Жас жігіттерді көрсем, желігім қозады...

Жас жігіттерді көрсем, желігім қозады...

Менің жасым қырықтан енді асты. Мектепте мұғаліммін. Жалғызбасты әйелмін. Аса сұлумын дей алмаймын, бірақ тартымдылығым жоқ емес. Мәселе онда емес. Күнделікті жұмыс, үй өмірімде мен үшін қызық қалмағандай.

Негізі, ауылдағы ең пысық жігітке 25 жасымда тұрмысқа шыққан едім. Екі баламыз болды. Ауылда жұмыс тоқтап, жолдасым жұмыссыз қалды. Мұғалімнің айлығы аз, ата-енемнің пенсиясына қарап отыру ұят болғасын Алматыға көштік. Келе сала Шаңырақ жақтан жалға времянка алдық. Күйеуім экспедитор болып жұмысқа кірді. Тірнектеп жүріп ақша жинап, бес жыл дегенде қала шетінен жер алып, шағын үй салып алдық. Күйеуім дүкенімізді дөңгелетіп, саудамыз қызып тұрды. Жағдайымыз оңала бастаған кез.

Астыма көлік сатып әперді, түрлі киім киіп, қалағанымды ала алатын халге жеткенде бойыма бір желік біте бастады. Достарымыз көбейді.

Құрбыларыммен апта сайын сауналататын болдым. Саунаға жігіт шақырып, жайлап шешінгенін көріп, оның мүшесін ұстап, умаждап қыздармен мәз болатынбыз.
Еріккен ақшалы қыз-келіншектер шараптан алып отырып, сырларымызды ақтарып, қызды-қыздымен төсек мәселесін әңгімелеуге де ойысып кететінбіз.

Күйеуіммен қарым-қатынасымыз қиындай түсті. Уақыт өте келе салқындай бастағандаймыз. Бастапқыда құрбыларыммен қыдыруыма көп қарсы болмайтын, кейіннен тыйым сала бастады. Мен ол қаншалықты қарсы болған сайын, соншалықты қырсығып, керісінше жасайтын болдым. Балаларымды қарайтын әйел бар.

Менің бос уақытым көп, бірде көлігіммен кетіп бара жатып, қол көтеріп тұрған бір жігітке тоқтадым.

Менен алты жас кіші екен. Асылбекпен сол күні пәтер жалдап, айызымыз қанғанша «көкпар тарттық». Жыныстық қатынасты әбден сағынып қалыппын.
Асылбектің мені алай аударып, былай төңкергеніне көніп, әбден есіміз кеткенше болдық. Бұдан кейін де Асылбекпен бірнеше рет кездестім.

Құрбымның бірі таныстырған Әділ есімді жігіт те төсекте жаман емес.
Жыныс мүшесі үлкен, нар тұлғалы жігіт менің үстімде жатқанда өзімді бір патшайымдай сезінетінмін.

Өзімнен жасырақ жігіттердің маған қызығушылығы маған одан сайын желік бітірді. Әдеттегідей кафеге барып тамақтанамыз, сосын пәтерге барып көңіл көтереміз.

Бір күні үйге келсем, күйеуім де, балаларым да жоқ. Телефонына хабарлассам ауылға, әке-шешесіне кетіп қалыпты. Дүкенімізге екінші сатушы жалдаған екен. Дереу Нарынқол қайдасың деп жол тарттым. Күйеуімнің, балаларымның бетіне қарауға ұят. Оқуларын осында жалғастырып жатыр, ата-енемнің оларды беретін түрі жоқ. Қайта күйеуім әкем мінеді деп көлігімді (соның атында болатын) алып қалды. Басым салбырап Алматыға қайттым. Бұрынғыдай жүретін күйеуімнің ақшасы жоқ. Байырғы мамандығым бойынша мұғалімдік жұмысыма қайтып орналастым.

Ақшам жоқ болғасын әлгі нақсүйелерім Асылбек пен Әділге де керегім болмай қалды.
«Сендей әйелді кездестіру бақыт», «Сен сондай кереметсің» деген сөздерінің бәрі жалған болып шықты.

Өз қолыммен құртқан бақытты қайтару қайда? Ең бастысы балаларым үшін жаным ауырады.

Қызық қуып жүріп барлығын да ұмытыппын. Енді соның зардабын тартып жүрмін. Жұмысым да мектепте болған соң, менің балаларыммен жасты бүлдіршіндерді көрсем жылағым келеді. Ондай кезде менің өмір сүргім келмей кетеді.

Барып күйеуімнің, балаларымның, ата-енемнің аяғына жығылсам ба екен? 

365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста