Әйелім анамның көңілінен шықпай жүр

Әйелім анамның көңілінен шықпай жүр

Бұрын, үйленбей тұрғанымда енесі мен келінінің келіспей жататыны жайлы естігенде таң қалатынмын. «Ене өз анасы, келін өз баласы сияқты емес пе? Не жетпейді екен?» деп ойлайтынмын. Анам да маған үнемі солай деп отыратын. Достасып жүрген қызым да менің ойымды құптайтын. Сондықтан үйленген соң менің анам мен келіншегім тату тұратынына нық сенімді болатынмын. Бірақ адамның ойлағаны бола бермейді екен.
Мен отбасыдағы үлкенімін. Менің үйленетінімді естігенде ата-анамның қуанышында шек болған жоқ. Елге беріп жатқан алғашқы тойы болған соң ата-анам гүрілдетіп той жасады. Ештеңеден аянған жоқ. Қыз беріп жатқан құда жақта сый-құрметке дән риза болды. Солай отбасылық өмір басталды. Алғашқы айларда өте тату-тәтті тұрдық. Дәлірек айтқанда, анам мен келіншегім арасында түсініспеушілік болған жоқ. Бірақ келе-келе түсініспеушіліктер туындай бастады. Қазір сол түсініспеушіліктер ренішке ұласып барады. Үйленгенімізге жылдан асты. Алайда анам мен әйелім жарасым таппай-ақ қойды. Неге екенін түсіне алмаймын. Анам өте жақсы адам. Әсел де (әйелім) көп сөйлей бермейтін, мінезі салмақты жан. Ерте тұрады, кеш жатады. Жұмыстан келе сала үй жұмысына кірісіп кетеді. Істеген ісін де тиянақты етіп орандайтын сияқты. Үй жиюлы, ыдыс-аяқ жуулы. Бірде-бір рет анама қарсы сөз айтқанын көрмеппін. Бірақ бәрібір анама ұнамайды. Бәлкім мен ер адам болған соң ұсақ-түйекті байқамайтын да шығармын.
Анамның айтқанын тыңдасам, оның айтқандарының бәрі дұрыс секілді көрінеді.  Анам кейде «үйді дұрыс жиналмады» деп сөйлейді. Кейде ыдыс-аяқтың дер кезінде жуылмағаны да ренішке себеп болады. Анамның айтуынша, бәрі сол ұсақ-түйектен басталады. Расымен де анам өте тазалықты жаны сүйетін кісі. Шынымен де бұрын біздің үйде көлденең нәрсе жатпайтын. Ыдыс-аяқ бір сәт жуылмай қалмайды. Менің анамда асығып, «ыдысты келген соң жуа салармын» деу жоқ. Барлық іс өз уақытында орындалуы тиіс. Әрбір зат өз орнында тұруы керек. Осының біреуі дұрыс болмаса, онда анам Әселге сөйлейді. Ал Әсел үндемейді. Анама Әселдің үндемегені де ұнамайды. «Жарқылдап жүрмейді, қонақ келгенде асты-үстіне түсіп, күтіп алмайды» деп те сөйлеп қалады.
Ал Әселді тыңдасам, оның айтқаны да дұрыс сияқты. «Кейде бір нәрсенің орыны ауысып кететін кез болады. Бір-екі кесе жуылмай қалса, онда тұрған ештеңе жоқ қой. Мінезім осылай болса, қалай жасанды әрекет жасаймын. Ол келген қонақты ұнатпағандығым емес. Қонақты да бір кісіше күтемін. Иә, көп сөйлемеймін. Апамның сөздеріне жауап қайтармаймын. Сөз қайтарып қайтем. Үндемей қоя салғанды жөн санаймын. Егер мен жауап қайтарсам, онда сөз көбееді. Сондықтан үндемеймін. Бірақ апам менің бар ісімді жақтырмайды. Шаршадым» дейді.
Міне жағдай осылай. Былай қарасам, екеуінің де айтқандары дұрыс сияқты, ал сәл басқаша ойласам, екеуінің де қателігі бар секілді. Анамды қатты сыйлаймын. Әселді де қатты жақсы көрем. Өйткені екеуміздің арамызда ешқашан реніш болып көрмеген. Бірақ ол көпке созылмайтын сияқты. Өйткені соңғы кезде анам «сен әйеліңді жақтайсың, оған қатты айтып, жолға салмайсың» дейтінді шығарды. Ал Әсел болса, «бәрібір сен мені қорғамайсың, апаммен қатты ренжісіп қалмай тұрғанда бөлек шығайық» деп бастады. Екі оттың арасында қалатын түрім бар.
Анамның тағы бір айтатыны – Әселдің әлі бала көтермей жүргені. Таяуда менімен қатар үйленген жолдасымның кішкентайлы болғанын естігелі анам Әселді бала таппайсың деп кінәлайтын болып жүр. Әсел дәрігерге барып қаралды. Бәрі дұрыс депті. Бірақ дәрігер «енді күйеуіңмен бірге келіп тексеріліңдер» деген көрінеді. Бұл сөді естігенда анам «оны әйелің өзі ойдан шығарып жүр» деп қатты ашуланды. Әселдің ол сөзді өз ойынан шығармағанын білем. Бірақ анама қарсы ештеңе демедім. Өйткені анам бұл сөзді ашу үстінде айтты. Балаң белсіз деген қай анаға болса да ауыр тиетіні анық қой.
Бірақ мен белсіз емеспін. Өз жағдайым өзіме мәлім ғой. Менде бәрі де дұрыс. Ешқашан ауырған емеспін. Сондықтан дәрігерге баруды қажет деп санамадым. Ал Әселдің бала көтермей жүргені уақытша дүние болса керек. Төрт-бес жылдан кейін де балалы болып жатқандар аз емес қой. Десе де әкемнің сөзі мені сәл ойландырып қойды. Анамның сөзін қостады ма, жоқ әлде өз ойы ма, әкем «балам бала болмайтын болса, уақыт оздырмай ажырасқаның жөн. Әлі жассың. Тағдыр солай шығар. Басқа қызға үйленерсің» деді.
Әкемнің сөзінен байқағаным, егер жақын арада Әсел бала көтермесе, біздің үйден мүлде тыныштық кететін секілді. Сондықтан да нақты бір шешімге келу керек сияқты. Бірақ қандай шешім дұрыс боларын білмеймін. Сондықтан оқырман қауымға жүгініп отырған жайым бар. Сіз не дейсіз? Ажырасу керек пе жоқ әлде бөлек шыққаным жөн бола ма? Меніңше осы екі жолдың бірін таңдауым керек сияқты. Өйткені анам мен Әсел бір шаңырақтың астында тұра алмайтын секілді.

Махамбет,
Атырау облысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста