Отбасы - ошақ қасы

Балалы-шағалы көршім көңілдесімен сайран салып жүр

  • Балалы-шағалы көршім көңілдесімен сайран салып жүр

    Балалы-шағалы көршім көңілдесімен сайран салып жүр

 Сәлеметсіздер ме ханымдар! Мені мазалап жүрген көршімнің мәселесі. Алыстағы ағайыннан көршің жақын демекші, біз де көршімен жақсы араласып, "аға, апа" деп сыйласып өмір сүріп жатырмыз. Қонақ келсе, бір-бірімізге көмектесіп жүреміз.


Бір күні апамыз төркініне қыдырып кетіп қалды. Ертесіне терезенің алдында телефонмен сөйлесіп тұрсам, ағам басқа әйелмен өз үйінен шығып, машинаға мініп кеткенін көріп қалдым. Ешқандай жаман ой ойлаған жоқпын. Бірақ бір күні ВК әлеуметтік желісінен аға мен әлгі әйелдің көп жерде бірге түскен суреттерін, үнемі қыдырып жүретіндерін байқадым. Екеуінің бір-біріне бұрпыннан жақын екені белгілі, тіпті араларында қыздары да бар екен. Мен мұны 1 жыл бұрын көрдім. Апаға айтайын десем, 3 баласын ойлаймын, менің кесірімнен ажырасып кете ме деп қорқамын. Бірақ көрші әйелдің ойында түкте жоқ күйеуіне имандай сеніп жүргенін көргенде жүрегім ауырады. 


Көрші апамыз әлеуметтік желіні мүлде қолданбайды. .Сондықтан болар күйеуі де көңілдесі де екеуінің бірге түскен суреттерін еш қымсынбастан жариялай береді. Мен өзім еркектердің мұндай әрекеттеріне жыным келеді. 


Жақында көрші апамен аздап ренжісіп қалдым. Баласы менің қызымды ұрып жіберіпті. Сол үшін баласына ескерту жасасам, шешесі арасына түсіп, маған дауыс көртеріп, айтпағаны жоқ. Сол кезде ашуға бой алдырып тұрып, күйеуінің көңілдесі бар екенін айтып салғым келді. Бірақ өзімді өзім әреңі ұстадым. Менің қызымнан бірнеше жас үлкен баласының бұзықтығын тыюдың орнына маған тап бергеніне жыным келді. Осы жағдай бірнеше рет қайталданды.  Бірақ мен ештене айта алмай, тілімді тістеп қаламын. Сіздер қалай ойлайсыздар, көршіме шындықты айтқаным дұрыс па? 


Аноним 


 




Көрілген: 3974    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.04.2018, 10:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»
    9 Сәуір, 14:44
    Күйеуім суып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31