Отбасы - ошақ қасы

Белді азаматтың тоқалы болған келіншек 2 баласымен жалғыз қалғанын айтты

  • Белді азаматтың тоқалы болған келіншек 2 баласымен жалғыз қалғанын айтты

    Белді азаматтың тоқалы болған келіншек 2 баласымен жалғыз қалғанын айтты

Бибі мектеп бітіргеннен кейін оқуға түсе алмай, кішігірім дүкенге сатушы болып жұмысқа тұрады. Ол өзінен он жас үлкен азаматпен көңіл жарастырғанын есіне алды деп жазады NUR.KZ.


"Мен ол кезде небәрі 17-де едім. Ол тартымды әрі белді азамат болатын. Оның отбасы туралы ештеңе білмедім. Алғашқы махаббатым болғасын, күйеуім атанатынына сенімді болдым. Алайда ол тек тоқалдыққа ала алатынын айтты", - дейді Бибі.

Ер адам бойжеткенге пәтер, көлік пен қымбат заттар алып берген. Алайда Бибінің аяғы ауырлап қалғанда күйеуі оған қол көтеруді шығарады.


"Соққыға жыққаннан кейін балам түсіп қалды. Мен бұны кешіре алмадым. Ал бәйбішесі маған қоқан-лоққы көрсете бастады. Пәтер күйеуімнің атында болғасын, ешқайда кете алмадым. Ата-анама да қайтып оралуға батпадым", - дейді Бибі.

Нәтижесінде үш жыл тоқал болған ару қызды болады. Уақыт өте келе жоғары білім алып, жұмысқа тұрған бойжеткен күйеуімен айырылысуға бел буған.


Бибі жарты жылдан кейін сайт арқылы өзге жігітпен танысып, онымен бірге тұра бастайды.


Жаңа ғашығы Бибі секілді бір рет ажырасқан екен. Одан жүкті болып қалған бойжеткен жігіттің отбасымен танысып, тұрмысқа шығуға дайындалады.


"Ол тұңғышы дүниеге келетініне қатты қуанды. Алайда әкесі біздің отбасын құруымызға қарсы болды. Ол қызымды күйеуім ешуақытта бауырына баспайтынын алға тартты. Нәтижесінде ата-анасына қарсы келе алмаған сүйіктім мені тастап кетті", - дейді Бибі.


Бүгінде екі баласын жалғыз бағып отырған бойжеткен өмірден үлкен сабақ алғанын алға тартты. 




Көрілген: 3134    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.04.2018, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»
    9 Сәуір, 14:44
    Күйеуім суып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31