Отбасы - ошақ қасы

Егер жігітім опасыздық жасаса, шыдай алмайтын шығармын

  • Егер жігітім опасыздық жасаса, шыдай алмайтын шығармын

    Егер жігітім опасыздық жасаса, шыдай алмайтын шығармын

 Мен сіздердің тұрақты оқырмандарыңызбын. Аздап өзім жайлы айта кетсем деймін. Мен 21 жастағы қарапайым қазақтың қызымын, үйдің кенжесімін жəне мен көбінесе ата-анамның жəне аға-əпкелерімнің ақылын, кеңестерін тыңдап өскенмін. Өйткені кейде шешім қабылдар кезде басқа да адамдардың пікірін тыңдап дұрыс шешім қабылдау қажет болады екен. Мені дұрыыыс түсініңіздер.


Мен өзімнің ұнататын жігітіммен жүріп жүргеніме біраз уақыт болды. Оны жақсы көремін, ол да мені жақсы көреді деп ойлаймын. Бірақ мен жігітіме сенбеймін, өйткені менімен жүріп жүрген кезде оның басқа қызы бар екенің біліп қойдым. Бірақ ол бəрін түсіндірді. "Бұрынғы қызым, арамызда тек қана бауыр басушылық қана бар, оған сезімім жоқ" деп тағы бір мүмкіндік беруімді сұрады. Мен ойланып,келістім, себебі оны жақсы көрдім. Содан қайтадан кездесіп жүрдік, бірақ мен жақтан оған деген сенімсіздік көбейді. Сол қыз жайлы білгеннен кейін телефонын алмаса да, достарымен жүрсе де сенбеймін. ОСы үшін де жиі ұрсысып қаламыз. Бірақ қанша ренжіссек те, екі жаққа кетпедік. Енді ол үйленейік деп айтып жүр. Ал мен қорқамын, өйткені уйленгеннен кейін сондай опасыздық жасаса, мен көтере алмайтын шығармын. Бірақ ол кезде ешқайда кете алмаймын ғой. Себебі ол кезде ата-анамды жерге қаратқым келмейді, қыздың қайтып келгені ұят қой... Енді ол қызбен қарым-қатынасын шынымен аяқтады ма, кейін басқа қыздарға қарап кетпей ме деген ойлар көп мазалайды мен. Не істесем болады?


Аноним 




Көрілген: 2029    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

сәрсенбі, 18.10.2017, 09:24

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қыркүйек, 09:26
Қыз күнінде бәрі жақсы...
15 Қыркүйек, 10:29
Енем мені менсінбейді
7 Қыркүйек, 10:48
Мұғаліміме ғашықпын...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30