Отбасы - ошақ қасы

Бойжеткен алғашқы неке түнінде көрген қорлығы туралы айтты

  • © otnosheniya-lyubov.ru

    © otnosheniya-lyubov.ru

Үшбу хат айдарына сырын атқарған жас қалыңдықтың жазбасы әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр. Қалыңдық сөзіне сенсек, ол ары таза, қыздығын сақтаған қазақтың тәрбиелі қызы көрінеді. Бірақ алғашқы түні мұнысын дәлелдей алмай, масқара бопты.


„Мен жақында тұрмысқа шыққан едім. Оған дейін етегімді ешкім түріп көрген емес. Алғаш рет Құдай алдында некелескен күйеуіммен төсекте болдық. Әрине, одан қатты ұялдым. Бірақ ол мені өзі шешіндіріп, өз міндетін атқарды.


Мен үшін бұл түн өте ұзақ болды. Онікі келіп кіргенде денеме тебен ине сұғып алғанмен бірдей болды. Дауысым шықпас үшін көрпені қатты тістеп алдым.


Үстімнен қара тер бұрқ етті. Тістелеген көрпені ары-бері тартқылап, жынданған адамдай болдым. Ол ақыры бітірді-ау. Үстімнен түсе сап төсекті сипады. Оған қарауға менің мұршам жоқ. Бір есім бар, бір есім жоқ. Осылай ауырсынып жатқан мені ол бір тепті. „Өтірік қыз құсамашы, шалава„ — деп дүңк етіп теріс қарап жатып қалды. Мен түкті де түсінгем жоқ. Тек таңертең…


Иә, таңертең төсекті қарасам шауқаттың ізінен басқа дым жоқ. Аң-таңмын. Ақыры жылап жібердім. Күйеуім түгілі өзім өз көзіме сенбедім.


Туыстары қонаққа шақыра бастады, бірге барғанмен ол менен қашқақтап жүрді. Ал түнде мүлде жоламай қойды. Бір ыңғайы келгенде, күйеуімнің алдына тізерлеп отырып жыладым. Одан басқа ешкіммен болмағанымды айттым. Құдай ұрсын деп барлық лағнетті өзіме қараттым. Бірақ ол сенбеді. Той болып, болары болып қойған соң еріксіз жүрген секілді ол. Енді маған қайтпек керек? Көмектесіңіздерші„ деп жазыпты қызылордалық хат иесі Гүлім.


Жігіттердің көбісі бұл хикаяға сенбеген, олардың басым бөлігі қалыңдықтың қыз еместігіне бек сенімді.


Ал қыздар қауымы өмірде мұндай болатынын айтып қалуда. Желіде жас қалыңдыққа ақылға қонымды кеңес айтқандар да табылған.


Соның бірінде:


„Жігітіңді желкесінен желкелеп гиникологқа сүйреп апар. Әйтпесе қазір үнсіз жүрген ол кейін саған қол көтере бастайды. Сондықтан кеш болмай тұрғанда әрекет қыл. Кейбір қыздардың қызыдығы болмайды. Туғанынан.


Не болмаса кейбір қыздардың қыздығы тереңде орналасады, ол бала туғанда баламен шығады.


Өзің сөйтіп айтсаң саған ешкім сенбейді. Сондықтан дәрігер алдына бірге барғандарын дұрыс қой. Құда да тыныш, құдағи да тыныш сол кезде… „ 


365info.kz




Көрілген: 2835    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.06.2018, 18:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...
    16 Маусым, 23:05
    Монашканың махаббаты
    28 Мамыр, 10:54
    Кеш келген сезім...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31