Отбасы - ошақ қасы

Әйелін аборт жасауға мәжбүрлеген жігіттің өкініштен өзегі өртенді

  • Әйелін аборт жасауға мәжбүрлеген жігіттің өкініштен өзегі өртенді

    Әйелін аборт жасауға мәжбүрлеген жігіттің өкініштен өзегі өртенді

 Бүгін ол кабинетінде ұзақ отырды. Көңілі құлазып, өзін жайсыз сезінді. Әдеттегідей орындығында отырып алдындағы қағаздарға емес, бұлтты аспанға ұзақ қарады. Кенет телефоны шырылдады. Мойнын бұрып жақтырмаған кейіппен телефон экранына қарап еді, ескі досы екен. Өңі жадырап сала берді:


– Алло, иә. Қалайсың? Жоқ, алмадым. Саған ба? Барғым келеді. Тоқта, ойланып көрейін.

Тұтқаны қойды да күнтізбеге қарады: Жаңа жоба дүйсенбі күні басталады. Бүгін бейсенбі. Барам!

Хатшысынан барлық кездесулерін кейінге қалдырып, тез арада ұшаққа билет алуын сұрады.

Үйіне келіп жолға дайындалды. Ұшаққа әлі үш сағат бар болатын. Толассыз жауған жаңбырдан жаурап өзге бөлмеден үстіне жамылғы алайын деп кіріп еді, көзі үстел үстінде тұрған «Құран» деген жазуы бар үлкен кітапқа түсті. Бірнеше жыл бұрын досы сыйлаған болатын. Кітапты алды да, бір бетін аша салып ішіндегі жазуларға көз жүгіртті:

«Адамдар (өзгелерге) жамандықты (өздеріне) жақсылық тілегендей тілейді. Адам (табиғатынан) өте асығыс».

Иә. Солай. Инженерді ұнатпай жұмыстан шығарып жібердім. Қызық…Мен де сондаймын. Үнемі асығып жүрем. Құдайым-ау, мына жерде дәл жазылған ғой! – деді де ары қарай тағы оқыды:

«Раббың саған Өзінен басқа ешкімге құлшылық етпеуді және ата-анамен жақсы қарым-қатынаста болуды бұйырды».

Анам…Оны көрмегеніме неше уақыт болды? – деп балалық шағы, анасының еркелеткені, мектепке апарғаны, бәрі-бәрі көз алдына келді.

Құранды ары қарай парақтап:

«Сендердің Раббыларың көкіректеріңдегі құпия мен жақсылықтарыңды біледі. Тәубе етушілерді кешіреді» деген жолдарды оқыды.

Иә. Мен өкінем. Өкінем… Анамды өз үйіме әкеліп алам. Ол жалғыз ғой. Қалайша мен тасжүрек болдым?

Сосын:

«Кедейліктен қорқып өз балдарыңды өлтірмеңдер. Сендердің ризықтарыңды Біз береміз. Адам өлтіру – үлкен күнә» деген аятты оқып диванға отыра кетті. Қолдары дірілдеп тұр. Өткен күндер көз алдына оралды:

– Өтінем сенен, ойланшы, мүмкін баланы дүниеге алып келермін? Сен ұлды қалап едің ғой?

– Мен талап етем. Сен – аурусың. Босануға болмайды.

Ол тыңдамады.

Әйелі көз жасына тұншығып:

– Мен оны өлтіре алмаймын, – деді.

– Біздің қазір жағдайымыз жоқ. Емделуіңе де қаражат керек. Жұмысым да жоқ. Оны асырай алмаймыз ғой. Абортқа біреуден ақша таптым.

Осыдан кейін әйелі бір ай тіл қатпады. Бір күні жұмыстан келгенде өз төсегінде қимылсыз жатқанын көрді…

Одан әрі оқи алмады. Өкініштен өзегі өртеніп жылап жіберді. Әттең-ай, сол күндерді қайтара алсамшы! Кешірші мені Аллам! Кешірші! Кешірші, кешірші… Неткен көрсоқырмын? Мен сияқтыларды адам деп айтуға да болмайтын шығар. Не деген ақымақ едім?! Осы күнге дейін қалай өмір сүріп келдім? Жоқ! Болмайды! Бұлай өмір сүруге болмайды!


 


 


 




Көрілген: 2066    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 28.09.2017, 18:25

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қыркүйек, 09:26
Қыз күнінде бәрі жақсы...
15 Қыркүйек, 10:29
Енем мені менсінбейді
7 Қыркүйек, 10:48
Мұғаліміме ғашықпын...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30