Отбасы - ошақ қасы

Босанғалы отырғанымда күйеуімді өзге келіншек оқытып алды

  • Босанғалы отырғанымда күйеуімді өзге келіншек оқытып алды

    Босанғалы отырғанымда күйеуімді өзге келіншек оқытып алды

 Ақтөбеде ұзақ уақыт сәбилі бола алмаған келіншекті босануға екі апта қалғанда жолдасы тастап кетіп, бір балалы әйелге үйленген.


«Мен 17 жасымда тұрмысқа шықтым. Жолдасыммен 4 жылдан аса бірге тұрдық. Ұзақ уақыт бала болмады. Мен бала көтеріп, босануыма екі апта қалғанда жолдасым тастап кетті. Қазір балама төрт ай болады, әкесінен алимент те ала алмай отырмын.


Босанғаннан кейін «қызды болдың» деп хабар жібердім. Ол кісі «баланы өзің асыра, маған керек емес» деп кесіп айтты. Отбасындағы қателік екі жақтан да болады. Қайдан қателескенімді білмеймін. Өмір болған соң мінсіз адам болмайды-ау», — дейді жас ана Амангүл Кеңесбай.


Жас ананың айтуынша, қызының әкесі 26 жаста. Келіншек қызы екеуін жолдасы қажет етпеген соң босанғаннан кейін өзінің ата-анасының қолына барған.


«Мен болашақ отбасы құрғысы келетін қыздарға «ойланып алыңыздар» деген кеңес берер едім. Себебі, барлығы сіз ойлағандай бола бермеуі мүмкін. Жолдасыммен ажырасып кеткенім үшін ешкімді кіналамаймын. Тек керек қылмай, баламен қалдырып кеткені жаныма батты. Қазіргі кезде ол адам басқа әйелге үйленіп алды. Бір баласы бар келіншекті алды.


Енді ол адам қайтып келсе де бұл әрекетін кешіре алмайды екенмін. Өмірде екі нәрседен қателеспе: мамандық және жар таңдауда. Мен осы сөздің төркінін енді түсіндім», — дейді ол.


NUR.KZ




Көрілген: 3447    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.03.2018, 11:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30