Отбасы - ошақ қасы

Еркектер әйелін тоқалындай сүймейді

  • Еркектер әйелін тоқалындай сүймейді

    Еркектер әйелін тоқалындай сүймейді

 Жасыратыны жоқ, қазір «екінші әйел болғым келеді» дейтін қыздар өте көп. Алғашында түсінбейтінмін, «неге өздеріңді екінші сортқа жатқызасыңдар» деп, сөйтсем көп жағдайда екінші әйелдің көп жауапкершілігі жоқ болады екен, ері көп бала тап деп те мазаламайды екен. Есесіне, қымбат сыйлықтар көп сыйланады екен. Оған жан жағымдағы екінші әйел болып жүрген қыздардың өмірі куә. Мен де тоқалдыққа қарсы едім. Бірақ қазір өмірде кейбір нәрселерді уақыттың сұранысына қарай өзгертуге болады деп санаймын. Мәселен қазір қоғамымызда жасы 27-28 ден асқан қыздар өте көп. Тұрмыс құрғысы келмейді емес, келеді тек шаңырақ көтерейік деп сенімді түрде айта алатындары жоқ. Менің де жасым биыл 31-ге келді. Тұрмысқа шыққым келеді.


Әйтсе де тұрмысқа шыға қоярлықтай жігіт жоқ. Жасың 27-ден асқан соң тұрмысқа шықшы деп біреудің ұсыныс айта қоймайтынына көзің де жете бастайды екен. Бухгалтермін. Тұрақты екі жұмыс орным бар. Қосымша кейбір ұсақ компаниялардың есеп-қисабын жүргізіп беріп ақша да табамын. Бір бөлмелі жатаханам бар. Материалдық тұрғыда тәуелсізбін деп айта аламын. Бірақ сол отыздан ассам да жалғыз жүргенім жаныма батады. Былтырдан бері жұмыста жасы 46-дағы бірге жұмыс істейтін қызметтес, отбасылы жігітпен араласып тұрамын. Алғашында жай қызығушылықпен тиіскенмен, сол жасыма дейін қыз болып жүргеніме сүйсінді ау деймін, арамыз содан бері үзілген емес. Ол туралы өзіме де айтқан. Бірақ бір шаңырақ астына тұратындай әңгіме айтпайды. Шыны керек, біреудің шаңырағын бұзғызып, өзіме қосатын ойым жоқ. Бірақ араласатын құрбыларымның отбасын көріп, жақын жуықты көріп соңғы кездері екінші әйел болсаң да отбасын болудың қажет екенін, әйел адам үшін маңыздылығын сезініп жүрмін. Өзім «мені тоқал қылып ал» деп айтуға намыстанамын. Бірақ шыны керек, бүгінгі істеп жүргенім тоқалдың қызметі екенін білемін. Алдынан тәттілеп тамағын дайындап қоямын, арасында киім сатып әперемін. Балалы болғым келеді. Бала өзім үшін туғым келеді. Оны айтып түсіндірдім де, «ешқандай ақша талап етпеймін, өзім бағып қағамын» деп алдын ала айттым. Жасырып керегі не, өзі де гүлін алып келіп тұрады, ара тұра сыйлық та жасайды. Алайда тоқал ретінде қабылдағысы жоқ.


Осындайда ойлаймын, тоқал алуға неге рұқсат етпеске, ең болмаса балама әкесінің тегін алып бере алар едім, өзім туыстарымның алдында жолдасым деп те таныстыра алар едім. Тоқал алуға рұқсат беру талай жанбай қалған шырақтың жануына себеп болар еді. Шаңырақтардың себепсіз бұзылуының алдын алар еді. Сондықтан тоқал алуға рұқсат берсек, қоғамдағы бір мәселенің шешілгені болар еді.




Осындайда айта кетер жайт құрбым да біреудің тоқалы. Жақында әлгі ер адам көлік алып берді. Естуімізше өз әйелі әлі көлікке отырмаған көрінеді. Өз әйелінен бұрын тоқалына көлік сыйлауынан-ақ оның кімді артығырақ жақсы көретіні көрініп тұр. Шынын айтайық қазір тоқалы жоқ, ер адам қоғамымызда кемде кем. Тек заңды түрде рұқсаттың жоқтығы оларды қинайтын сияқты. Сондықтан тоқал алуды заңдастырсақ дұрыс болар еді.




Лаура, Қаскелең қаласы




Көрілген: 2993    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.03.2018, 09:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30