Есік көргенді алам деп есім кетіп жүр...

Есік көргенді алам деп есім кетіп жүр...

Сан ғасырлар сорабынан өткен ата-бабаларымыздың мақал-мәтелдеріне мән бермейтініміз бар емес пе? Бірақ маңдайың тасқа тигенде ғана аһ ұрады екенсің. Атам - қазақ қой бағып жүріп шығара берген деп бағалайтын сол мақалдарымызда қаншама мән-мағына жатыр. Қой бағып қана қоймай, ой да баққан екен ғой. «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал» дегенінде де терең мағынаны меңзеген екен. Әттең... Газет оқырмандарымен маза бермей жүрген ойыммен бөліссем деп едім. Бәлкім, біреуге сабақ болар, біреу жөн сілтер...
Бала кезімде керемет ақылды, асқан сұлу келіншегім болады деп армандайтынмын. Адамның ойлағаны емес, Алланың дегені болады екен ғой. Анамның «үйленсейші, бас құра» деп миымды шаға бергенін онша елемей, қалағанымды, жаным сүйген жарымды аламын деп асықпадым. Біраз қыздардың тамырын басып көргем. Бірақ қара шаңырақтың түтінін түтетуге лайықты деп таппадым. Содан күндердің күнінде бір құдашама көзім түсті. Оны бұрыннан да танитынмын. Бірақ мән берген емес едім. Екеуміз бір жерде жұмыс істейміз. Ол есеп маманы, мен жүргізушімін. Алғашында амандасқаннан әріге бармайтынмын. Құдашам күнде бір қылық шығарып, күлімдеп, назданып, өзіне көңіл аудартпай қоймады. «Қымызды кім ішпейді, қызды кім айттырмайды» деп желігіп жүрген шағым. Құдашамның бұрын тұрмыста болғанын да білетінмін. Арыға бармаспын деп ойлағам. Бірақ оның біздің үйдің түтінін түтетеді деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірген емес. Бір жолы ол үйіне шақырды. Туған күнім деп қиыла шақырған соң көңілін қимадым. Құрбылары мен жаққа қайта-қайта қарап күбір-сыбыр еткеніне мән бермеппін де. Іштік, жедік, биледік. Таң ата қарасам, құдашамның құшағына жатырмын. Шошып кеттім. Көп сілтемейтін едім, өзіме-өзім таңғалдым. Осы уақытқа дейін есімді білмей ішпеген едім. Сан соғып қалдым. Құдашаға да бұрынғыдай жолай бергім келмейтін. Бірақ ол амалын тауып қасымнан табылатын. Күндердің күнінде ол маған өзінің менен аяғы ауыр екенін айтты. Ат-тонымды ала қаштым. Бірақ маған алыстау ағайынымның әйелі, яғни жеңге болып келетін оның әпкесі үйге келіп шаңымызды қағып кетті. Егер тез арада үйленбейтін болсақ, мені соттататынын да қоса айтып қорқытып кетті. Мұны естіген анамның есі шықты. «Тіреп тұрған кіміміз бар? - күйіп кетесің ғой, балам-ау, ал енді осыны...» деп еңірегенде етегі жасқа толды. Сонымен, амалсыз үйленуіме тура келді. Беташарымыз да, үйлену тойымыз да көңілсіз өтті. Мен үшін ғана сияқты. Тойға жиылған қауым біртүрлі маған мүсіркей қарайтындай. Құттықтап жатқандардыкі де амалсыз сияқты. Өзімді сондай бақытсыз сезіндім. Ағайын-туыс келіп көмектесіп, жалпылдап жатқанымен көзқарастарында аяныш тұрғандай сезіндім... Талай жыл армандаған "періштем" болады дегенім біреудің сарқындысы болып шыққанына алғашында өзім де сене алмай, басымды тауға да, тасқа да ұрдым. Айы күні жетіп, әйелім босанды. Сүйкімді қызымыз маған ұқсайтын да сияқты. Осыдан бастап әйелім өзінің зымияндығын көрсете бастады. Анамды енем деп сыйламайды. Үлкенге де, кішіге де арпылдап тұрғаны сол. Абысындарына ақыл айтып, бір шыбықпен айдағысы келеді. «Әулетімізге мұндай келін түспеген еді, мынау қайдан шыққан мыстан?» деген екі жеңгемнің күбір-сыбырын да естіп қалдым. «Айыбым бар екен демейді, аузын жауып, тілін қысқарту керек мына қаншықтың» деп аузы батыр бір жеңгем бетіме де айтты. Сыртымнан бықсыған бықсық қаншама? Жерге кірердеймін. Ағайын-туыс тек бізді сыйлағаннан ғана араласатын сияқты. Әйтпесе әйелімнің адам сүйер қылығы жоқ. Сиыр саумайды, нан жаппайды. Бәрін де анам істейді. Тілі деген құлаш-құлаш, келін болып бір ағайынның үйіне барып той-жиында көмектескен емес. Қайын аға демейді, абысын демейді, үлкен-кіші деп сыйламайды. Тілі мен жағына сүйеніп өткеннің орағын, кеткеннің кетпенін алып қалып отырған біреу... Қазір ойлап отырсам, сол туған күнге барғанда құрбыларына мені жігітім деп таныстырып, ішкен суыма ұйықтататын дәрі салып жіберді ме екен. Кім білген, әйелдің қырық қатпарлы қулығы болады дейді ғой, үйленбеген жігітке тиіп алу үшін оны да істеген шығар, Кім білген? Енді өзінің айыбы болған соң именіңкіреп жүрсе де болады ғой. Жоқ, ол қайта одан бетер шабалынып жұрттың назарын өзіне аудартып жүреді. Ажырассам ба дегем, бірақ екіншімізге аяғы ауырлап қалыпты. Бармағымды шайнап жүрмін, не істесем екен, есік көргенді алам деп осылайша өмірім өкінішпен өтіп барады... Не істесем екен?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста