Отбасы - ошақ қасы

Байым мені «тексіз қатынсың» деп тепкілейді…

  • © agape-love.ru

    © agape-love.ru

Әлеуметтік желіде Албина деген қызылордалық келіншек мынадай жазба қалдырыпты. Жалпы, оның жазып отырғаны көптеген келіншектің басында бар жағдай секілді. Оқып, ой бөліссеңіз болады:


«Күйеуінен зәбір-қорлық көріп жүрген әйелдердің бірімін. Мен – оның екінші әйелімін. Ол менен 13 жас үлкен. Алғаш танысқанда


«Өмірде сенен асқан адам жоқ. Сен үшін өлуге бармын. Мен сені қалай сүйетінімді білмейсің ғой», деп жатып-жабысатын.


«Әйеліңізді сүймейсіз бе» дегенде, «Салпыетек сол қатынды қойшы. Оған қалай үйленгенімді білмеймін. Өмір бойы сүймеген адаммен бірге тұрғым келмейді», деп қол сілтеп түңіліп сөйлейтін.


«Бағыма сен кездестің. Енді өмірімді өзгертуім керек. Мен бақыттымын», деп ах ұратын.


Оның осындай балдан тәтті сөздеріне еріп, қалай беріліп қалғанымды білмей қалдым. Ол ажырасып, маған үйленді. Бастапқы екі-үш жылда бәрі жақсы болған секілді еді. Бірақ өте қызғаншақ екен. Айтыс-тартыс, қорлау сосын басталды. Өзінің жасы үлкендігін сездіргісі келе ме, зекіп сөйлейтінді шығарды.


«Ей, қатын шәйің даяр ма? Мына тамағыңды адам түгіл ит жемейді. Не пісіргенсің», деп тамақ толы тарелкені төңкере салады. Одан қалса, жер-жебіріме жеткізіп боқтайды.


«Тұқымыңда түк көрмеген қатынсың. Қонаққа қалай дастархан жасауды білмейсің. Пісірген тамағың анау. Балаға да тәрбие бере алмайсың. Не деген тексіз жерден шыққаңсың», деген сөздерді ести-ести зәрәзап болдым.


Мектепте мұғаліммін. Жалпы, мұғалімнің күні құрысын. Азаннан кешке дейін салақтап мектепте жүргенің. Одан қалса, мереке кездерінде балаларды бастап, қаладағы іс-шара өтетін жерге баруың керек. Мұның бәрі мектепте бұлжытпай орындалатын заң. Оны байым түсінбейді. Тіпті түсінгісі келсе де, «неге сен барасың. Неге өзге мұғалімдер бармайды. Шамасы біреуің бар ғой, еріп баратын» деп, немесе «неге мектептен кеш келесің, шамасы, кабинеттің есігін іштен жауып алып физкултирнік пе, әлде әскери сабақтан беретін жігітпен бе, ойнап күлетін шығарсың», деп сілікпемді шығарады.


Кейде түнде төсекте болып жатқанда, «мені емес, өзгені ойлап жатқан шығарсың. Шыныңды айт», деп тамағымнан қылқындыратыны бар.


Әбден шошымалы болып қалдым. Күйеуім қатты сөйлесе дірілдеп қалатын жағдайға жеттім. Қиын екен. Той-томалақ болса, киініп-сыланып өзі кетеді.


«Бірге шақырды ғой. Мен де барайын. Жұмыстан шаршап жүрмін. Кішкене серпіліп қалайын» десем, «Тойда иман іздейсің бе? Кіріңді жу, балаға қара. Той сенің не теңің», деп дүңк ете түседі.


Сүмірейіп үйде қала беремін. Баяғы «Менің бақытым сен. Өмір бойы аялап өтемін» дейтін тәтті сөздері жайына қалған. Мұндай адаммен өмір сүру қиын екен.


Бірінші әйелінің де онымен ың-жыңсыз ажырасып, үндемей кете барғанының себебі – оның осындай ит мінезінен екенін енді түсіндім.


Менің де бұл сұмырайдан кеткім келеді.


Өйткені жас өмірімді қор етіп, осындай сүмелек еркектің боқтығының, тепкісінің астында өткізгім келмейді. Қазір үлкен депрессияда жүрмін. Қайтсем екен?».


365info.kz

 




Көрілген: 1334    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.10.2018, 21:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31