Отбасы - ошақ қасы

Бұрынғы күйеуім балаларымның ойын бұза ма деп қорқам

  • Бұрынғы күйеуім балаларымның ойын бұза ма деп қорқам

    Бұрынғы күйеуім балаларымның ойын бұза ма деп қорқам

 Сәлеметсіздер ме, қымбатты оқырмандар! Мен 17 жасымда, 1 курс оқып жүргенімде өзіміздің ауылдың бір жігіті алып қашты. Ол адаммен 8 жыл бірге тұрдым, қазір жасым 26-да, құдай берген 2 ұлым бар. Күйеуіммен ажырасқаныма бір жыл болды. Ол өте қызғаншақ, жұмыс істемейтін, маған да істетпейтін, түнімен қаңғыратын, болмашы нәрсеге бола шу шығарып ұратын.


Ата-енеммен тұрдық, жағдайлары жоқ, тар үйде 10 адам, бір күні аш, бір күн тоқ өмір сүрдік. Бөлек шықса түзелетін шығар деп сол ауылдан пәтер жалдап бөлек шықтық, ол одан сайын құтырды. Мені кіші балламмен сыртымнан құлттап, өзі қаңғырып кетіп жүрді, күндіз-түні. Қайда жүрсің десем, достарыммен отырдым дейді, артық сөйлесең жұдырығын ала жүгіреді, телефон да ұстатпады. Әке-шешесін тыңдамайтын, өз қатыным өзім білем деп, мен де өз әке шешеме айтпадым. Содан қайтып ата енемнің үйіне бардық.


Атам мен енемнің айлығына күн көрдік, ең соңғы рет ұрғанда судорагам ұстап құладым, ондай өмірімде болмаған. Ол қолымды уқалап, массаж жасап, мен есімді жиғаннан кейін далаға шығып кетті, ол кезде кеш батып қалған. Таңертең 6-да тұрып, үйден қашып кеттім. Анамның үйіне барып болған жайды айттым. Анама онымен тұрмаймын ажырдсам дедім, анам да мені қолдады. Қазір екі ұлым, анам төртеуміз Тараз қаласында тұрамыз. 1 жыл болды күйеуім балаларына бір келмеді, не ақшалай көмектеспеді. Енді бір ай болды күнде хабарласып жүр, келемін дейді,  келме дейін десем ұлдары да сағынып жүр әкелерін. Енді ол келспе. ұлдарымның ойын бұза ма деп қорқам, екеуі де естері кіріп қалған, не стесем болады?


Аноним 




Көрілген: 1813    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.06.2018, 13:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31