Отбасы - ошақ қасы

Байымның көңілдестері өзімнің «подружкаларым» екен

  • Байымның көңілдестері өзімнің «подружкаларым» екен

    Байымның көңілдестері өзімнің «подружкаларым» екен

Күйеуім екеуіміз отасқалы жиырма жылБіреуден ілгерібіреуден кейін дегендейел қатарлы күн кештікӨмір болған соңмаңдайға жазғанның ащысын датұщысын да тарттық.


Бес перзент сүйдік. Күйеуім музыкант. Ауылдағы көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі. Мен мұғаліммін. Енді не арманың бар дейсіздер ғой?


Амал қанша, «жап-жақсы отбасымыз, өзгеге үлгіміз» дегеніммен соңғы кезде отбасымның тас-талқаны шықты. Күйеуімнің мені қорлап, көзіме көптен шөп салып жүргенін жаңа біліп отырмын. Бұдан ауыр нәрсе бола ма? «Сенген қойым сен болсаң» деп қазақ бекер айтпайды екен.



Сенген күйеуім мені алдап келіпті



Бәрін байқап жүрген балаларым көзімді ашпағанда, әлі күнге дейін дым сезбей жүре берер ме едім? Мейлі ғой, «еркек болған соң, еркекгігін істейді де» деп өзімді қанша жұбатпақ болсам да, табанға басылған намысым жібермейді.



Бәрінен де сорақысы сол, күйеуімнің төсектестерінің талайын танимын.



Көбі ауылдың «кәрі қыздары». Араларында байы бар келіншектер де бар. Кәрі қыздардың жүрісі түсінікті, ал күйеуі бар келіншектерге не жоқ? Бір жерлері жыбырлап бара жатса, айызын қандыратын күйеуі бар емес пе? Әлде менің байым «асыл тұқымды» ма, білмеймін.



Күйеуіммен төсектес болғандардың біразы үйде қонақ болып, қолымнан шай ішіп жүргендер.



Тіпті кейбіреулері жиі келіп кететіндер. Қатар отырып сериалдарды да талай көргенбіз. Бұл дегеннің «асыңды ішіп, аяғына түкірген» емей немене? Алғашында балаларыма сенбей, күйеуімнің өзінен сұрадым. «Рас» деп мойындаған ол,«бірақ менің еш кінәм жоқ. Мен оларға тек сұрағандарын бердім. Тойымсыз нәпсілерін қанағаттандырдым», деп қарап тұр.





Сөйтіп өзі жатқан кыз-келіншектерді жіпке тізгендей етіп санап шықты.


O тоба, мұндай да болады екен-ау. Менің көзім қайда болған?


Тіпті көрші отырып, жаңа жылды бірге қарсы алып жүрген «подружкам» да күйеуімді «пайдаланып» жүріпті. Бұдан да білмей-ақ қойғаным жақсы еді. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалдым.



Көшеге шықсам болды, күйеуімнің ашыналары сыртымнан сылқсылқ күліп, табалап тұрғандай болады.



Балалар болса ержетіп қалды, оларды аяқтандыру керек. Қүйеуім «әлгі әйелдердің біріне кетіп қаламын», деп қорқытып қояды. Содан іштей тынып жүрген жайым бар.


Қашанғы шыдаймын? Білмеймін. Ажырасайын десем, балаларымның болашағын ойлаймын. Үлкен таңба ғой. Онымен қоймай, өзіме де сөз келетіні белгілі. Мектептегі балаларға қалай сабақ беремін? Бірде болмаса бірде тентектеу бір оқушы: «өзіңді жөндеп ал, байыңа ие бол» десе не деймін?



Қазір осындай қиын жағдайда жүрген жайым бар. Кім не кеңес береді? Қайтпек керек?



Зипа Мәкенбайқызы




Көрілген: 7202    Пікірлер: 0

сенбі, 24.02.2018, 13:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 10:54
    Жігітім ағам болып шықты...
    17 Қараша, 11:48
    Тағдырыма наламын...
    8 Қараша, 09:05
    Күйеу сатып аламын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31