Отбасы - ошақ қасы

Егер әйелі көзіне шөп салса оған еркектің өзі кінәлі

  • © allWomens

    © allWomens

… «Егер еркектің көзіне əйелі шөп салса, демек, өзі кінəлі» деген француздардың мақалы бар. Мен мұнымен толық келісем.


„Иә, егер қазақ əйелі (басқалары да солай шығар) басқа біреумен ұсталып қалыпты деп естісеңіз, 80 процент кінəрат куйеуінде„,


— деп жазды дәрігер Ғабит Нурханұлы Facebook-тегі жеке парақшасында.


Себебі, мен жақсы білем, əйелдер үшін күйеуінің көзіне шөп салу — ең соңғы амал. Ал еркектер үшін бұл «раз плюнуть» нəрсе,


— дейді ол.


— Жас айырмашылығы əр түрлі. Еркектер жас кезінен бастаса, әйелдер 30-40 жастан бастап «өнер» шығара бастайды. Неге? Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры демекші, Мақсаттың қызының оқиғасын алайық. Оның экс-куйеуі мен жаңа күйеуін салыстырып көріңіздерші. Бұрынғысы — Семіз (қарынбай ), дəу қара + Алкоголизм. Ал жаңасы шымыр денелі жас жігіттей, спортзалдан шықпайтын, өз-өзіне 100 процент сенімді.


Семіздік, оған арақты қоссаңыз бұл еркектер үшін біткен деген сөз. Салдары — 70-80% импотенция.


Ал импотенция психиканың бұзылуына əкеліп соғады. Ашушаң еркек басқа біреулерге тиіскіш келеді, өшін, əдетте, əйелдерінен алып жатады. Осыдан келіп, 20-30 жыл бірге тұрып, нағыз қартайған шақта ажырасып жатады.


Ажыраспай, осыған көндігіп жүре беретіндер де бар.


Ал оларда айыңыз не, жылдап жыныстық қатынас болмайды. Сондықтан ондай еркектің әйелін „тірі жесір„ деп шартты түрде алуға болады.


Əйелдер қанша жерден шыдамды десек те бір жыл, екі жыл, үш жыл, тіпті, кейде одан да көп шыдау мүмкін. Бірақ шыдамның да шегі бар. Əйелдер (қазақ болсын, орыс болсын ) еркегінің көзіне шөп салуға, ең сонында, амалы жоқтықтан барады, еркектер, керісінше, кез келген шансты жібермейді.


Міне, осылай. Жас кезде ішіп-жеп, қарын байлап алған соң, 40 жастан асқанда еркектердің дəурені бітеді. Керісінше, əйелдердің қызық шағы басталады.


Əйелдерде жалпы өмірден қалып бара жатырмын деген сезім қартайғанда бірақ оянады. Жас кезінде шыдап-шыдап, ал енді нағыз еркекке керек кезінде бунт шығарады.


Әйелдердің шыдамы шындығында өте мықты. Тіпті, күйеуі басқа біреумен жүргенін білсе де кек қайтарайын деген ой болмайды ғой. Тіпті, айына бір рет болса да нормальный жыныстық қатынас болса, əйелдер ешқашан күйеуінің көзіне шөп салмайды.


Мысалы, күйеуге шыққан қыздар нөмірін ауыстырады, аккаунтарын жабады, «ескілерін» өшіреді, барлық жерге күйеуге шықтым деп жазып суреттерін қояды. Ал еркектер «бір беріп қалар» деген есек дəмемен үйленгенде ешнəрсесін өшірмейді. Еркектерге айтарым, əйелдеріңіз көзіңізге шөп салмасын десеңіз, спортзалға үнемі барып формаңызды жоғалтпаныз, аптасына бір рет болса да əйеліңіздің «ойынан» шығып тұрыңыз.


Əйтпесе, əйеліңізді көңілдеспен ұстап алсаңыз, ренжімеңіз, кінә өзіңізден!


365info.kz


 




Көрілген: 3587    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.08.2018, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Қыркүйек, 12:08
    Жарыма адал бола алмадым
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31