Отбасы - ошақ қасы

«Балам деп жүргенім өзгенің баласы екен» – көрші жігіттің трагедиясы

  • © 24tv.ua

    © 24tv.ua

Жұмыстан келіп кешкі асқа отырғаным сол еді, есік қағылып көрші пәтерде тұратын Шалқар кіріп келді. Өзі қызу секілді. Жылаған ба, білмедім, көзі қызарып, жасаурап тұр. Қолында бір шөлмек арақ. Дастарханға шақырдық.


Ол бірден: – «аға, ішейікші, ішім жанып барады» деді.


«Не болып қалды? Жайшылық па?» деп таңдана оның бетіне қарадым. Шай құйып отырған әйелім де біртүрлі болып қалды.


– «Аға сіз сұрамаңыз. Қайдан жайшылық болсын. Басым айналып жүрегім ауырып барады. Шыдай алар емеспін», деп Шалқар өксіп жіберді.


Не болды, бауырым?


– «Келін мен ұл аман ба? Ауыл жақтан жайсыз хабар келген жоқ па?», деп сұрап жатырмын.


– Жағдайым қиын аға, деді Шалқар. – Бір рет алып жіберейікші, сосын бәрін айтамын. Сізге сол шер тарқату үшін келдім.


Стаканға арағын өзі толтырып алып, тартып жіберді. Көзінің жасын жеңімен сүртіп, іштегі шерін сыртқа шығарды.

– Биыл мүшелге толып отырған ұлым Нұрдәулет өз балам болмай шықты. Бұдан артық трагедия бола ма? Сонау презентханадан шыққаннан бүгінге дейін «ұлым» деп өбектеп келіп едім. Артымда шаңырағымды құлатпайтын ұлым бар деп жүруші едім. Амал қанша, ол ұл менің кіндігімнен жаралмапты. Ойнастан пайда болған бала екен. Кеше Нұрдәулет аулада ойнап жүріп, бір баланы бір-екі рет түртіп жіберіпті. Содан ұлын жетелеп шешесі келіп айқайға басты. «Бала ғой енді, кешіріңіз» десем, көкбет қатынның маған арс ете түскені. «Әй, сорлы, баланың арасына сен неге түсесің, импотент. Бұл баланың әкесі сен емессің. Бұның әкесі бандит. Сол бандит әкесіне тартқан. Бүкіл ауладағы балалар осыдан әбден қорлық көріп жүр. Бейшара, сенде қайдағы бала. Түріне қара баланың, кімге ұқсайтынын. Бүкіл жұрт біледі, әйелің мұны өзгемен жатып туып алған. Бұған дейін білмесең, енді біл! Көршілердің бәрі біледі. Сен жоқ кезде әйеліңнің ойнасы келіп, алып кетіп ойнатып, дүкендерге апарып, сен алып бере алмайтын киімдерді кигіздіріп жүргенін. Ал сен болсаң, «өз ұлым, өмірімнің жалғасы» деп жүрсің. Атаңның басы! Әйеліңнен сұра, балаңнан сұра, шынын айтар, бәлкім», деп тепсінген әйел ауыр сөздерді айтып үйден шығып кетті.


Есеңгіреп қалдым. Ашумен айтылған сөз шығар деп ойладым. Біраздан соң, сабағын оқып отырған ұлымның жанына барып, зер салып қарадым. Маған еш ұқсамайтынын байқадым. Әйелім: «папасынан аумай қалған» деп отырушы еді. Мені алдаусыратқан жай сөз екен. Алдымда мүлдем басқа бала отырғандай көрінді. «Үстіңдегі қымбат киімдерді кім алып беріп жүр» деп ұлымнан сыр тартып сұрап едім, ол «Дастан деген бір аға кейде алып беріп тұрады. Үйірмелерге қатысатын ақшаны да сол аға беріп жүр. Мамам айтады. Ол кісі біздің туыс», деді ұлым.


Не дерімді білмедім. Кешке әйелім жұмыстан келген кезде оңаша отырып көрші әйелдің айтқанын алдына жайып салдым. «Тек шыныңды айтшы, ренжімеймін», дедім.


Әйелім жылап жіберді. Мойындады.


«Шаңырақ құрған соң өзің білесің, үш-төрт жыл баласыз жүрдік. Дәрігерлерге барып қаралып едім, кінә сенен емес, күйеуіңнен. Оның ұрықтары өлі деді. Оны саған айтып, жүрегіңді жаралағым келмеді. Бала тумадың деп мені тастап өзгеге кетіп қала ма деп қорықтым. Бірде мектепте жүрген дос бала кездесіп қалды. Алғашқы махаббатым еді. Ойлана келе сонымен жатып, бір бала туғым келді. Ондағы ойым сен ұрпақсыз қалмасын дегенім. Осы Нұрдәулет дүниеге келді. Одан кейін де ол жігітпен кездесіп, тағы да балалар туып алуға болар еді. Бірақ арым жібермеді. Күнәға бата бергім келмеді. Одан кейін ол жігітке жолаған жоқпын. Рас, кейде ол Нұрдәулетке ақша ұстатып, киім алып беріп кетеді. Ұлым бұл кісі «кім?» деп сұраған соң, «бір туыс ағай ғой» дей салғанмын. Бары осы. Бұл қадамға сен ұрпақсыз өтіп бара жатырмын деп өмір бойы өкінішпен өтпесін деген ниетпен барған едім. Сен білмей-ақ қойсын деп едім. Олай болмады. Өлтірсең де, ажырасып кетсең де, өзің біл! Сен ұрпақсыз қалмасын деп осындай қадамға бардым. Кешір», деп әйелім көз жасын төгіп отырып бар шындықты жайып салды.


Не дейін? Өзім де жылап жібердім.


Өмірі әйелге қол көтермеген адам едім. Боқтаған да жоқпын, ұрған да жоқпын. Содан сізге келіп отырмын. Ішімді күйік жайлап барады. Шыдай алар емеспін. Не істеймін, айтыңызшы?


Әйелім мен баламды тастап безіп кетейін бе, әлде түк болмағандай болып жүре берейін бе? Не істеймін?», – деп бар сырын жайып салған Шалқар арақты тағы толтыра құйып, тағы бір тартып жіберді.


Түсініп отырмын. Оңай емес. Іштегі күйікті арақпен басқысы келеді. Басқа жол жоқ. Мен не айтарымды білмедім. Өйткені бұл жерде «мынау дұрыс, анау қате» деп көсемсудің қажеті шамалы болатын.


Сіз не айтар едіңіз оқырман. Қандай кеңес бересіз? 


365info.kz




Көрілген: 2425    Пікірлер: 2
Пікірлерді оқу (2) preloader

бейсенбі, 23.11.2017, 10:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан 2017
    Кек қуған әйел (оқиға)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31