Отбасы - ошақ қасы

Болмашы нәрсе үшін үйден кеткеніме әлі өкінем

  • Болмашы нәрсе үшін үйден кеткеніме әлі өкінем

    Болмашы нәрсе үшін үйден кеткеніме әлі өкінем

 Сәлеметсіздер ме! Оразаларыңыз қабыл болсын.

Сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Мүмкін біреуге сабақ болар.

Мектепті, жоғарғы оқу орнын жақсы аяқтап, өз ауылыма жұмысқа келдім. Жас маман болып әжептәуір қызмет атқардым. Содан жұмыстасымның үйінде қонақтықта жолдасыммен таныстым. Бірден ұнаттым. Ойымда осы менің болашақ жарым деген сенім болды. Басында ол маған көңіл аудармады, жәй таныс болдық. Кейіннен таныстығымызға тура бір жыл толғанда, ол сөз салды. Сөз салғанда да бүгіннен бастап сен менің қызым боласың деді. Жігітпен жүріп көрмеген қасқа қарсы болмаппын да өтірік болса да. Қыз-жігіт болып жүре бастадық. Көп ұзамай үйлендік. Босағамды пәк болып аттадым. Сөйтіп отбасылық өміріміз басталды. Тұрмысқа шыққаннан көп ұзамай көтердім, бөпелі болдық, жолдасым қатты қуанды. Отбасылық өмірде бәрі болды. Жолдасымның мінезі ауыр болатын. Ұрыс-керіс, жанжал, қол көтеру. Талай ренжістік. Ол өте қызғаншақ болатын. Үйден жалғыз өзім адым аттап шықпаймын. Қасымда міндетті түрде біреу болады :қайным, қайынсіңілім тб. Көңіл жұбатары ата-енем, қайным, қайынсіңілілерім маған жақ болатын.


Бір күні күйеуіммен болмашы нәрсеге ренжісіп қалдық. Қатты қол көтерді. Есімнен танып қалыппын. Содан баламды алдым да әке-шешемнің үйіне кетіп қалдым. Әкеме жолдасым іссапарға кетті дедім. Анам айтпасам да түсінді. Үндемеді.

Бірнеше күннен кейін суық xабар алдым. Жолдасым өмірден озды. (жол апатынан) Бірге өлгім келді. 

Қаншалықты қиналғаным бір Аллаға ғана аян. Қайынапаларым кетіп қалғанымды бетіме басып, айтпағандары жоқ. "Одан да сен өлмедің ба", "тірісінде сиыспай енді келіп не көз жасыңды көлдетіп отырсың" деген сияқты сөздердерден безіп кеткім келетін.

Уақыт өтті. Кішкене есімді жидым.Кішкентайым өсіп жатыр. Жұмысқа шықтым. Әлі де ата- енеммен бірге тұрып жатырмын. Шүкір. Бірақ жолдасымды қатты сағынамын. Біркүні келетін сияқты болып тұрады. Сап салқын денесін көрсем де сене алмаймын.

Ақыл емес мүмкін өзімнің өмірден түйгенім шығар:

Түкке тұрғысыз нәрсе үшін жанжалдаспаңдар, ондай жағдай болса да кешірімді болыңдар.

Ал ер адамдар әйел адамға ешқашан қол көтермеңдер. Ұрып тыңдатам деу ең үлкен қателік. Біріншіден ол сені сыйлаудан қалады, екіншіден өз өмірі, баласының өмірі үшін қорқады. Ал қорқынышпен өмір сүру оңай емес. Ондай жағдайда ажырасудың да ауылы алыс емес деген сөз.

Аман сау, бақытты болыңдар!


Аноним 




Көрілген: 3119    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.06.2018, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30