Отбасы - ошақ қасы

Досымның сатқындығын кешіре алмадым...

  • ©Алаш айнасы иллюстрациясы

    ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Керім екеуіміз төртінші сыныптан бастап бірге оқыдық. Көрші ауылдан көшіп келген олардың отбасы біздің көрші үйді сатып алған болатын. Бастапқыда жатсынған біздер кейін бір сыныпта оқыған соң достасып кеттік.


Содан бері жұбымыз жазылған емес. Бірге жатып, бірге тұрамыз. Біріміздің үйімізден біріміз қомсынбай тамақ іше береміз. Талай түндерде бірге қызға бардық. Біріміздің сырымызды біріміз білетінбіз. Арасынан қыл өтпес достар кім десе жұрт Керім екеуімізді меңзейтін. Мектеп бітірген соң арманымызды арқалап, Арқалыққа бірге аттандық. Мұндағы педагогикалық институттың тарих факульеттіне түсіп, бір жатақханадан орын тиді. Сонымен не керек, біздің ең тәтті дәуреніміз басталды. Сабақты да жаман оқығанымыз жоқ. Өйтіп-бүйтіп бірінші курсты да бітірдік. Сессиядан кейін біздің курсты практика үшін Торғай даласында қазба жұмыстарына жіберді. Біздің курс қана емес, бізден жоғары оқитын студенттерді де бекіткен екен. Жапан даладағы практикамыз жаман өткен жоқ. Үш аптаға созылған осы күндерде мен бізден бір курс жоғары оқитын Сәуле деген қызбен таныстым. Орта бойлы, жіңішке келген оның мөлдіреген жанары еріксіз назар аудартады. Ұзын қос бұрымы қазақы тәрбие алғаннын байтата түскендей.


Содан керек, кешкілік алау басында отырыстың бірінде Сәулемен ебін тауып танысып алдым. Көп сөйлей бермейтін, бірдеңе десең езуін тартып қана тұра беретін бір тоға қыз екен. Жасырмаймын, алабұртқан көңілім тек Сәулеге тартады тұрады. Ебін тауып сөз салдым дегендей. Үнсіз қала беретін ол келісімін берді. Сол уақыттары Сәуленің тек маған ғана емес, жан досым Керімге де қатты ұнайтынын білсемші. Түзде басталған біздің махаббатымыз күзде оқу басталғанда жалғасын тапты. Қолтықтасып талай түндерде Арқалықтың көшелерін кездік. Жұбымыз жазылмай театрға бардық. Біздің махаббатымыз күллі жатаққаханаға белгілі-тұғын. Көбісі біздің түбінде отау құратынымызға күмән келтірмейтін. Біздің талай кездесулерімізге досым Керім куә болған-ды...


Екінші курс бітіргенде мені әскерге алып кетті де, Керімнің денсаулығы жарамай оқуын жалғастырды. Польшаға аттанған екі жылға дейін елдің бетін көргем жоқ. Қимай қоштасқан Сәуле сағындырмай хат жазып тұратын. Әрбір хатында ол мені сағынғанын, асыға күтіп жүргенін айтып, сыр бөлісетін. Бірақ... Бір жыл өткенде менен хат үзілмегенімен, одан хабар-ошар азая бастағандай. Бірнеше хатқа бір ғана жауап келетін сәттер көбейді. Ол уақыттары қазіргідей телефон байланысы қол жетімді емес. Тіпті, соңына таман хат мүлдем үзілді десем болады. Сағыныштың сары уайымына батқанымен күндер өтпей қойды. Елге қайтуға жарты жыл қалғанда сарыла күн санаумен болғанымды қайтейін. Бар ойым ауылдағы жақындарым, досым Керім емес, Сәуле ғана болды...


Әскерден елге оралғанда бірден Алматыға келіп қондық. Еш ойланбастан «Қайдасың, Арқалық?» деп ұшаққа мініп, тартып отырдым. Бірақ мен күткен жағдай басқаша еді. Үйден, Керімнен көптен хат алыспаған соң кейінгі жаңалықтардан мүлдем хабарсыз едім. Тек келер алдында ауылға хабар бергенмін.


Арқалыққа келісімен жатақханаға барғам. Баяғы көнекөздердің біразы оқу бітіріп кеткен екен. Біразы қалған дегендей... Әйтеуір, ескі таныстар қарсы алып, көктемнің жайма шуақ күндерінде кешкілік отырысқа қамданып жатты. Ал мен аңсап келген досым Керімді көре алмадым. Әуежайдан қарсы алмағанымен оған бола алаңдай қойғаным жоқ. Тіпті, Сәулені сұрасам ешкім нақты жауап бермейді...


Жағдай тек кешкілік белгілі болды. Менің сүйгенім деп жүрген Сәулемді кейін Керім қоярда қоймай қинап жіберсе керек. Әдептен аспаған Сәуле болса оған қарамаған. Кейіннен дігерлеп қоймаған соң жібісе керек. Талай кештерде биге, театрға барып жүріп бетін бері қаратса керек. Мұны естігенде жарылардай болып, Керімді іздедім. Алайда оның қарасы көзге шалынбады. Кейіннен ашу басылған соң Керімді ұшырата алмадым. Сол уақыттары ол Сәулені алып, Қостанайға біржола кетіп қалған көрінеді. Ескі таныстар басу айтқанымен, мен Сәулемен кездескім келді. Неліктен мұндай қадамға барғанын өз аузынан естігім келді. Алайда оның реті келмеді. Кейіннен бәрі басылған соң мен оқуымды бітіріп, Жезқазғанға жолдамамен аттанып кеттім. Досым деген Керімді, сүйгенім болған Сәулені көре қойғам жоқ. Содан бері 30 жылдан астам уақыт өтсе де ара-тұра осы оқиға жиі есіме түседі. Жастайымнан бірге өскен Керімді әлі кешіргенім жоқ. Себебі, ол менің құлай сүйген ғашығымнан мәңгілікке айырып жіберді...




Жоламан ҚАЛИЕВ, Сәтбаев қаласы

alashainasy.kz 




Көрілген: 3871    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.02.2018, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 16:06
    «Әке-шеше сатамын...»
    9 Сәуір, 14:44
    Күйеуім суып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31