Автобуста арттан «қысатын» маньяктар жүр

Автобуста арттан «қысатын» маньяктар жүр

«Жұмысқа автобуспен барамын, сонымен қайтамын. Қоғамдық көлікте неше түрліні көресің: қалта қағар ұры-қары да, үлкендерге орын бермейтін жастар да, ақша төлемей «қоян» болып жетіп алғысы келетіндер де көп.

Кейде бір орындыққа қатар отырып қалған бейтаныс адаммен танысып қаласың. Жаңа дос, жаңа таныс пайда болады. Небір өсекті, жаңалықты да сол жерде естіп қаласың. Қоғамдық көлік деген сол.

Бәрі дұрыс-ау, тек мына бір нәрсе жыныма тиеді. Отыратын орын болмай кейде қысылысып ортада тұрасың. Сондайда кей еркектер әдейілеп денесін тигізіп, қайсыбір жерін үйкелегендей болады.

Денесін әдейі тигізіп тұрғанын сезесің. Ала көзбен бір атасың. Әлгі еркек ыржалаңдап: «кешіріңіз, мыналар қысып бара жатыр», деп кінәні өзгелерге жапқан болады. Онысы өтірік.

Керісінше, денесін тигізіп, әлдебір ләззат алғысы келетіні белгілі. Кейде рас, тер сасыған дөңкиген еркек емес, жап-жас сымбатты, көрікті жігітке денем тисе, өзім де жақсы бір сезім құшағанда боламын. Автобус асықпай жүрсе екен, тығында ұзағырақ тұрсақ екен, деген шәлкес ой менде де болады. Енді пендеміз ғой.

Бірде таңертен жұмысқа бара жатып мынадай жағдай болды. Автобуста адам толы. Алайда бір жасамыс жігіт орын беріп, соған жайғастым. Бірақ орын бергені құрысын, жыныма тигені ғой, әлгінің. Аялдамада адамдар кіріп, сығылысқан сайын әлгі жігіт маған қарай еңкейіп үстіме құлай жаздайды.

Ол да түк емес. Мен отырмын. Ол түрегеп тұр. Басым тура оның «ана жеріне» тиіп кетеді. Оған да сол керек сияқты. Ана дүниесін маған әдейілеп тигізіп, үйкегісі келетін секілді.

Байқаймын, онысы «оянып», тұрып кеткен. Бір қарыс қатқан бұтақ сияқты автобус шайқалған сайын бетіме тиеді.

Егер де ауын шешіп жіберсе, ана дүниесін аузыма тыға салатын сияқты. Өте ыңғайсыз екен. Шыдай алмай, «Ары тұрыңызшы, мұныңыз не?», дедім. «Ой, жан-жақтан қаумалап қысып бара жатыр. Мен не істеймін енді», деп қарап тұр, әлгі. Жұмыстың жанынан түсетін аялдамаға жеткенше әлгі еркек «ана дүниесін» бетіме бірнеше рет үйкелеп үлгерді.

Жұмысқа келген соң, болған жайды қыздарға айтқанмын. Бірі «ойбай ол ауру шығар, бірдеңесі жұғып кеткен жоқ па?», деді шошытып. Енді бірі «ой, мұндай жағдайды талай басымнан кешірдім.

Ол да секстің бір түрі ғой. Бөтен еркек бөтен әйелдің денесіне денесін тигізіп, ләззат алады.

Әйелдер де солай. Көрікті келген еркек қоғамдық көлікте жолаушылар қысқан кезде байқамай сені құшақтай алса, не болмаса қолы құштарлықты оятатын қайсыбір мүшеңе тиіп кетсе, сезіміңді оятып жіберері анық қой. Тағы бір сол жерімді ұстаса, тағы бір сипалап жіберсе деген рахат ойда тұрасың. Мұны қоғамдық көліктегі шешінбей ләззат алатын секс деуге болады», деді.

«Бүйткен секісі құрсын» деп, қолымды сілтедім. Бәлкім, мұндай жағдайды сіздер де бастан кешкен шығарсыздар. Бөлісіңіздер».

Бұл — Фейсбук парақшасында бір бойжеткеннің жазғаны. Расында, қоғамдық көлікте шешінбей-ақ секс жасайтындар туралы сіз не дейсіз?

kaz.365info.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста