Отбасы - ошақ қасы

Экс-шенеунік сұлу қыздармен жұмыс орнында жыныстық қатынасқа түскенін айтып мақтанды

  • © Depositphotos

    © Depositphotos

Еліміздің министрліктерінің бірінде жұмыс істеген экс-шенеунік ондағы бірінен бірі өткен сұлу қыздармен күніне бес реттен жыныстық қатынасқа түскенін айтып мақтанды деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Бүгінде жеке кәсіппен айналысатын астаналық Арман есімді жігіт 5 уақыт намазын тастамайды. Ал бұдан бірнеше жыл бұрын ол Министрлер үйінде қызмет еткен. Сонда жүргенде ол түрлі сұлу қыздармен тап жұмыс орнында жыныстық қатынасқа түскен екен. Сері жігіт басылым тілшісіне темекі тартатын қыздар ешнәрседен тайсалмайтынын және елдің бәріне қолжетімді болатыны туралы айтып, басынан өткен махаббат "хикаяларын" баяндап берді.


Арманның айтуынша, қызметтегілердің өз ішкі өмірі бар. Ал оны естігендер көбіне жағасын ұстап жатады екен.


Ол министрліктегі бөлімшелердің бірінде басшылық қызмет атқарған кезін еске алып, ондағы қыздардың бірінен бірі өткен сұлу екенін алға тартқан. Министрдің қабылдау кабинетіндегі бойжеткен мен вице-министрдің алдында отырған қыздың сұлулығынан көз сүрінеді деп баяндап берді ол.


Арманның сөзіне сүйенсек, бұл қыздардың барлығы Министрліктер үйінің жертөлесінде темекі тартып тұрады екен. Міне, дәл осы сәтті мүлт жібермейтін жігіт олардың барлығымен танысып, тіпті жақсы қарым-қатынас орнатып алған көрінеді.


Темекі тартқан қыздан бәрін күтуге болады деген жігіт, оларда ұят деген сезімнің де болмайтынын алға тартты.


«Бұл қыздардың барлығы да осы жұмысқа тұрарда қандай қадамға бара жатқанын түсінетін болуы керек. Шенеуніктерге жақын болса, оларға түрлі жағдайлар жасалады. Бірақ бұл кейін болады. Ал бастапқыда түрлі былықтарды бастан кешіруге тура келеді", - дейді Арман.


Сонымен бірге ол қыздар жұмыс орнында жыныстық қатынасқа түсуден де тайсалмайтынын айтады. Ал қазір онымен жақын қарым-қатынаста болған бойжеткендер бір әулеттің келіні атанып, аяулы жар болып жүр дейді экс-шенеунік. 




Көрілген: 4095    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

бейсенбі, 12.10.2017, 11:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан, 19:26
    Кек қуған әйел (оқиға)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31