Отбасы - ошақ қасы

Досымның қарындасына ғашықпын

  • Досымның қарындасына ғашықпын

    Досымның қарындасына ғашықпын

 Сəлеметсіздер ме! Сіздердің кеңестеріңіз керек болып тұр.Биыл жасым 23-ке толады. Осыдан 10 жыл бұрын  əкем жол апатына түсіп, əкемнен айырылып қалдық. Арадан 1 жыл өткенде анам аурудан көз жұмды (Бұрыннан ауырып жүретін еді.). Осылайша қарындасым екеуміз жетім болып қалдық. Мен ол кезде 12, ал қарындасым 8 жаста едік.


Əкем мен анам тірі кезінде алған несиесі төленбей қалғандықтан банк тұрып жатқан үйімізді алып қойды. Əкем ешқандай туыстарымен араласпайды. Туыстары туралы бізге тіс жарып айтпаған. Қанша ағайынды екенін де білмейміз. Ал нағашы жұртыма барып едік олар бізден бас тартты. Барар жер, басар тауымыз болмай көшеде қалдық. Менің бала-бақшадан бері араласып келе жатқан досым бар. Баратын еш жеріміз болмаған соң досым қарындасым екеумізді ата-анасына айтып өз үйіне алып барды. Досымның ата-анасына Алла разы болсын өте жақсы адамдар екен. Бізді үйлерінде қалдырып, өз балаларынан кем қылмай өсірді. Əке-шешеміздің орнына əке-шеше болды. Осылайша біз сол үйде есейдік. Мені де, қарындасымды да жоғары оқу орнында оқытты. Мен бітірдім, ал қарындасым студент. Əлі күнге дейін сол үйде тұрамыз. Жақында қарындасым екеуміз бөлек кетеміз.


Мендегі мəселе мынандай. Досымның туған қарындасы бар. Менен 2 жас кіші. Есімі-Жансая. Біз бір-бірімізді сүйеміз. Мен оны алғаш көргеннен ұнаттым. Алғашқы махаббатымда Жансая болды. Қанша жерден қарындасым ретінде қараймын десемде олай істеу қолымнан келмеді. Уақыт өте келе Жансаяның да менде көңілі бар екенін байқадым. Осылай ол маған, мен оған ғашық болып қалдық. Бірақ сезімімізді ешкімге айта алмадық. Үйдегілер бізді аға-қарындас деп есептейді. Бірақ біз Жансая екеуміз болашақта отбасын құрғымыз келеді. Жансая екеуміз арадағы сезіміз туралы бəріне айтқымыз келеді. Енді не істесем болады? Егер бəрін айтсақ досым, ата-анасы қалай қабылдайды? Сосын олардың бетіне қалай қараймын? Мен бұлай істесем өзімді өсірген жандардың алдында қиянат жасаған сияқты болып қалмаймын ба? Əке-шешесі жоқ жетімге қыздарын бере ма,? Басым қатып кетті. Сіздер не дейсіздер? Қандай ақыл-кеңес айтасыздар. Егер Жансаяның ата-анасының орнында болсаңыздар маған қыздарыңды берер едіңіздер ма?


Аноним 




Көрілген: 3122    Пікірлер: 4
Пікірлерді оқу (4) preloader

сейсенбі, 16.01.2018, 10:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қаңтар, 11:19
    Келін

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28