Отбасы - ошақ қасы

Бірнеше рет пластикалық ота жасатқан Үсеновтің ғашығы кім?

  • Бірнеше рет пластикалық ота жасатқан Үсеновтің ғашығы кім?

    Бірнеше рет пластикалық ота жасатқан Үсеновтің ғашығы кім?

Денесіне бірнеше рет пластикалық операция жасатқан Айдана желіде Аделя Ким лақап атымен танымал. Жақында жетінші арнадағы «Өз ойым» бағдарламасына қонақ болып келген бойжеткен денесіне жасаған операциялар мен әкесі туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Желі жұлдызы төсіне, қабағына операция жасатқан және екі жылдан бері ернін үлкейту үшін 4-5 ай сайын тұрақты түрде арнайы екпе салдырады. Сондай-ақ, 25 жастағы Айдана денесіне жеті рет сурет салдырған. (татуировка)


Ол денесіне операцияны алғаш рет 2013 жылы жасатыпты. Бірінші отаны төсін үлкейту үшін жасаған ол 2014 жылы көз пішінін өзгерту үшін қабағына блефоропластика жасатқан. Ал соңғы екі жылдан бері ернін үлкейту үшін арнайы екпе салдырып тұрады екен.

Қазір Айдана бизнеспен айналысады: Қазақстан бойынша үш дүкені бар. Айтуынша, жақында төртіншісі ашылады. Әзірге тұрмыс құрмаған, бірақ сүйіктісі бар. Жеке кәсібін өзі дөңгелетіп отырған ол жақында әкесіне көлік сыйлағанын айтты.


Ал Айдананың жеке өзінде үш көлік бар. Сонымен қатар, Айдана қайырымдылықпен де айналысады. «Аяла» атты жетімдер үйінің түлектеріне қолдау көрсететін қордың негізін қалаушы.


Бойжеткен осыдан он жыл бұрын анасынан айырылған, содан соң әкесі екінші рет үйленген. Әкесінің қылығына шыдай алмаған ол Қарағандыдан Алматыға келеді. Сол уақыттан бастап бойжеткеннің өмірінде өзгерістер орын алған. Ол əуелде мейрамханаларда даяшы, бильярд залында маркер болып жұмыс жасайды


Кейін өзінің жеке кәсібін ашқан. Эфир барысында шариғат бойынша денеге тиісуге болмайтынын атап өткен имамға Айдана былай деп жауап берді:


“Ол кісінің айтуы парыз екенін мен білемін. Денемізді бізге Алла Тағала аманат етіп бергенін мен жақсы білемін, бірақ сонда да бұл менің шешімім. Күнә екенін білемін, бірақ оған өзім жауап беремін. Оған қорықпаймын”, – деп түсіндірді ол. 




Көрілген: 994    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.04.2018, 09:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 14:44
    Күйеуім суып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30