Баланың киесі ұрады

Баланың киесі ұрады

 Осыдан 5 жыл бұрын Айгүлмен ауруxанада таныстым. 5 жасар қызы эпилепсиямен ауырады екен. Бір палатада жатқан соң мұңдас, сырлас боп кеттік. Бірде Айгүл мұңайып отырып, басынан өткен оқиғасын баяндап берді:
"...Қайын сіңілім-өте әдемі. Ақыл бермесе, сол сұлулық қызға сор боп жабысады екен. Баяғыда оң жақ босағада отырып, жүкті боп қалып, ақыры перзентxанада босанып, баладан бас тартты. Бала сол перзентxанада қалды.
Уақыт өте келе ол біздің үйде тұрды. Өзіміз қалада үш бөлмелі үйде тұрамыз. Үш қызым бар. Айтпағым, жаңағы қайын сіңілім бір күні толысып бара жатқандай көрінді. Сезіктеніп қарап қоям. Өзі үндемеген соң сұрақтың астына ала қоймадым.
Уақыт зулап өте берді. Бір күні жаңағы қайын сіңілім ваннаға кіріп алып шықпай қойды. Күйеуім жұмыста еді. 2-3 сағат өтті, есікті тарсылдатсақ, "ішім ауырып отыр" деп ашар емес. Қорқа бастадым. Бір уақытта ашты-ау. Шошып кеттім. Ваннам қанға малынған, жер, қабырға-түгел қып-қызыл. Қабырғаға сүйеніп тұрған қайын сіңіліп боп-боз болып ваннаның ішін көрсетті. Жүгіріп барып қарасам, шарана қып-қызыл қанның ортасында жатыр. Ұл бала екен. Жалма-жан қолыма алдым. Тыныс алмайды... Баланы әдейі тұншықтырғанын, немесе қиналып босанғаннан өлді ме, ол жағы жұмбақ боп қалды. Сол кезде қандай күйде болғанымды айтып жеткізе алмаспын... Мен ұлға жете алмай жүргенде...
Бірақ ойлануға мұрша болмады. Мені құшақтап солқылдап жылаған қайын сіңілімді не жұбатарымды, не ұрсарымды білмедім. Көз жасын сүртіп тұрып ол: "Тәте, жалынам, ана баланы бірдеме қып далаға шығарып беріңізші" деп жалынды.
Ваннаны тазалап, күйеуім келгенде түк болмағандай отырдық, қайтейін.
Не керек, со күні баланы далаға шығара алмадық. Бір күн шарана ваннаның астында ораулы жатты.
Ертесі Қытайдың ала дорбасына орап, қайын сіңіліме далаға шығарып бердім. Оны қоқысқа тастағанын, не көмгенін-білмеймін. Сұрауға құлқым да болмады...
Күн артынан күн өтті. Қайын сіңілім бөлек шығып, өз күнін өзі көріп жатты.
Бір күні енем келіп, бізбен тұратынын айтты. Өзі зейнетте болса да, қасымыздағы базарда шемішке сатып, біздің бір жағымызға шығыспақ болды.
Бірақ соңғы кезде енем түнімен ұйықтамайтын болды, тіпті жынданып кетуге шақ қалды. Күнде айтатыны біреу "Таңғы Күнде 5-те өз-өзінен су ағады, кішкентай бала тәй-тәй басып жүреді, ұйықтап жатсам түртіп ойнайды" дейді.
Жасыратыны жоқ, бұл елес мені де мазалап жүрді. Ақыры біз үйді сатып, көшіп кеттік. Бірақ ол жерден кетіп, қанша уақыт өтсе де мойнымдағы ауыр жүк кетер емес. Түнде ұйықтап жатсам да, сәби түртіп оятатын сияқты. 5 жасар қызыма да эпилепсия ауруы жабысты. Баланың киесі ұрды ма екен, кім білсін... Бірақ қайын сіңілім түк болмағандай өмір сүруде. Ал мен не күйеуіме айта алмаймын, іштен тынып өлетін болдым... " деп жылап жіберді Айгүл.

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста