Біреулердің сөзіне сеніп, әскерге кеткен жігітімді күтпедім

Біреулердің сөзіне сеніп, әскерге кеткен жігітімді күтпедім

 "Алаш айнасы" оқырмандары, қос құрбының сүйгенімнен айырғаны туралы кеш білдім. Біреудің тағдырын ойыншық қылып, не таппақ болды екен, ә...

Жақында ауруханаға бір танысым түсіпті дегенді естіп алып-ұшып барған едім. Танысымды көріп көңілім жайланып, шығып келе жатсам алдымнан тұрмысқа шыққалы көрмеген Ләззат есімді тәтені көріп қалдым. Ол кісі қазір алпысты алқымдаған. Екі қызы бар еді. Өңі солғын тартыпты. Өз жасынан егде көрінетін сияқты. Бетін әжім басқан. Жолдасы екі-үш жыл бұрын қайтыс болды деп естіген едім. Ләззат тәтеге өкпем қара қазандай болған еді, бірақ өмір өте келіп, кешіріп, ұмытқан едім. Мені Ләззат тәтемен қалай жақын таныс деп ойлайтын боларсыздар? Неге ол кісіге деген өкпем қара қазандай?

Мен шағын кішкентай ауылда өстім. Ата-анам төрт бала тәрбиелеген қарапайым жандар. Екі ағам, бір әпкем бар. Мен үйдің кенжесімін. Мектепте 10 сыныпқа көшкенде сыныбымызға көрші ауылдан Алпамыс есімді ұл келді. Көрші ауылда мектеп 9 жылдық еді. Алпамыс туған әпкесінің үйінде тұрып оқыды. Сабақтан шыққан соң жолымыз бірге болғандықтан, бірге үйге қайтатын едік. Жол бойы қызықты да күлдіргі әңгімелер айтып Алпамыс ішек-сілемді қатыратын еді. Осылайша, арамыз өте жақын болып кетті. Сабақты да бірге оқимыз, түстен кейінгі мектептің іс-шараларына да бірге келеміз. Сөйтіп жүріп достығымыз үлкен махаббатқа ұласты. Алғашқы махаббат деген керемет сезім ғой, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ол сезімді әрбір оқырман өзі-ақ сезіп, біліп отырған болар.

Ол каникулға кеткенде мен күтіп есім шығатын еді. Күн санап, каникулдың аяқталуын күтетінмін. Алпамыс та сылтауратып ерте келуге тырысатын еді. Біздің махаббатымыз мектеп тұрмақ бүкіл ауылға жайылды. Тіпті елдер аңыз қылып айтып жүрді десем де артық болмас. Туыстарымыз да хабардар болды. Біз де шектен шықпай орнымызды біліп, «сыртқа» зиян тигізбедік.

Екі жыл осылайша зу етіп өте шықты. Оқу аяқталып, емтиханды аман-есен тапсырып, армандарымызбен алысқа ұштық. Менің ағаларым Алматыда тұратын болғандықтан Алматыға зуладым. Алпамыс облыс орталығына кетті. Бірақ, екі айырық жол екеуімізді айыра алмады. Махаббатымыз одан сайын күшейе түскендей. Мен жоғарғы оқу орнына тапсырмай, тезірек оқу бітіру үшін Алматыдағы педагогикалық училищеге құжаттарымды тапсырдым. Ондағы ойым - оқуды тез аяқтап облыс орталығына қайту. Есіл-дертім, ойым- Алпамыста.

Уақыт зырлап мен дипломымды алып облыс орталығына келдім. Жоғары білім қажет деп сырттай бөлімге құжаттарымды тапсырдым. Алпамыс та техникалық училищені аяқтады. Мен балабақшаға тәрбиеші болып жұмысқа орналастым. Алпамысқа әскерден шақырту қазағы келді. Отан алдындағы борышын өтеу үшін сүйіктім Ресейдің Воркута қаласына аттанды. Осылайша улап-шулап Алпамысты да шығарып салдық. Ол кезде ұялы телефон деген мүлдем жоқ. Үшбу хат жазып пошта жәшігін аңдисың, арнайы открыткалар мен телеграммалар саласың.

Мен уақытша жатақханада тұрып жүр едім. Ауылдан келген әпкем күйеуінің алыс туысқаны болып келетін Ләззат тәтенің үйіне тұрғызып кетті. Ауылдан жылына бір соғым мен азын-аулақ тамақтарды жіберіп тұрады. Ләззат тәте өзі бір мекемеде есепші болып істейтін. Заманы жүріп тұрған уақыт, өзі де балалары да не кием, не ішем демейді. Отағасы үйде мүлдем жоқ десем де болады. КАМАЗ айдайтын, алыс рейстерге шығып тұратын еді. Апталап, айлап үйде болмайды. Үйде болмағанына Ләззат апай үйренген, тіпті қуанбаса ренжімейтін. Келсе, кеткенше асық болатын еді. Өзі сылқылдап киініп, жүз грамм тартып жіберіп, құрбыларымен қыдырғанды ұнататын еді. Кешкі тамақ пен үйдің тазалығы, екі қыздың сабағы мен киімдерін реттеу менің мойнымда. Кейде Ләззат тәте үйге де қонбай қалатын.

Алпамыс кеткелі хат жазысып, махаббатқа толы хаттарын асыға күтемін. Өзім де сағынышқа толы хатты күнде жазамын. Алты айдан асқан соң, Алпамыстан хат сап тиылды. Түсінбеймін, бірақ кімнен сұрарымды білмеймін. Хат жазамын, жауап жоқ. Ойымда небір ойлар кетті. Пошта да жақын еді. Поштада көрші подьезде тұратын Асыл апай істейтін еді. Кейде хаттарымды сол Айша апайдан беріп жіберетін едім. Хат келсе ала келіңіз деп те ескертіп жүретін едім.

Бір күні кешкілік үйге Айша апай мен бейтаныс жігіт келді. Айша апайдың бөлесінің ұлы екен. Менен бес жас үлкендігі бар. Бір зауытта жұмыс істейді, есімі - Сарқыт. Осылайша Алпамыс әскерге кеткелі бір жылдан асқанда мен Сарқытпен жүре бастадым. «Хат жоқ, мені ұмытқан болар» деп ойладым. Бір шетінен жыным да ұстай бастады. «Мені сүйгені сол ма, сезімі жалған болды ғой. Әлде ол жақтан басқа қыз тапты ма екен» деген шайтан ойлар жей берді. Мені сырттай сұрағанында, іздегенін де естігенім жоқ.

Ақыры, мен Сарқытқа тұрмысқа шықтым. Аяғым ауырлап қалды. Ыңғайлы сәтті тауып, ол өз дегеніне жеткен еді. Айша әпкеміз «үйге қарай тұрыңдар деп» тайып тұратын еді. Жеке қалған жігіт қызға қырындамай қойсын ба? Басында мінезі жібектей еді, кейіннен мінезі өзгеріп сала берді. Талай ұрды, ішіп келіп "мені сүймейсің" деген әңгімені де бастады. Алпамыс туралы хабары болса керек. Мен Алпамысты ұмыта алмасам да бірге тұрып жаттым. Ақырындап күйбің тіршілікпен ұмыта бастадым.

Өмірге қыз әкелдім. Қызым бірге толғанда, ауылға бардым. Ауылда кластас қызым келіп, жағдайымды сұрап жатыр. Сөз арасында Алпамысты сұрадым. Алпамыстың әскерден келгенін, маған өкпелі екенін айтты. Мен де өз жырымды айтып жатырмын, жарты жыл хат-хабарсыз кеткенін де жасырмадым. Құрбым аң-таң.

Бір аптадан соң баламды алып қалаға қайтайын деп аудан орталығына көлік іздедік. Ол кезде көліктің таптырмайтын кезі. Бір кезде анам жүгіріп келіп, көрші үйдегі Сәуленің інісі (Сәуле Алпамыстың туған әпкесі) аудан орталығына бара жатқандығын, көлікте орын бар екенін айтып кеп тұр. Бармайын десем, ауданға жетуіміз керек. Қалаға қатынайтын автобусқа билет алып қойған жайымыз бар.

Жолда қасындағы адамдарды түсіріп, қызыммен аудан орталығындағы автовокзалға алып келді. Жигулиін тоқтатып, менен «неге хат жазбай қойдың?» деп сұрады. Ал мен болсам "сен неге хабарласпай кеттің, неге жауап жазбадың?" дедім.

Ақыры, істің шындығы ашылды. Алпамыс үнемі хат жазып тұрған. Тек сол хаттар Ләззат тәте мен құрбысы Айша әпкенің жоспарымен маған жетпей қалған. Ал менің хаттарым Алпамысқа жетпеген. Неге жетпегені оқырманға түсінікті болар.

Міне, осылайша екі құрбы менің және Алпамыстың өмірін бұзды. Алпамыс бір жылдан кейін үйленіпті, қазір балалы-шағалы отбасы. Ал, біз Сарқытпен кейін көп тұра алмай ажырастық. Ләззат тәте кейін менен өз ісіне өкінетіндігін айтып, кешірім де сұрады. Әрине, кешірдім, тағдырдың маңдайға жазғаны сол болса одан ешкім қашып құтыла алмайды.

Айман, Үржар

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста