Болашақ жарымнан туған қызымды жасырып жүрмін...

Болашақ жарымнан туған қызымды жасырып жүрмін...

Алғашқы тұрмыс құрған жарыммен дәм-тұзымыз жараспай, бір жылға жетпей ажырасып кеттік. Оның себебі көп. Ата-анамның ақылын тыңдамай, «күйдім-сүйдім» деп, 18 жасымда Тараздық бір жігітке тұрмысқа шықтым. Оқу да жайына қалды. Үйлену оңай болғанымен, үй болудың қиын екенін сонда бір-ақ түсіндім. Арадағы махаббат қалай тез тұтанса, солай тез сөніп, ақыры ажырасып тындық. Ішімде кеткен бала ажырасып кеткен соң дүниеге келді. Қазір оның жасы екіде. Бірақ айтқалы отырғаным ол жайлы емес.

Алғашқы жарыммен ажырасқан соң Алматы облысында тұратын ата-анамның қолына келіп тұрдым. Қызым сол жерде дүниеге келді. Қызым жасқа толған соң, анама қалдырып Алматы қаласына келіп жұмысқа орналастым. Жұмысым өзіме ұнайды. Алғашында, жұмыс істейтін қыздармен бірге пәтер жалдап тұрдым. Артылған азын-аулақ ақшаны ауылға ата-анама жіберіп отырам. Кейде қызыма кйім-кешек беріп жіберем. Ондай кезде анам «ақшаңды жинап, үй алатын әрекет жаса, бізге жіберме, бізде бәрі жеткілікті» деп шыр-пыр болып жатады. Менің болмышы жалақыммен Алматыдан үй алу мүмкін емес екенін анам қайдан білсін. Қызыма жұмсамасам, бәрібір сол ақшаны анда-мында жұмсап құртып қоям ғой. Сәл де болса, ата-анама көмек болсын деймін.

Жұмысқа тұрған соң бірге қызмет істейтін Алмат деген жігітпен танысып, жақын араласа бастадым. Ол меннен 8 жас үлкен. Ол да Алматы облысынан. Үйленіп, ажырасқанына үш жыл болыпты. Айтуынша араларында перзент болмаған. Менің де бұрын тұрмыста болғанымды біледі. Бірақ қызым бар екенін білмейді. Ол жайлы өзі сұрамаған соң мен де айтқам жоқ. Достасып жүргенімізге бір жылдай болды. Алматтың қалада бір бөлмелі пәтері бар. Екі-үш рет құрбыммен бірге үйінде қонақ болдық. Алмат сабырлы, өз ісіне пысық жігіт. Маған қарағанда көрген-білгені де көп. Отбасы мәселесіне өте байыппен қарайды. Үш жылдан бірі үйленбей жүргені де сол - екінші рет адаспау екен. Сондықтан ол «маған тұрмысқа шық» деп ұсыныс жасағанда бірден қабыл алдым.

Осы жазда үйленетін болып шештік. Алматтың ата-анасы менің ата-анамның алдынан өтіп келді. Екі жақ келісіп, ортадан шағын той жасауды ұйғарыпты. Оған біз Алмат екеуміз де келістік. Бәрі де шешілген соң соңғы бір айда бірге тұрып жатырмыз. Бірақ Алматтың бір сөзі маған ой салып қойды. Таяуда екеу ара әңгімелесіп отырғанбыз. Мен әйелдік қызығушылыққа салып, «ажырасқан соң маған дейін жүрген қызың болды ма?» деп сұрап қоймадым. Ол қанша айтқысы келмесе де, мен қиялып қоймаған соң бір қызбен жақын дос болғанын айтты. «Неге үйленбедіңдер» деп сұрадым. Ол: «Оның алғашқы күйеуінен бір баласы бар екен. Мен балалы әйелге үйленгім келмеді» деді. Осындай әңгімені бастағаныма өкіндім де, әңгімені сол жерден доғардым.

Алматтың сол сөзі еш есімнен кетпей қойды. Менің қызым бар екенін білсе не болады? Анама айтып едім, «олай болса, айтпай-ақ қой. Меруертті (менің қызым) өз атымызға шығарып аламыз» деді. Бірақ, ерте ме, кеш пе Алмат ол жайлы біліп қалса ше? Онда не айтам? Жоқ әлде бар шындықты қазір айтқаным дұыс па? Бірақ қызым бар екенін естіген соң үйленуден бас тартса ше? Ата-аналарымыз да дос-дұшпанға таба болмай ма? Алматпен бірге тұруға да асығыстық жасаған сияқтымын. Бірақ енді бәрі де кеш. Болған іс болып, бояуы сіңді. Енді қалған уақытта дұрыс бір шешімге келу керек. Шынымды айтсам, Алматтан ажырағым жоқ. Оның мені сүйетініне сенімдімін. Мен де оны сүйем. Сүйген адам кешірімді деуші еді ғой. Бәлкім кейін біле жатса, кешірер деген үмітім де жоқ емес.

Қазір жатсам-тұрсам мың сауал мазалайды. Кеше әңгіменің ұшын шығарып, «неліктен баласы бар келіншекке үйленбедің?» дедім. Ол, «өз балаң болса, ұрсаң да білінбейді, ал өзгенің баласын ұрыссаң оның анасына ауыр тиеді. Ал ана бала үшін бәріне барады. Ертең сол себеп болып, тағы ажырасуды қаламаймын» деді. Әңгімені одан әрі өрбіте түсіп, «егер сол ғана себеп болса, онда ол қыз баласын ата-анасына қалдырмады ма?» дедім. Сәл үнсіздіктен кейін Алмат «ол баласын ата-анасына қалдырғанмен жүрегінен шығарып тастай алмайды. Менің әйелім тек менің балаларымдығана ойланып, соларды тәрбиелеп жеткізуі керек» деді де, қатаң үнмен «осымен бұл әңгімеге қайта оралмайық» деді.

Сол әңгімеден соң болашаққа деген үміттен гөрі күдігім арта түсті. Демек менің қызымды ата-анама қалдырсам деген ойымнан түк шықпайтын сияқты. Енді не істемек керек? Бәрін ашық айтайын ба? Бірақ айтсам бәрі де бітетін секілді. Алматты қимаймын. Байсырап бара жатқан біреу екен деп сөкпеңіздер. Мен Алматты қатты жақсы көрем. Мәселе осында болып тұр. Оны ешкімге қимаймын. Алматтан айырылғым келмейді.

Маржан, Алматы

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz

Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста