Отбасы - ошақ қасы

Балалы әйелмен бас қосқаныма өкінбеймін...

  • © 123rf.com

    © 123rf.com

Мектеп бітіріп, оқуға түскеннен үйлену туралы қадамға баруға асыққаным жоқ. Соңғы курстарда жүргенде кәрі шешем үйлену керектігін ара-тұра қаперге салып отыратын. Жастық көңілмен бе үйлену туралы жоспарды кейінге шегере бердім. Кейін оқу бітірген соң жұмысқа орналасып, күнделікті шаруа бастан асып жатты. Әкеден ерте қалған мені тезірек үйлендіру шешемнің арманы-тұғын. Араласатын қыздар көп болғанымен олардың арасынан болашақ жар таңдау мен үшін қиынның қиыны еді. Көңіл қалайтын ешқайсысы болмағандықтан мен отбасын құруға қадам баспадым.


Осылайша салт бастылықпен жұмыс деп жүргенде қалайша отызға келгенімді білмей қалдым. Оқу бітіргеннен бері он жылға жуық уақыт көзді ашып жұмғанша зу етіп өтіп шықты. Шешем ғана емес, енді өзім де үйлену керектігін түсінгендеймін. Үйдегі шаруаға әйел затының ауадай қажеттігі сезіле бастағанын түсіндім. Алайда көңіліме жақын нәзік жанды кезікпеді. Дос-жарандар таныстырған қыз-қырқынның көбісін жақтырмадым. Кейбіріне лайық емеспін деп бас тарттым. «Тақиялы періштедегідей» жар іздеу науқаны қызу жүргенімен отыздағы маған әйел боларлық қыз жолыға қоймады.


Бұл уақытқа дейін қызметте абыройлы бола жүріп, сатылап өсе бастаған болатынмын. Басқарманың ішіндегі бөлім жетекшісі деген лауазым маған жүктелген.


Бірде біздің ұжым жаңа жылды жақсылап тұрып тойлады. Ішімдік, мол дастархан басында небір тілектер айтылып, арасында би билеп отырыс қыза түскен. Жұмыста белгілі шеңберден шықпайтын қыздар атаулы бұл жолы мен көргеннен тым басқа. Билей жүріп арбайтындай. Ойындар ойналды. Мен вальс билегенде, кейін ойын ойнағанда Мәдина есімді жұмыстағы есепші қызбен қайта-қайта жолым түйісе берді. Бұрын байқамағанмын ба, сымбаты мен көркі бір жігіттің көңілін аударатындай екен. Жабысып билегенін жек көргенім жоқ. Банкет кезінде асыра сілтеп жібердім бе әлде көңіл соңы қалады ма оны қала шетіндегі үйіне шығарып салуды міндетіме баладым. Жұмыста көп сөйлесе бермейтінбіз. Байқасам, жап-жақсы қыз екен. Анығында келіншек. Мәдинаны бұрын тұрмыста болып, ажырасқанын сырттай білетінмін. Бірақ, не үшін, қалай екеніне қызығушылық танытқан емеспін. Баласы барын айтатын.


Өткен-кеткенді әңгімелеген болып соңында өзіміз жайлы сөйлесіп бардық. Қала шетіндегі көп қабатты үйлердің жоғарғы қабатындағы пәтері шап-шағын екен. Екі бөлмелі үйде қызы екеуі ғана тұрады. Сонау алыстан келген соң қазақылыққа жат деп үйінен ас ауыз тиіп кетуімді өтінген. Мен қарсы бола алмадым...


Сол күні мен алғаш рет бөтен әйелдің үйінде түнедім. Ертесінде бойымды ыңғайсыздық билеп, «осыным дұрыс болды ма?» деген ойдың толғауынан ажырай алсамшы. Жұмыста кездескенде Мәдина бұрынғыдай қараған жоқ. Мені таң қалдырғаны, қалтарыста кездесіп қалғанда бетімнен сүйіп амандасқаны тіпті «есеңгіретіп» жіберді. Менің жасырын махаббатым осылай басталған. Жұмыста ешкімге білдірмеген болып жиі кездесе бастадық. Ашығын айтқанда, салт басты мен оның үйінде жиі қонып қалатын әдет таптым. Бірақ менің мұндай қадамым жұмыста әңгіме бола бастағанын сезіп жүрдім. Мәдина да сыр алдырмай жүрді.


Бірде Мәдина кезекті еңбек демалысын алып, Оралдағы ата-анасына кетіп қалды. Жұмысқа келген сайын оны іздейтінімді байқадым. Кешке үйге келгенде жаным құлазып, көңілсіздік торлап алып үнсіз төбеге тесіле қараумен уақыт өткіздім. Бір ай бойы оны көрмеу мен үшін жапан далада жалғыз өмір сүрумен тең болды. Сол сәтте мен оған қатты бауыр басып, жақсы көретінімді сездім. Қайта оралып, біздер қайта табыстық. Менің оған жиі баруым ұнайтын. Бірде мен оған бар сырымды жайып салдым. Үйленгім келетінін айтқанда ол мұнымен келіспеді. Келісер ме еді, тек менің туыстарым қарсы болады деп қашқақтады. Райымнан қайтпадым. Үнемі оның жанында болуға тырысамын. Расын айтқанда, біз бұл уақытта бірге тұратынбыз. Тек енді үйлену туралы әңгімені үйдегілерге айту ғана қалды...


Шешем мұнымды естім аң-таң болды. Туыстарымыз «Қыз құрып қалды ма?» деп кейіді. Ағаларым «алма!» деп жолымды кес-кестеді. Әпкем ұрысып берді. Шешем ақыл айтты. Лажсыздық танытқаныммен алған беттен қайтпайтынымды кесіп айттым. Шешем ғана үнсіз келісті. Қалғандары...


Біз қаңтардың аязды күндерінде мәңгілікке қосылдық. Той жасаудың қажетсіздігін айтып, шағын ғана отырыс болды. Құдалар емен-жарқын қауқылдасып әңгіме айтпаса да өзара жоралғыларын жасасып қоштасты. Ағайындар маған наразы еді. Ал мен қаладағы несиелік пәтеріме Мәдинаны Айша есімді қызымен қолыма көшіріп әкелдім.


Содан бері бес жыл уақыт өтті. Кей-кейде ренжісіп қалғанымыз болмаса ынтымағы жарасқан отбасымыз деуге болады. Үйленгеннен кейін араға жыл салып Мәдина Нұрлыайым есімді қызды өмірге әкелген. Сосын Бектас есімді ұлымды туды. Қарсы болған туыстардың да өкпесі тарағандай. Бірақ арада бәрібір көзге қатты байқала бермейтін салқындық бар.


Жас шағымда небір сылқымдармен қол ұстасып айлы түндерде көше кезгенмін. Бірақ тағдырдың балалы келіншекпен қосқанына өкпем жоқ. Бір сөзбен айтқанда балалы әйел менің бақытты болуыма жол ашты. Расы осы. Тек кейбір туыстарым әлі күнге осы қадамға барғаным үшін маған қырын қарап жүр.


Автор: Жексен Нұрбақшин, Жезқазған қаласы

alashainasy.kz 




Көрілген: 2131    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 08.11.2017, 10:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 09:26
    Қыз күнінде бәрі жақсы...
    15 Қыркүйек, 10:29
    Енем мені менсінбейді
    7 Қыркүйек, 10:48
    Мұғаліміме ғашықпын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30