Отбасы - ошақ қасы

Ғашығым мені тастап кеткеніне өкінетін секілді...

  • © anahata.dowlatow.ru

    © anahata.dowlatow.ru

Өмірде неше түрлі жағдайлар кездесетіні рас. Бір кездері сезімдері ұшқындап бір-бірінсіз бір сәт те тұра алмайтын жандар кейін басқа жанмен шаңырақ құрып жатады. «Алаш айнасы» интернет газетіндегі түрлі жандардың өмір белестері менің де басымнан өткен бір жайтты жазуыма түрткі болды...


Біздің достығымыз бірнеше айға созылды. Екеуміздің жүрек түкпірінде жатқан бұлқынған сезіммен күннің қалай өткенін де сезбейтінбіз. Күн сайын кездесіп түні бойы самаладай жарқыраған қала көшелерін аралайтынбыз. Әсіресе, қызбен бірге саябақта отырып әңгімелескенді жаным қалап тұратын. Бірақ жарты жыл бойы кездессек те, өзіне қарай бір сәтке де жақындатқан емес. Нұрайдың бұл қылығына ренжіген де емеспін. Бұл сүйіктімнің тектілігі деп өз-өзімді жұбатып та қоямын. Кәдімгі кеңес кезіндегідей қол ұстасып көше аралап, дәмханада ас ішіп үйіне шығарып саламын. Одан кейін түні бойы ұйқымыз келгенше әлеуметтік желіде немесе ұялы телефонда сөйлесіп жатамыз. Сонымен күн артынан күндер, ай артынан айлар өтті.


Бірақ соңғы кездері Нұрайдың маған деген көңілі саябырсып келе жатқанын сездім. Тіпті, бұрынғыдай емес салқын тартып, кездесуден де қашқақтай бастады. Бірақ алабұртқан сезім қыз қылығына мән де бергізбеді. Бұрынғыдай жалпақтап кездесуге шақырудан танбадым. Көше араласақ та, киноға барсақ та Нұрайдың жүзін жылыта алмай-ақ қойдым. Зорлана жымиған болады. Бірақ оның маған деген сезім ұшқынының сөніп бара жатқанын байқап, жаным аласұрады. Нені дұрыс істемедім? Бәлкім сезімімді басқаша білдірген жөн бе еді деген мазасыз ойлар жанымды жегідей жеді. Соңғы уақытта тіпті менің телефон шалмауымды да өтінді. Мен үшін бұдан өткен қиналыс жоқ. Жанымды шүберекке түйіп не үшін жазықты болғанымды да сұрадым. «Біз енді кездеспейік. Сенің еш кінәң жоқ. Болды енді менімен хабарласпа. Менен үмітіңді үз» дегеннен басқаны айтпады.


Амалым таусылып, махаббат атты іштегі жалынмен күресуге тура келді. Дүние аударылып төңкерілгендей болып іштегі алай-дүлеймен айқаспақ болдым. Достарым қайта хабарлас, қыздар солай хабарласқаныңды күтеді, - дегенді айтатын. Алайда, менің талпынысымнан түк те шықпады. Арада аз уақыт өтпестен тағы бір кездескенде Нұрайдың ішінің білініп қалғанын байқадым. Жүрегім су ете қалды. Іштегі бұрқ-сарқ еткен жалын су сепкендей болды. Жай бас изеп амандасып, қал-жай сұрастық. Қыздың бетінде маған деген бір де бір сезімнің белгісі жоқ. Жүзін жарқын әрі қуанышты етіп көрсетуге тырысты. Бірақ әлі де болса көңілінде бір мұң табы білініп тұрғандай болды.


Бір күні автобуста тағы кездесіп қалдық. Нұрай алдағы апталарда тұрмысқа шығатынын айтты. Қайтейін. Бақыт тілеп, бетінен сүйдім. Басқа амалым да жоқ. Жанарының ұшымен маған соңғы рет қарап кірпіктерін дірілдете қоштасқан қыз автобустан түсіп кетті. Сонымен бірге менің сезімім де менімен қош айтысқандай болды. Жүрегім қан жылап, махаббат хикаясының мұңды аяқталғанына ызам да келді. Сан соғып қалғаныма қапаландым. Амал нешік. Уақыт дегенін істеп әріқарай жылжи берді. Нұрай тұрмысқа да шықты. Мені үйлену тойына шақырған жоқ. Солай болғанын жөн деп шештім.


Кейін мен де басқа қызды жолықтырдым. Бәрі сәтті болып, сезім оты қайта тұтанып ол үлкен махаббатқа ұласты. Бір-бірімізсіз тұра алмайтын күйге жеттік. Ақыры үйленіп отбасын құрдық. Қазір ұлым бар. Ешқандай уайым-қайғысыз өмір сүріп келеміз.


Бір күні баяғы қызым қоңырау шалды. Қал-жағдай сұрасып өткен-кеткенді әңгімелестік. Мені тастап кеткеніне өкінетін секілді. Дауысыңда мұң бар. Сөйтсем менен жыраққа кеткен қызымның тағдыры мүлде басқа арнаға бұрылыпты. Қалап алған жары үйленген соң бір-бір жарым ай өтпестен тайып тұрған. Баланы өз төркінінде аман-есен дүниеге әкелген. Сөйтіп, қанша қиналса да өсіріп жеткізуге өзіне уәде беріпті. Тасжүрек әкенің тіпті содан бері іште қалған өз баласын көрмеген болып шықты. Менен жақсы қорғаушы тауып беруімді өтінді. Сөйтсем, бірнеше жыл өтсе де жұбайы ешқандай алимент төлемеген. Тіпті, телефонын да көтермепті. Ал ең қиыны олардың некесі заң жүзінде тіркелмеген екен. Мен барынша көмек көрсеткен болдым. Бірақ жаралы жанды мұнымен жаза алмайтыным анық. Әрине, баяғыда жұптассақ мұның бірі де болмас еді. Әрине, бәріне тағдыр кінәлі. Тағдыр, өкініш, үміт...


Автор: Саян Жолымбет

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1557    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 06.12.2017, 11:18

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
2 Желтоқсан, 19:26
Кек қуған әйел (оқиға)

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
желтоқсан
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31