Енем мен күйеуім мені жетім деп басынады

Енем мен күйеуім мені жетім деп басынады

 Мен басымдағы жағдайымды айтайын деп едім. Кішкентай кезімде анам кайтыс болды 5 жасымда. 19 ға толғанда әкем кайтыс болды. Орны толмас қайғы. Мына өмірге көндіккенен басқа амал жоқ. Құдайға шүкір, 6 бауырым бар. 3 апам 3 ағам. Мен үйдің ең кішісімін. Кіші екенмін деп ерке, бұзық болған жоқпын. Әпкелерім тұрмысқа шықты. Мен ағаларымның колында өстім. Үй жинап, тамақ істеп, кір жуып, жалпы əйел адамның шаруасын істедім. Ол кезде газ деген жок. Пешке істейтінмін. Еркектің де жұмысын істей беретінмін. Арасында ойнап келем. Барлығына үлгердім. Анау әпер, мынау әпер деп айтқан емеспін. Барға қанағат. Сабағым орташа болды. Мені ешкім тəрбиелемеді. Айналама қарап өстім. Студент болдым. Оқуға өз күшіммен түстім. Үйдегілерден ақша сұраған емеспін. Солтүстікте оқыдым. Сол жаққа оқу бітіргесін тұрмысқа шықтым. Үйдегілер ренжіді,  алысқа кеттің ғой деп. Мен махаббаттан басым айналып жүре беріппін ғой. Ешкімді тыңдамадым. Бірақ бауырдың аты бауыр ғой. Хабарласып жағдайымды сұрап тұрады.

Бала көтере алмадым. Енді қайын жұртым жайлы айтайын. Атамда енемде бар. Енем ашуланғанда айтпайтын сөзі жоқ. Жезөкше, сайқал, түрі жаман, тəрбиесіз, оңбаған, сайқалдан сайқал туады. Оқыған оқуын қарашы,  жұмысқа да алмайды деп. Мамандығым педагог-психолог, ал бұл ауылда бір мектептен ештеме жок. Мектепте 3 психолог бар . Мен жұмысқа тұра алмай жүрмін. Ал атам мазасыз, сөйлей береді миды ашытып жағаласады да жүреді. Жарайды деп мән бермей куліп жүре берем. Əйтеуір аман болсын. 
Ал куйеуім жайлы айтайын. Ол менен 2 жас үлкен. Баста оны қатты жақсы көретінмін . Не айтса да соны орындап. Ол сəл нәрсеге ашуланып байбалам салады. Кет кайда кетсе, онда кет деп. Сенен де баска кыз жетеді. Артымнан каншама қыздар жүгіріп жүр солардың бірін ала саламын дейді. Мен жылап қала берем. Мамасының көзінше айтпайтынды айтады. Жеке өзіме айтса да түсінем ғой. Кінәлі болмасам да кешірім сұраймын да жүремін. Ал ол болса көкірегін керіп өзінше болады . Шыдамның да шегі бар ғой. Бір күні кетем деп ашуланып әпкеме хабарластым. Әпкем жұбатты. Татулас асығыс шешім қабылдама деді. Жарайды оған да көндік.
Құда шакырамын деп енем құда шакырды. Яғни менің төркінімді. Олар келді. Бауырларымды қатты сағынып қалыппын. Шыдамай жылап жібердім. Олар да жылады. Жолдан әбден шаршап келгенде дұрыстап қарсы алуға да жарамады ғой. Атам ішіп алып аузына келгенін айтып тәтелерімнің аркасынан ұрып масқара болды. Әпкелерім шошып кетті.  Енем мына жакта менің бауырларымды жамандап үлгеріп жатыр. Олар қызын сатады "южандар" арам,  алғаннан басқа түк білмейді деп көршілерге айтып улгерді.

Қалыңмал сұраған да жоқ,  сен тек бакытты болсаң болды деді. Ал күйеуім болса әпкеме дауыс көтеріп айқайлап, оны ренжітіп қойды. Олар кеткеннен кейін куйеуім бар өшін менен алды. Айтпағанды айтты. Енем қой деудің орнына қостап отыр. Бұлар тұқымымен оңбаған. Тұқымы тұздай құрысын деп ұрысты, менің не жазығым бар еді. Бетіне бір қарсы келген емеспін. Сонда да жақпаймын. Маған бәле жаба береді. Мен емес десем өтірікші дейді.  Әбден басылып қалдым. Өзіме қарауға шамам жоқ. 
Үйдегілер хабарласып, қалай шыдап жүрсің, әбден тозып кетіпсің, басыңды босатып үйге қайт, мына жақтан жұмыс тауып береміз деп отыр.  Өз үйімді ауылымды, бауырларымды қатты сағындым. Бауырдай ешкімнің жаны ашымайды. Олар мені жаман болсын демейді,сенің қайын жұртың бізге ұнаған жоқ деді. Күйеуімнен көңілім қалды, арамызда бала да жоқ. Ақыл қосыңыздаршы, кетіп қалғаным дұрыс па? 

Аноним 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста