Отбасы - ошақ қасы

Айналып келгенде әйел кінәлі...

  • Айналып келгенде әйел кінәлі...

    Айналып келгенде әйел кінәлі...

Мен бүгін көпшілікке сабақ болар деген ниетпен таныс әйелдің басынан өткен жағдайды бөліскелі отырмын. Айналып келгенде әйел кінәлі...ені дұрыс түсінулеріңізді өтінемін.




Бір таныс қыз тұрмысқы шығып, бірнеше балалы болған соң әбіржіп кетті, шашын да тарауға уақыты болмай, бұрынғы қыз кезіндегі сылаңдаған күндері артта қалды. Тұрмысқа шықпай тұрғанда тәп-тәуір жұмысы болған, өз тапқаны өзіне жететін, не кигісі келсе, соны киеді, барғысы келген жерге барады. Ал тұрмысқа шыққалы күйеуінің табысына ғана қарап қалды. Күйеуі жап-жақсы ақша табады, бірақ отбасына көңіл бөлуге уақыт таба алмайтын. Екінші баласы туылған соң тіпті әйеліне назар аударуды қойыпты. Келіншек күйеуінің басқа қыз-келіншектерге көз қырын салатынын естіп жүрді.


Бірде келіншек күйеуінің әрекеттеріне ыза болып, өзі де жұмысқа шықпақшы болды. Балаларын балабақшаға берудің ыңғайы болмаған соң таныстары арқылы үйге бала күтушісін алды. Бала күтушісі күні кеше мектеп бітірген жас қыз екен. Соған екі баласын сеніп тапсырып, жұмысқа шыққан келіншек өзіне көңіл бөліп, бет-әлпетін, шашын ретке келтірді, тіпті жұмыстан кейін фитнеске де уақыт табуға тырысты.


Күйеуі әйелінің өзі үшін тырысып жүргенін елеген де жоқ. Қайта балаларды тастап, жұмысқа шыққанын жақтырмай қалды.


Бала күтуші жас қыз балаға өз анасындай бола алсын ба, балалардың мазасы кетті, күтушіден таяқ жейтін. Әкелері мен аналары өз жұмыстарымен әуре.


Бірде келіншек мазасы болмаған соң түскі уақытта үйіне келіп, күйеуі мен бала күтушісінің үстінен түседі. Осыдан кейін өзі шытынап тұрған отбасының быт-шыты шықты. Сондағы күйеуінің айтқаны: "Жұмысқа шығып нең бар, үйге бала күтушісін неге аласың, өзің кінәлісің, балаларды қарап үйде отырмадың ба?" депті. Әйтеуір айналып келгенде әйел кінәлі... 




Көрілген: 3360    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.08.2018, 16:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31