Отбасы - ошақ қасы

Бойдақ жігіт 19 баланың әкесі екені анықталды

  • Бойдақ жігіт 19 баланың әкесі екені анықталды

    Бойдақ жігіт 19 баланың әкесі екені анықталды

28 жасар жапон жігіті Мицутоки Шигета сотта бірден 16 баланың әкесі болу құқығын заңды түрде иеленді.

Сот талқылауы 3 жылға созылды. Таиланд полициясы 2014 жылы Бангкоктағы зәулім пәтерде табылған 9 нәрестенің ДНҚ арқылы әкесі екенін тапқаннан кейін жапондық азаматтың басы дауға қалған болатын. Балаларға тәулік бойы бала күтуші қараған. Олардың жасы – екі аптадан бастап екі жасқа дейінгі аралықта. Кейінірек тағы 4 бала табылды – оларды да жапондық жігіттен Таиландтағы суррогатты аналар дүниеге әкелген.


Тергеу барысында Шигета миллионердің баласы екені, ол үйленбей-ақ көп балалы әке болуды қалағанын анықталған. Үндістандағы және Таиландтағы суррогатты аналар оған барлығы 19 бала туып берген. Сондықтан оны әкелік құқығынан айырып, адам саудасы бабымен айыптаған. 



Таиландтағы 13 сәби дау-дамай басталғаннан кейін мемлекеттің қамқорлығына алынған, ал Шигета Жапонияға оралып, Таиланд сотына шағымданған.


Сотта көп балалы әке олардың барлығын өз қамқорлығына алу үшін дәулеті жеткілікті екенін дәлелдеп шыққан. Сонымен қатар, ол балалардың барлығын Жапнияға әкету құқығына қол жеткізген. Ол осы мақсатта бала күтушілер мен медбикелерден тұратын арнайы топты жалдаған.


БАҚ-тың хабарлауы бойынша, Мицутоки әлі үйленбеген бойдақ, бірнеше компанияны басқаратын дәулетті жігіт.


Дереккөзі: Сегодня


reactor.inform.kz




Көрілген: 4166    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.02.2018, 18:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30