Балаларым үшін бомжға айналған күйеуімді кешіруім керек пе?

Балаларым үшін бомжға айналған күйеуімді кешіруім керек пе?

Жас емеспін, екі немерем бар әжемін. Нақтырақ айтқанда, жасым қазір 47-де. Үш ұлдың анасымын. Екі ұлым үйленген. Кішім – студент. Байқап отырған шығарсыздар, жекеше түрде жазып отырмын, яғни күйеуім жоқ. Иә, мына өмірде ол бар. Бірақ мені осыдан 4-5 жыл бұрын тастап, басқа әйелге кетіп қалған. Қадірменді оқырман сіздермен бөліскелі отырған әңгімем сол бұрынғы күйеуіме қатысты.

…Айрандай ұйып отырған отбасы едік. Көп көшімен бізде Алматыға ауылдан келдік. Келген бойда қарап отырмай, бірден «Сарыарқа» базарында әк саттық. Әктің тасы бар, суға жібітілгені бар, әйтеуір таңның атысы, күннің батысы күйеуіміз екеуміз күн көрістің қамымен шаршағанымызды да білмеппіз ғой. Ұлдарымыз, мақтанғаным емес, ақылды. Біз үйде жоқта «бірін бірі бағып», бізді еш алаңдатпайтын. Бірде үйге туысқанымыз келіп, «әке-шешелерің үй көрмейді, сендерге кім қарайды осы?» деген ғой, сөйтсе ортаншы ұлым «біз бір-бірімізді бағамыз» деген екен. Содан ұлымның бұл жауабы туысқандар арасында анекдот болып кеткен-ді.

Сауда жаман болмады, әйтеуір тапқанымыз күн көрісімізге, пәтерақы төлеуге жетіп, тіпті артылып жатты. Ақша жинап, «Жетігеннен» жер сатып алдық. Тауарларымыздың түрі де, саны да жылдан-жылға артып, тек әк емес, құрылыс материалдарының жеті атасын сататын халге жеттік. Күйеуіме көлік сатып алдық. Сол көлікке мінгеннен кейін күйеуім өзгере бастады. Мені базарға әкеп тастайды да, өзі «таксовать» етеді-міс. Көлік екі күннің бірінде бұзылады. 30, 50, 80 мыңға дейін «жөндетеді» кейде. Ақшада береке болмай кетті. Алған жерімізге үйдің іргетасын ғана құйып қойған едік, қабырғасын көтере алмай, оны айтасыздар кейде тамаққа ақша таппай қалатын болдық. Ұлдарым студент, оларды оқытып жаттық. Күйеуім «Қапшағайға, кейде тағы бір қала маңындағы ауылдарға клинет апарып», көлігі сол жақта жиі-жиі «бұзылып» қалатынды шығарды. Ішім бірдеңені сезе бастады. «Осының біреуі пайда болған-ау шамасы» деген ойым рас болып шықты.

Айтпақшы, мен кейде базарға күйеуімді қалдырып, бір-екі сағатқа бір жаққа кетіп қалсам тауарлар азайып қалады. Ақшасын сұрасам «ештеңе сатқан жоқпын» деп, тіпті өзіме айқайды салады. «Сезікті бірінші секіреді» деген рас екен ғой. Алайда алғашқы кездері оны жамандыққа қимай жүрдім. «Қателескен шығармын мүмкін» деймін де қоямын. Бірде оның ұрлығының куәсі болдым. «Несие төлеуге банкке барып келейін» деп кетіп бара жатқан едім, орта жолда жеке куәлігімді ұмытып кеткенім есіме түсті. Базар жаққа қайтып келе жатсам, күйеуім көлігінің жүк салатын жағына асығыс-үсігіс бірдеңелерді тықпалап жатыр. Жерде эмульсия құйылған екі шелек тұр. Оның өзінде де қымбат эмульсялар. Қасына жетіп келсем, жүк салатын жері толған біз сатып отырған тауарлар. «Мұның не?» дедім түк түсінбей. Сол-ақ екен, өзінен өзі ашуланып, әлгі тауарларды лақтырып, «Не өлдің бе ақшадан?! Мә, мә!» деп көшеде жұрттың көзінше аюша ақырмасы бар ма.

Қысқасы, жасырып жүрген құпиясы ашылды. Мен ойлағандай ашынасы бар болып шықты. Менің қатты қорланғаным, ол оны «сүйетінін» ашық айтты. Есінен адасардай ғашық болып қалған ба деп ойладым. Үйдегіні соған таситынын жария қылғанда беті бүлк етпеді. Не деген арсыздық! Бала-шағасының аузынан жырып келгенінде еш әбестік жоқтай айтып тұрғанда өз күйеуімді өзім танымай қалдым.

Сонымен не керек, жаз айында киімдерін жинап үйден кетіп қалды. Жыладым, жалындам, «ойлан, балаларың бар ғой, мен кешірдім сені» дедім. Сөйтсем, «сенің кешіргеніңді қажет етіп тұрған кім бар?» деп мырс еткені. Басым дыңылдап, көзімнің алды қарауытып кетті. Кеше ғана, «жаным, күнім» деп мені аялап отырған күйеуім бұл менің.

Оның ашынасының кім екені белгілі болды. Қарындасының құрбысы екен. «Қазақтелекомда» оператор болып жұмыс істейтін сол кезде, қазір кім біледі? Оның жұмыс істейтін жерін тауып алып, ортаншы ұлым бірде оны балағаттап кетіпті. Оны мен қайдан білейін, өзім күйзеліске ұшырап, бүк түсіп жаттым күні-түні. Ашынасы «түймедейді түйедей етіп» жеткізсе керек, көлігімен шаңды құйындатып келіп әкесі ұлын оңдырмай сабап кетті. Тіпті араша түскен мені де аямады. Әкесінің бұл істегеніне ұлым қатты қиналды. Үсті-басым көк ала қойдай бір ай жаттым. Күйеуім бізді мүлде ұмытып кетті, сол бір айда бір хабарласпады. Көліктің біраз ақшасын төлеп, қалғанын несие алған едім мен, өз атыма. Соны төлейтін кез келгенде банк хабарласты. Ал менде ақша жоқ. Амал қане, күйеуіме телефон шалдым. «Тойдың қызығын түйе сойғанда көресің». Ана жолғыдай көліктің бүкіл газын басып, жетіп келіпті.

– Сен неге маған телефон шаласың, а?! Неге маған несие төле дейсің сен?! Мен де сол базарда неше жыл сауда жасадым ғой! Осы көлікті мінуге құқым жоқ па?! Ендігәрі несие төле деуші болма, ұқтың ба?! – деп, жұдырығын ала жүгіріп келгенде, қатты қорқып кеттім. Тілім күрмеліп сөйлей қалдым. Бір кезде жылап жіберіп:

– Неге осынша өзгеріп, кеттің? Мұндай емес едің ғой. Жиырма жыл бірге тұрдық. Тіпті ұсақ-түйек болмаса, екеуміз араздасып көрген емес едік. Райыңнан қайт, несиесі құрып кетсін. Қайтшы үйге, – деп еңіреген бойда жерге отыра кеттім. Мені естімеген адам сияқты көлігіне отырып, әдетінше газын бассын кеп. Жүгіріп көліктің есігіне жармасқан едім, тіпті жазым болып қала ма деп артына қарайламады да, бірнеше метр жерге дейін сүйретіліп, бүкіл денем сырылып, ол жарақатыммен тағы жаттым. Бірақ осы жолғы қатыгездігі менің оған деген көзқарасымды бір жола өзгертті. Сол сәттен бастап, есімді жидым. Күйзелістен шығып, қайтып жұмысыма оралдым. «Ол жақсы көруге, сыйлауға, тіпті ойлауға да лайық адам емес» деп түйдім.

Уақыт емші. Бәрі орнына келді. Саудам да дұрысталды. Үй соғып алдық. Қазір сонда тұрып жатырмыз.

Ал күйеуіме келсем, оның тағдыры тозаққа айналды. Әлгі ашынасы бір жылдан кейін үйінен қуып жіберіпті. Негізі күйеуімнің онша жұмыс істегісі жоқ, жалқау. Менің сүйреуіммен әйтеуір қасымда жүретін. Оның үстіне араққа кет әрі емес. Негізі әке-шешесі алкоголизмге шалдыққан жандар еді. Ол да бір ауру. Кейін қартайғанда ғана қойды. Мен келін болып түскен жылдары бір жәшік арақ сатып алып, сол біткенше ішетін. Тұқым қуалайтын бұл жаман дерт күйеуімді сырт айналмады. Менің «ішпеші-ішпеші» деп, өлердегі сөзімді айтып, қатты қадағалауымның арқасында салынып кетпей жүрді. «Көлік сатып алайық» деп бірінші болып айтқан мен едім. Ондағы ойым: арақты аз ішер дегенім. Солай болды да.

Енді екі-үш жылдан бері аузы бір құрғамай, бір ауыз сөзбен айтсам, бұрынғы күйеуім қазір «бомж» болып кеткен. Бауырлары жатқан жерінен тауып алып үйлеріне апарады екен, бірақ ондай ақша таппайтын, ол аздай ішкіш масыл адам кімге керек, көп ұзамай қуып жіберетін сияқты.

Негізі, ол кеткен кезден кейін бізде барлығы бір қалыпты болды деп айта алмаймын, қатты қиналдық. Әсіресе, үлкен ұлым бір құрылыста жұмыс жүріп туберкулез жұқтырып алғанда не көрмедім..? Бір жыл төсек тартып жатып қалды, ауыр ота жасалды, яғни жарты өкпесін алып тастады. Бәрінің басы-қасында менің анам, туысқандарым жүрді. Солардың арқасында ғана бұл қиындықты жеңдік. Ал әкесі бір хабарласпады. Ортаншы ұлым абайсызда адам қағып кетіп, ол бір бейнет болды. Бірақ аз-маз жарақат алғаны болмаса, әлгі адам дін аман. Бірақ ол пендешілікке салынып, атасының құнын сұрады. Ол кезде де баяғы туысқандарым қол ұшын берді. «Құдай бір айналдырса, шыр айналдырады» деген осы. «Құдай қиындықты көтере алатын адамға ғана береді. Қызым сабырлы бол», деп демеу көрсеткен анам бір сәт қасымнан кетпеді. Осындай анамның болғаны қандай бақыт! Енді ғана шығар, есімді жиғаным.

Сонымен не айтқалы отырмын дейсіздер ғой? Өткенде енем іздеп келіпті.

– Қандай болса да, балаларыңның әкесі. 20 жыл отасқан күйеуің. Кіргіз үйіңе. Адам қыл қайтадан. Әйтпесе, бір күні қаңғыбастардың қасында жатып өліп кетер. Обал емес пе? – дейді.

Ал балаларымның әбден көңілі қалған. Мен де кешіре алмайтын сияқтымын. Басым қатып кетті. Не істесем екен, тіпті білмеймін...

Гүлсара, Алматы

alashainasy.kz/
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста