Отбасы - ошақ қасы

Енем күйеуімнің белсіздігін менен көріп күн бермейді

  • © ngs24.ru

    © ngs24.ru

Мұндай жағдайды ешкімге ашып та айта алмайды екенсің. Бірақ іштен тынып та шаршадым. Біреудің мінін өмір бойы өзің көтеріп жүру де шаршатып жібереді екен.


Әсіресе соңғы кездері психологиялық тұрғыдан қатты шаршап жүрмін. 23 жасымда тұрмысқа шықтым. 6 жыл болды баламыз жоқ. Осы алты жылдың ішінде отбасымызда талай рет ұрыс керіс те болды. Бірақ отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды ғой деп онша мән бермейтінмін. Бірақ соңғы кездері менің адресіме айтылатын «бедеу қатын» деген сөзден шаршап кеттім. Өйткені мен емес, жолдасым бедеу. Алайда оны ешкімге ашып айта алмаймыз. Бедеулік тек әйелде болатындай, енем мені жұрттың бәріне «бедеу» деп жайып болды.


Рас, баста мен де баламыздың жоқтығын өзімнен көретінмін. Емделмеген жерім қалмады, дәстүрлі медицина менен ештеңе таппаған соң бақсы, балгер жағалап та көрдім. Бірақ бәрі менің денсаулығымның дұрыс екенін айтты. Сосын қарсыласқанына қарамай, өзінен емес екенін айтқанына қарамай, жолдасымды сүйрегендей етіп, дәрігерге апардым. Анализ нәтижесінде ұрығы нөл пайыз болды. Оның өзін үйленген соң бес жылдан кейін былтыр ғана білдік. Содан апармаған дәрігерім қалмады, бар тапқан жалақымды соның денсаулығына жұмсадым. Бірақ ұрықтың пайызы да көтерілмеді, бала да болмады. Әлі күнге бір жерден жақсы дәрігер немесе дәрі шығыпты дегенді естісем іздеп тауып, көргенше тағатым қалмайды. Қазір жолдасым шаршады ау деймін, ем туралы айтпайды. Қырсыққанда мұндайдың емі де өте қымбат тұрады екен. Бүкіл қолға түскен жалақы ішпей жемей, емге жұмсасақ та нәтижесі нөл. Бала асырап алайық десек, жолдасым оған да көнбейді. Үнсіз жүмыс пен үйдің ортасында жүре бергісі келеді. Мен де оған үйреніскендей болғанмын. Бірақ енемнің сөздері сүйегімнен өтіп барады. Елдің бәріне мені «бедеу қатын» деп әңгіме таратты. Жолдасымның бедеулігін айтайын десем, оны жұрттың білгенінен күйреп түсе ма деп, бата алмаймын. Бауылары «бедеу әйелді қайтесің» деп мұның да басын қатырып жіберді. Бұрын «қандай қиындық болса да көнемін, тастамаймын, ең болмаса бала асырап алармыз» деп ойлайтынмын. Онымен байқаймын жолдасымның бала асырап алуға ниеті жоқ. Ал мен қанша айтқанмен әйелмін ғой, аналық махаббатымды оятып, ана атанғым келеді. Сондықтан соңғы кездері бөлек кетуді ойлап жүрмін. Жолдасымды да қимаймын, мен кетсем ішкілікке салынып кете ма деп уайымдаймын.


Бірақ өзіңнің қағанағыңды жарып шыққан балаға ештеңе жетпейтін секілді. Сондықтан бөлек кетіп, екінші рет отбасын құрғым да келеді. Қашанғы шыдаймын? Енемнің де бірде естіртіп, бірде естіртпей «бедеу қатын» деген әуенін тыңдағанша, кетіп қалғым кеп жүр. Бір жағынан мұным опасыздық та секілді. Егер елге сыртымнан айтып, нешетүрлі сөздерді бықсытпаса жүре берер едім. Бірақ жазықсыз біреудің міні үшін өзің жауап бергеннен гөрі кетіп қалған дұрыс па деп ойлаймын. Басым қатып кетті. Ақтала беруден де шаршадым. Ой бөлісіңіздерші ағайын.


Әсел Бауыржанова, Алматы қаласы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 3225    Пікірлер: 0

сенбі, 31.03.2018, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31