Отбасы - ошақ қасы

Әйел бақытын сезінген емеспін

  • Әйел бақытын сезінген емеспін

    Әйел бақытын сезінген емеспін

 Өмір сүру керемет ғой! Дегенмен мені бір ой жегідей жейді. Жолдасыммен ажырасқым келеді. Неге дейсіздер ғой? Мен онымен ешқашан өзімді бақытты сезінген емеспін. Жас қыз емеспін, отасқанымызға 20 жылдан асты. Осы уақытқа дейін әлі неке жүзігін таққан емеспін, неке жүзік болмаған соң той да қайдан болсын? Әйтеуір бірге тұрып жатырмыз. 


15 жылдай үй-күйсіз көшіп жүрдік. Мен оны жақсы көрген шығармын. Білмеймін. Онымен қосылғаннан кейін өмірімнің астаң-кестеңі шықты. Сенбейтін шығарсыздар, бірақ алғашқы 10 жыл бойы есеңгіреп жүрдім. Содан кейін 5 жылдай ауырдым. Кәдімгідей ІІІ топтағы мүгедік болып, 3 жылдай науқастандым. Содан кейін емделіп, жазылдым.


Күйеуім екеуміз ешқашан бірге кино, концертке барып көрмеппіз. Біреу қонаққа шақырса, ол бармауға тырысады. Барса міндетті түрден біреумен айқасып, жұлысып, санасып отырады. Оның мінезі шайпау. Сондықтан барлығы одан қашады. Тіпті туған ата-анасы, туыстары құдайшай, құдалық болса бізге айтпауға тырысады. Жамандығын жасырып, жақсылығын асырап-ақ бақтым. Енді қалған өмірімді сұрықсыз өткізім келмейді. Ажырасу үшін не жасамадым. Занды түрде некеге де тұрған жоқпыз .Алла алдында да, адамдар алдында да ешқандай рәсім болған емес. Арада 2 баламыз бар. Ол екеуін сондай жақсы көремін. Осы екеуін алып, күйеуімнің өміріннен у-шусыз кетіп қалғым келеді. Қайтып ешқашан оралғым келмейді. Маған қандай кеңес бересіздер?


Аноним 




Көрілген: 3954    Пікірлер: 0

жұма, 04.05.2018, 10:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»
    9 Сәуір, 14:44
    Күйеуім суып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31