Отбасы - ошақ қасы

Атам төркініме кеткенімді қалайды

  • Атам төркініме кеткенімді қалайды

    Атам төркініме кеткенімді қалайды

Амансыздар ма, құрметті қауым! Менің жасым 20да. Тұрмысқа бір жыл бұрын аяғым ауыр болып шыққанмын. Казір бір баламыз бар. Күйеуімнің әке-шешесі мені тек көтеріп калғаным үшін келін етіп алған. Күйеуім осыдан біраз уақыт бұрын кредит алған. Не үшін алғанын айтпайды. Жағдайымыз киын. Өзім жұмыста жоқпын. Жұмыска шығайын десем, балам əлі 1-ге толмады.

Үйде сол кредиттің кесірінен кунде айкай-шу. Атам күйеуіме жынданып неше түрлі сөздер айтады. Енді маған баланы  ал да өзіңнің уиіңе бар деп отыр. Күйеуің адам болмайды дейді. Əрине, ата-енеме де қиын, оларды жамандамаймын. Кішкентайынан баққан балдары өскенде бір пайдаларын тигізбесе, кім де болса ашуланады ғой,  бəріміз сөйтіп жынданамыз. Атамды аяймын. Өзім жұмысқа шығып көмектесейін десем, баламен отыр дейді. Енем бала баққысы келммейді.

Басым қатып кетті. Куйеуім екеуміз ұрсысып калсақ,  атам біздің бала үшін үйленгенімізді  бетімізге басады.Неге келін болдың маған деген сөзі көңіліме қаттыф тиеді. Баламды аяймын, болашағы не болар екен. Əкесі жүріс жүреді, басы кредитте. Бар тапканын кредитке салады. Қазір баламның акшасына күн көріп отырмыз. Ол да  1 аидан соң бітеді..

Не істеймін енді, ақыл беріңіздерші. Күйеуімді жөнге салу үшін кетіп калайын ба? Атам кеткенімізді қалайды. 

Бір жағынан ата-енем де маған іштей карсы. Өзімнің о баста осындай жігітпен жүріп, жүкті болып қалғаныма өкінемін,қателік болғанын түсінемін.  Маған ақыл керек.


Аноним


Көрілген: 845    Пікірлер: 0

сенбі, 26.01.2019, 10:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28