Отбасы - ошақ қасы

Балаларын бөліп алмақ болған жұп

  • Балаларын бөліп алмақ болған жұп

    Балаларын бөліп алмақ болған жұп

 - Ажырасамын!

- Ажырасасың?

- Ия ажырасамын, сенімен бір күн де тұра алмаймын.

- Бопты, мейлі, ажырассақ ажырасайық, не ажырасамын десең маған жалынады деп ойладыңба, ешқашан!

- Жүр ендеше, бүгін-ақ арыз береміз.

- Жүр, менің де сенімен өмір сүруге көзім ұшып тұрғаны жоқ, ажырассаң ажыраса береміз...

****

Ерлі-зайыпты жанжалдасып, ашу үстінде бір-бірімен ажырасуға бел байлап, некені бекер қылу үшін жеделдетіп сотқа асығып жатқанда, оларды бір қолында қуыршақтың басы жəне екіншісінде қолдары үзіп алынған хəлде есік алдында күтіп тұрған ұлын көріп қалды.

- Ұлым, бұл жерде не істеп тұрсың?- деп сұрады анасы.

- Анашым, мына басты сіз алыңыз, Əкешім, мына қолдарды болса сіз алыңыз.

- Неге бұлай дейсің ұлым?- деп, таң қалып сұрады əкесі.

- Сіздер ажырассаңыздар, менің де басымды, қолдарымды, аяқтарымды осы қуыршақ сияқты үзіп алып, өздеріңіз теңдей бөліп алыңыздар.

Бұл əңгімеден соң ата-ананың жүректері қарс айрылып, бір-біріне қарап алып, екеуі бірдей сұрады:

- Не үшін мұндай қылдың ұлым?

Екеуі де қолдарындағы қуыршақтың бөліктеріне қарап.

- Мен екеуіңізді де жақсы көремін, сіздер бөлек тұрмақшысыздар, мен болсам жалғызбын, мені бөліп алсаңыздар, екеуіңізбен де өмір сүре аламын.

Ата-ана ұлының сөздерінен соң жүректері езіліп, көздерінен жас қалқыды. Екеуі де перзентін құшақтап, одан кешірім сұрады.

- Бізді кешір ұлым, өзімізді ойлаппызда, сені болса еш ойламаппыз, барыңа шүкір, сені ешқашан ажыратпаймыз, бірге өмір сүреміз, ажыраспаймыз, солайма анасы?

- Дəл солай əкесі,- деп, ата-ана ұлының екі желкесіне бастарын қойып, көз жастарын сүртті.

- Бағымызға сен барсың ұлым, сен анаң екеуміздің əрдайым байланыстырып тұратын алтын шынжырымызсың, барыңа шүкір! Тура жол көрсеткеніңе шүкір Аллаһым!


Бір іс қылмақшы болғанымызда өзімізді ғана ойлау жақсы емес, жанымыздағылардың да көңілін ауыртпауға тырысайық, құрметтілерім!


 




Көрілген: 1154    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 19.03.2017, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 19:26
    Кек қуған әйел (оқиға)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31