Отбасы - ошақ қасы

Әйелім мен балаларым шіркеуге барады…

  • © Vox Populi

    © Vox Populi

Әлеуметтік желілерден қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығып жатқаны мен солардың көңілдесі болып ойнап-күліп жүргені жөнінде жиі оқушы едім. Ұлттың болашағын ойламайтын ондай жеңілтек қыздар үшін бір күйіп, бір ысып жаман болып қалатынмын.


Кеше сондай тағы бір оқиғаға күә болдым. Күндіз шапқылап бір жұмыспен қала аралап жүргенмін. Жұрт «никольски базар» деп атайтын базардың жанындағы көшемен жүріп келе жатыр едім, кішкентай балаларын ерткен бір отбасы жол шетінде қол көтеріп тұр екен.


«Ала кетейін, нәпақа болсын» деп тоқтай қалдым. Жолымыз бір екен. Алдым. Күйеуі алдыңғы жаққа, әйелі мен екі кішкентай бала арт жақтағы орынға отырды.


Жігіт кәдімгі өзіміздің қарадомалақ қазақ. Ал әйелі орыс екен.


Көліктегі музыканың дауысын ақырындатып қойдым. Өйткені әйел екі баласына бір нәрсені түсіндіріп келеді.


«Не екен?» деп ақырын құлақ түріп едім, Иса пайғамбардың өмірі екен. Екі бала да шешелерінен гөрі әкелеріне көбірек тартқан. Қара көзді, қараторы. Бірақ Иса пайғамбардың өмірі, славян діні жөнінде өздерінше сұрап қояды.


Біртүрлі болып қалдым. «Япырау, өзге жұрттан әйел алған қазақ жігіттері оларды мұсылман дініне кіргізуге тырысушы еді. Мыналардікі не талтаң? Бұларға Иса, емес, Мұхамед пайғамбардың күреске толы өмірін, ислам дінін неге дәріптемейді?» деген сауал тұрды көкейімде.


 


Шыдай алмай жігітке «бауырым, келіншегің де, балаларыңда үріп ауызға салғандай екен. Бірақ мына айтып отырған Иса пайғамбарларың не, әлде сен солардың дініне өтіп кеттің бе?» дедім. Әрине, қазақша сұрадым.


Айтқаным жігітке ұнамай қалған секілді: «Аға, солай болды. Осы орыс қызын ұнаттым, үйлендім. Басында исламды қабылдайтын шығар деп ойлап едім. Олай болмады. Өз дінімде қаламын деп табандап отырып алды.


Мына екі ұлымның бірінің аты орысша, екіншісінікі қазақша. Мен үйде көп болмаймын. Көбіне жұмыс бабымен іссапарда жүремін. Бір күні үйге келсем, қос ұлым «біз шіркеуге бардық. Бізге ұнады» деп қарап тұр.


Үйде жанжал болды. Әйелім кешірім сұрап, «екі балаңды шоқындырып қойдым. Жаспыз ғой. Тағы бір бала туып беремін, соны мешітке апарасың», деп қарап тұр.


Не істеймін? Сол үшін ажырасып кетпеймін ғой.


Аға, қазақтың бүкіл зиялылары орыстан, татардан қатын алған ғой. Түк етпес. Бір бұйырғаны болар», деді.


 


«Бауырым әйелді бастан, баланы жастан» демеуші ме еді қазақ» деп едім, «аға бұл менің жеке тағдырым. Өзім білемін», деді жігіт қабағын түйіп.


«Бауырым-ау, бұл сенің тағдырың емес. Бұл — ұлттың тағдыры. Ертең сен секілді өзге ұлттан әйел алған жігіттеріміз, әйелдеріне шамасы келмей, балалары, өзге діннің сойылын соғып кететін болса, қазақ үшін ең үлкен қауіп осы. Соны түсін» деп күйіне сөйледім.


Ол жігітке айтқым келгені көп еді. Бірақ олар барар жеріне келіп қалған соң, ештеңе айтым үлгермедім. Тек көліктен орысша сөйлеп түсіп бара жатқан қос бүлдіршінге аянышпен қарап қалдым. Ішімнен «елім,ұлтым дейтін қазақтың жігіттері осындай бейшара қалыпта жүргенде, көрінген шетелдіктің қойнында түнеп жүрген қазақ қыздары жайында күйініп, жүйкені құртып қажеті жоқ-ау», деп ойладым. 


365info.kz




Көрілген: 2155    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.01.2018, 10:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31