Енем мені менсінбейді
7 Қыркүйек, 10:48
Мұғаліміме ғашықпын...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30