Біреудің көз жасына қалмай тұрып, ақылға салып ойлана білгін!

Біреудің көз жасына қалмай тұрып, ақылға салып ойлана білгін!

  Есенсіздер ме?! Әрі ойласып, бері ойласып, мына бір жайды баяндауға бекіндім.

Ол кезде енді ғана бой түзей бастаған бойжеткен едім. Жұрт жігітке қарап, боянып-сыланып жүрсе, мен кітаптан бас алмайтын заман еді ол. Негізі, жұртқа барған жігіт маған да келетін, дұрысы-хат жазатын. "Ғашықпын" дейді ғой сол баяғы. Ол хаттардың бірі оқылады, ал бірі оқылмайды, долданып, жұрттың көзінше "ғашықтық хат" алғаныма намыстанып, жыртып тастаймын әлгі хаттарды. Содан болар, хат келу тоқтады. Сыныптас қыздарым менің жігітімнің жоқтығына күлетін болды тіпті. Сөйтіп жүргенде өзімнен 4 жас үлкен жігіт келіп сөз айтты, жігітпен жүріп көрейінші деп, лезде келісе кеттім.

Ол менің он алтыншы көктемім болатын. Қолымыздан ұстап, ұзын көшеге түсіп әңгіме айтқанымызға мәз боламыз. Жаман ой деген мүлде жоқ. Маңдайымнан иіскеп, бетімнен сүйгеніне мәз болатын. Сөйтіп мамыражай жүргенде, бір жыл әп-сәтте зу ете қалды. Оқуға түсемін деп қалаға жол тарттым, ал жігіт хат жазып тұруымды өтініп, ауылда қалды. Не ия, не жоқ дей алмай үлкен өмірге мен аттандым. Қалаға келіп, бір керемет жігіттермен жүріп, қарық қылған дәнеңем де жоқ, бірақ ауылда жолымды тосып отырған жігітке де бір хабарымды бермедім. Сөйтіп, жазғы демалыста ауылға барғанымда бір-ақ кездестім.

-"Қаншама күткен едім. Ал бүгінгі күн соншалықты ұзақ өтті, кеш батпайды ма деп қорықтым тіптен. Қалайсың, сұлуым",-деп құшпақшы болды жігітім. Сытылып шыққан мен, сөйлесу керектігін айттым. Содан бір жыл бұрын үйге арнайы келіп анасының менімен сөйлескенін, ұлының өмірінде болмағанымды қалайтынын ашық айтқанын, сол үшін де ары қарай біз деген ұғымның болмайтынын жайып салдым. Ниетімнен қайтармақ болып көп әбігерленді.

-"Анама бар жайды түсіндіремін өзім. Ол кісі ойын өзгертеді",-десе де, айтқан сөзімнен қайтпадым. Жігіт басымен көз жасын сығып алғаны әлі есімде.

Сөйтіп, арада аттай 13 жыл өткенде, балалық шағым қоңырау шалып тұр.

-Сәлем, сұлуым, қалайсың?,-дейді жігіт. Аң-таң болып өзімді қалай тапқанын да сұрамаппын. Хал-жағдай сұрасып отырып, отбасылы болғанын білдім. Қылықты қызының барын да айтты. Ол үшін қуандым. Бақытты күндерің мол болғай деп тілекті де жаудырдым. Сөзімді бөліп:"Мен саған бұрынғыдай ғашықпын!"-дегенде, айтарға аузыма сөз түспей қалды. Қаншама уақыт өткен арада, ал мынау сол баяғы әніне басып тұр. Не ойың бар сенің, соны білейін деген ниетпен:

-Сен мені мазақ қылайын дедің бе?-деп сұрадым.

-Жоға, ол не дегенің, шыным сол:-Сені әлі сүйемін! Ұмытпадым,ұмытуға тырыспадым,-дейді дауысы өзгеріп.

-Енді сенің отбасың бар, ақылға кел! Мен сенің өткеніңмін, ал бүгінің мен болашағың-жұбайың! Қатты сөйлесем қайтар деп, ұрсып айтқан түрім бұл.

-Қатынды уақыты келген соң алдым! Сен неге жоғалып кеттің?! Қаншама іздедім! Сұрамаған жан мен жер қалмады?! Із-түзсіз ғайып болдың! Шешілмейтін мәселе жоқ еді ғой,-дейді жігіт. Ескі пластинка қайта қосылды. Ал менің ол таспаны тыңдағым жоқ.

-Маңдайға жазылғаны сол болса-қосылар едік, бірақ біздің жолымыз екіге айырылды. Солай болуы керек еді, солай болды да! Былай болар ма еді, болмас па еді дейтін түгі де жоқ! Алдың ба әйелді, отыр енді қасында, қайдағы бір қиялдарға берілмей! Екеуіңді мен емес, бір Алла ғана айыра алады! Қызың барын ұмытпа! Мені ұмытатын кезің болды!-деп, тағы да сол әңгімеге өзім нүкте қойдым. Қайдам... "Көзден кетсе, көңілден де кетеді"-деген жай сөз бе дедім.

Кей-кейде хабарлама жазып тұрады, кездесуді өтінеді, бірақ менің отбасылы адаммен былығып, өз қадірімді кетірер уақытым да, ынтам да жоқ!

Айтпағы не дейсіздер ғой?! Махаббат, сезім, күйдім-жандым дегенді қойып, не істеп,не қойғанымызға есеп беруіміз керек,қыздар! "Есер не демейді, есек не жемейді",-деген сөзі бар қазақтың! Өткен өмірге алаңдай бермей, алдағы күнге сеніммен қарап, бүгінімізбен өмір сүрейік!Адасқан жанға: "Кемең әне,ескегің міне",- дегін.

Біреудің өмірін талқандап, көз жасына қалмай тұрып, ақылға салып ойлана білгін! Сол адамның орнына өзіңізді қойып, дәл сол жағдайда нендей күйге душар болатыныңызды бір сәтке елестетіп көргін!

"Бір шаңырақ-бір мемлекет! Бір шаңырақтың-шайқалғаны, тұтас бір мемлекеттің теңселгені!" Ақыл айтты дей көрмеңіз, сергелдеңде жүрген қыз-келіншектер оқып-біліп, ойлансын деген ой ғана менде.


Аноним (VK әлеуметтік желісінен алынды)

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста