Отбасы - ошақ қасы

Ғашығыңмен қарым-қатынасты үзу жолдары

  • Ғашығыңмен қарым-қатынасты үзу жолдары

    Ғашығыңмен қарым-қатынасты үзу жолдары

Кез келген қарым-қатынасты үзудің түрлі жолдары бар. Оның айқын мысалдарын біз күнделікті өмірде көріп жатамыз. Қазір солардың бірнешеуін атап айтпақпыз.


Біріншісі – қарым-қатынасты біртіндеп үзу. Әдетте қарым-қатынасты үзгісі келген адам көңіл жарастырған адамының көңіліне қарап, сезімі суығанын айтуға батпайды. Бұл екі адамға да ауыр болады. Себебі серігіңіз өзін ұзақ уақыт бойы алдап келгеніңізге қатты өкпелеуі мүмкін.

Екіншісі – қарым-қатынасты күтпеген жерден үзу. Бұл әдіс біріншіге тіптен қарама-қайшы. Бұл да екінші адамға ауыр тиеді. Себебі сізге қарым-қатынасты қалаған уақытыңызда үзе салу жеңіл болғанымен, серігіңізге күтпеген соққы болады.

Үшіншісі – «жоғалып» кету. Телефон нөмірді, пәтерді, тіпті тұратын қаланы ауыстыру. Көңілге көптеген күдік ұялатып, көкейде көп сұрақты жауапсыз қалдыратын жағдай.

Төртіншісі – қарым-қатынасты электронды түрде үзу. Егер қарым-қатынасты үзгіңіз келетінін серігіңіздің бетіне айта алмасаңыз, электронды хабарлама жазып, бәрін баяндауға болады. Мұндай хаттар «Кешір, біз бір-бірімізге лайық емеспіз. Дос болып қалайық»-деген сыңайда болады.

Бесіншісі – қарым-қатынасты желі арқылы үзу. Бұл үшін желідегі парақшаңызға «Басым бос. Жаңа қарым-қатынасқа дайынмын» деп жазсаңыз жеткілікті. Серігіңіз өзінен бас тартқаныңызды айтпай-ақ түсінеді.

Алтыншысы – телефон арқылы. Үйде ешкім болмайтын уақытта үй телефонына қоңырау соғып, авто жауап бергішке ойыңыздағының бәрін айтып тастауыңызға болады.

Жетіншісі – қарым-қатынасты ата-ана арқылы үзу. Өз ата-анаңызға немесе серігіңіздің ата-анасына ойыңызды айтып, оған жағдайды түсіндірулерін сұрауыңызға болады.

Сегізіншісі – достар арқылы үзу. Досыңыз немесе құрбыңыз арқылы хаты жазып жіберуіңізге болады.


reactor.inform.kz




Көрілген: 1199    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 02.12.2017, 21:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Желтоқсан 2017
    Кек қуған әйел (оқиға)

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31