Отбасы - ошақ қасы

Еркектер мені жақсы көреді: Қазақ қызы өзінің бейберекет өмірімен мақтанды

  • Көрнекі фото:      ©Daler.ru

    Көрнекі фото: ©Daler.ru

Бүгінде Алматы облысында тұратын Айнаштың есімі ауылдастары арасында аса танымал. Мектеп қабырғасында жүргеннен бастап-ақ жігіттермен кездесуге әуестенген ол қазір 27-ге келсе де тұрмысқа шықпаған. Жігіттерді жиі ауыстыратын бойжеткен өзінің өмірі мен арманы туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.


Айнаштың айтуынша, ол мектепте оқуда зеректігімен емес, сұлулығымен танымал болған. Десе де, үлгерімі нашар болғаны үшін еш қиналып көрген емес. Себебі ол мектептегі ешкімнің қолы жетпес сұлулардың бірі болғанын айтып, мақтанды.


"Иә, жігіттермен мектеп кезінен бастап жүрдім. Сегізінші-тоғызыншы сыныптарда маған сөз айтатындар қатар көп болатын. Оқу бітірген соң да менің қыр соңымнан қалмайтындар өте, өте көп болды. Жасырмаймын, маған бұл ұнайды. Ал еркектер мені жақсы көретініне сенімдімін", - дейді бойжеткен.


Айтуынша, ол ЖОО түспеген, есесіне шаштараз мамандығын бітіріп, бүгінде сұлулық салондарының бірінде жұмыс істейтін көрінеді.


"Мен оныншы сыныпта қыздығымнан айырылдым. Ол үшін өкінген кезім де болды. Алайда қазір маған бәрібір. Бір жігітпен бір ай, тіпті одан да аз уақыт қана жүре аламын. Маған төсек қатынасын ұсынатындар көп. Бірақ көңілім қалаған адаммен ғана жақындасуым мүмкін. Жігіттер мені емес, мен оларды тастаймын", - дейді Айнаш.


Айнаштың айтуынша, ол бірнеше рет жасанды түсік жастқан. Ал тұрмысқа шықпауының себебін ол былай түсіндірді.


"Мен де балалы болғым келеді, жар сүйгім келеді. Бірақ бұл мүмкін емес сияқты көрінеді. Мен бір ғана адамның етегінен ұстап жүре алмайтын сияқтымын. Маған осы өмірім ұнайды. Шетелге апаратын үлкен кісілерім бар.


Олармен бірнеше айда бір кездесуім мүмкін. Кейінірек өзіме бір бала туып алу туралы ойланатын шығармын. Бірақ, отбасы бола тұра жас қыздарға көз салып, тек төсек туралы еркектерді көргенде оларға махаббат емес, азап сыйлағым келеді. Сол үшін де тұрмысқа шықпаймын", - дейді ол. 




Көрілген: 4854    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.04.2018, 12:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 10:09
    Нәпсіге ерік беріп...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31