Отбасы - ошақ қасы

Астаналық келіншек төсек қатынасына жиі түскісі келетін күйеуінің үстінен арыз жазған

  • Астаналық келіншек төсек қатынасына жиі түскісі келетін күйеуінің үстінен арыз жазған

    Астаналық келіншек төсек қатынасына жиі түскісі келетін күйеуінің үстінен арыз жазған

Астаналық жас келіншек төсек қатынасына жиі түсуге мәжбүрлеп, зорламақ болған жолдасының үстінен арыз жазған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Оқиға осы жылдың қаңтар айында орын алған. Төсек қатынасына жиі түсуге мәжбүрлей берген жолдасынан әйелі қашпақ болған. Тіпті, келіншектің екінші қабаттан секірмек болған сәттері де кездесіпті.


«Отбасылық өмірде мұндай жағдайлар жиі орын алып жатады. Ер адам әйелдерге өзінің меншігі деп қарап, онымен не істесем де өзім білемін деп ойлайды. Әсіресе, төсек қатынасына мәжбүрлеп «түскісі» келетін ер адамдар бар. Дәл осындай жағдай қаңтар айында Астанада орын алды. Күйеуінен әбден мезі болған келіншек екінші қабаттан секіріп түсіп, жұбайынан әрең қашып құтылған екен. Бұл жерде ерлі-зайыпты екенбіз деп, төсек қатынасына тым жиі түсу қалыпты жағдай емес. Ондай оқиғаларды зорлау фактісі бар деп қарауға болады»,-деп түсіндірді заңгер Дания Бұғалиева.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда нәзік жандылар құзырлы органдарға жұбайларының үстінен арыз жасауға құқылы екен.


«Әрине, сырт көзге ерсі көрінгенмен, бұл жерде әйел адамның құқығы тапталып отыр. Ер-азаматтар төсек қатынасына күштеп, мәжбүрлеп түсіре алмайды. Сондықтан, жәбірленуші тарапқа жұбайының үстінен «зорлады» немесе «күш көрсетіп, төсек қатынасына итермеледі» деп арыз жазуға болады. Осы кеңеске жаңағы М. есімді келіншек те құлақ асты. Алғашында «екі баламыз бар, енем өте жақсы адам, елден ұят болады» деп айтса да, соңында «күштеп жыныстық қатынасқа түсірмек болды» деп арыз жазды. Қазір ерлі-зайыптылар психологардың көмегіне жүгініп жүр. Тиісті деңгейде көмек көрсетілген соң, ара-қатынастары жақсарады деген үміттеміз»,-деп сөзін қорытындылады маман. 




Көрілген: 3336    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.02.2018, 17:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30