Отбасы - ошақ қасы

Бұл сұрақ отбасыны сақтап қалуға көмектесті

  • Бұл сұрақ отбасыны сақтап қалуға көмектесті

    Бұл сұрақ отбасыны сақтап қалуға көмектесті

Қазіргі кезде елімізде жас отбасылардың ажырасуы жиілеп кетті. Ұсақ-түйек түсініспеушіліктің арты ажырасуға тірелген отбасылар жылаған баланы ойламай, ата-ана ақылын тыңдамайтын болды. Өзекті мәселеге қатысты Qamshy.kz ақпарат агенттігі ғибратты оқиғаны оқырман назарына ұсынады.


Отау құрғанымызға 12 жыл болды. Осыншама жылдан кейін біздің арамыз суып кеткенін байқадым. Күн сайын кешке мен біздің отбасы болғанымыз үлкен қателік болды деп ойлайтын болдым. Себебі үйімізден береке қашып, ұрыс-керістен көз ашпайтын жағдайға жеттік. Жұмыстан үйге келгенде мені ашулы, бәрінен шаршаған әйелім қарсы алатын. Тіпті ол маған назар аударып, көңіл бөлмейтін. Мен бір кезде бұл жағдайды өзгерту керек екенін түсіндім. Кейін әйеліме мына сұрақты қойдым: «Сенің бүгінгі күніңді жеңілдету үшін не істеуім керек?». Әйелім маған ашуланып, «ыдыс-аяқты жуып бер», - деді. Мен оның айтқанын орындадым. Келесі күні де әйеліме осы сұрақты қайта қойдым. Әйелім мені ашуландыру үшін үйді жинау керектігін айтты. Алайда мен ештеңе болмағандай айтқанын істедім. Бірақ күнде осы сұрақ қоюдан шаршамадым. Өзімнің таңдап сүйген адал жарымның айтқанын жасадым. Бірнеше күн өткеннен кейін сұрақты қайта қойғанымда әйелім жылап жіберді. «Не үшін осылай жасап жүрсің? Мәселе сенде емес, бар мәселе менде ғой. Бәріне мен кінәлімін», деп жылады. Мен оны жұбатып, қайта татуласқандай болдық. Келесі күні әйелім менен «Сенің күніңді жеңілдету үшін не істеуім керек?», — деп сұрады. Бір-бірімізге қарап күліп жібердік. Осылай екеуміз қайта қауышқандай күй кештік. Осы оқиғадан кейін қанша жыл өтсе де біздің бір-бірімізге деген сезіміміз суып көрген жоқ.


Бұл сөз барлық отбасыға көмектеседі деп кепілдік бере алмайтынымыз анық. Алайда бір-бірімізге мүмкіндік беріп көруге болады. Кемшіліксіз адам болмаған, болмайды да. Сондықтан барлық қиын жағдайды сабырлылық танытып, түсіністікпен қарап қана шешуге болады.


«Қамшы» сілтейді




Көрілген: 1936    Пікірлер: 0

сенбі, 02.12.2017, 23:21

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
9 Сәуір, 14:44
Күйеуім суып барады

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30