Жас келіншек «сән», үлкен әйел «мән» бе?

Жас келіншек «сән», үлкен әйел «мән» бе?

«Сананы тұрмыс билейді». Тұрмыстан бұрын жұмысты құп көріп, талай қыздар «оң босағада» отырып қалып жатыр. Жайлы жер іздеп, «жағдай түзейміз» деп «сүрбойдақ» боп жігіттер де жүр. Қыздар: «нормальный жігіт жоқ», жігіттер жағы: «нормальный қыз жоқ» деп ақталады. «Нормальный» деген «жаргон» өтімді боп тұр, қазір. Сонда қыз бен жігіт біткеннің бәрі «не нормальный» ма, қалай? Ұлдан - ұлық, қыздан - қылық құрыды.

Кішкентайынан қатаң тәрбиемен өскен көптеген қыздар, неге тұрмыс құрар шағында әдептен аттап кетеді екен. Сегіз қыз өсіріп, бәрін де аман-есен ұясынан ұшырып, құтты орындарына қондырған Рыскүл Балтабаева «бізді құртқан батыс» дейді. Сөзінің «жаны» бар, «желөкпе» жастар жаһанданудың «құлқынында» жұтылып барады. РЫСКҮЛ БАЛТАБАЕВА, зейнеткер - Қыз баласын қадірінің барында ұзатқан дұрыс. 18-19 жас шамасы қыздардың нағыз келін болатын жасы. Ауылда тұрып, қазақи тәрбиемен өскен қыздар қалаға оқуға кетіп «бұзылады». Ең бірінші шашын қысқартады. Шаш қысқарған соң, ақыл қысқарады, етегі қысқарады, сөзі өзгереді. Соңында кейбірі темекіге әуестеніп, аузын араққа былғап, қадірін қашырып бітеді. Өкпесі де, құрсағы да уланған, аузы сасық ондай жар ешкімге керек емес?Өлмей-ақ, он екі қыз тудық. Дұрыс тәрбиеледік деген ойдамын. Кешқұрым үйден шығармай, бәрі де тұрмыс құрғанша, күзеттік. әрі бір-бір шаңырақтың ұйытқысы боп өмір сүріп жатыр. Қыз баласына ұядан ұшқанша тәрбие жайында айта беру керек. Қыздың жақсы болмағы -анасынан. Хош делік! Қазіргі қыздардың келін болудағы танымы дейміз бе, түсінігі дейміз бе, тіпті түсініксіз. Не күйеуін, не енесін, не атасын сыйлай білмейтін, келіндер көп. Отбасының беріктігі әйелге байланысты. Бұрынғының әйелдері қазіргідей өркениетті көрмесе де, көшпенді ғұмыр кешсе де, тұрмыстың тауқыметін тартса да, жанұяның бүтіндігін сақтаған. Кеңестік кер заманда да қазақы тәрбиенің қазығы мықты болғандықтан шығар, келіндер өз қадірін кетірмеуші еді. Ал, қазір айтуға ауыз бармайды. Кеше үйленген төрт ерлі-зайыптының біреуі бүгін ажырасып жатыр. Бұған бойдақтар мен бойжеткендерді қосыңыз. Сонымен ұзын-саны қанша адамның жалғызжарым өмір сүріп жатқанын ешкім білмейді. Биыл 28 жасқа толған Гүлнәр Ботабекова келін боп, сәлем салуды армандамайды. Күйеу жігіттің байын күтеді. ГҮЛНӘР БОТАБЕКОВА, «Кәріқыз» - Енді 2 жылда 30 жасқа толам. Менімен жасты сыныптастарым, достарымның бәрі үйленіп, балалы боп кеткен. Ал, мен «карьера» қуып жүрдім. Ата-анама көмектесейін, қарасайын дедім. Одан алдымдағы әпкелерімді күтіп жүргенімде, «кәріқыздардың» қатарына қосылдым. Мені енді кім алады? Отбасын құрғанда да, күйеуіме ерте тұрып тамақ дайындап, оның кір-қоңын жуып жүргім келмейді. Ата-енемнің де сынын көтере алмаспын. Маған үйден емес, көшеден тамақтанып, сауық салып, өзімен бірге ертіп жүре беретін, менен ақшасын аямайтын еркек дұрыс деген ойдамын. ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз ғой, еш айыбы жоқ, меніңше. Оқыған-тоқығаны бар қыздардың айтары осы. Әр нәрсе өз уағында дегендей, жасы келген жігітті де, қызды да үйленуге асықтыру керек. Әйтпегенде адам таңдап қалады. Баяғыда әжелеріміз: «Басында шәпкісі, қолтығында пәпкісі бар, байды күтіп жүрсіңдер ме?» - деп «кәріқыздарды» әжуалайтын еді. «Елдің бәріне бірдей аталы бай қайдан болсын»! Осындай-осындайдан кейін, қазір қоғамда жігіттердің өзінен 10-15 жас үлкен әйелдерге үйленуі жиілеп келеді. Олардың мұндай қадамдарын үш жақты қарау қажет. Біріншісі: жасы үлкен келіншектер ақыл тоқтатып, ерінің қадірін білетіндіктен; екіншісі: әйелдердің барлық жағдайы жасаулы, қосымша материалдық көмек талап етпейтіндіктен; үшіншісі: Хадиша р.а анамызды алғанындай Пайғамбарымыздың с.а.у ізімен жасы үлкен әйелге үйленуді хош көреді екен. Біз осы үш түрлі ұстанымдағы жігіттермен сұхбаттасқан едік. ДАНИЯР ПАЗЫЛ, бойдақ - Маған тек қана жасы үлкен қыздар ұнайды. Өзіммен жасты қыздармен әңгімем жараспайды. Ал, үлкен қыз-келіншектердің түсінігі мол, тәтпіштеп ешнәрсе айтпайсың, үйретіп те жатпайсың. Жас қыздардың үйінде анасы бермеген тәрбиесін, не үшін енесі беру керек. 20 жасқа жеткенше тамақ пісіруді үйренбесе, несіне қыз боп туған. Бірақ жасы үлкен қызға үйленуге анам қарсы. Қазір 13 жас үлкен сүйіктім бар, 5 жылдан бері біргеміз. Және анам айтқанынан қайтпаса, үйлене салам деп танысып-білісіп, сөйлесіп жүрген өзім қатарлы жас қыз бар. Бірақ ол маған ұнамайды. Қазіргі қыздар қызық, таныса салысымен сыйлық сұрайды. Жағдайыңа қарап таңдайды. Маған жас қызым «Айфон әпер» дегенде шалқамнан түстім. Оның бір телефоны, менің үш айлығым. Жігіттердің бәрінің жағдайы керемет емес, сол себепті кәріқыздар көбейіп жатыр. ҰЛАН ҚАЙРАТ, бойдақ - Қазақстанда оп-оңай жағдай жасап алу қиын. Мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыда өстім. Университетке де түсе алмадым, ақшамыз болмады, оқу қымбат болды. Жұмыс істеуің керек қой. Бір үлкен сауда орталығында күзетші боп жұмыс істей бастадым. Неше түрлі бай әйелдер келеді. Арман ғой, біз сияқты кедейге ондай әйел. Бір күні бір бай келіншектің пакеттерін көтерісіп, көлігіне дейін жеткізіп бердім. Әлгі келіншек өзі телефон нөмірімді сұрап алды. Біраз күннен соң, хабарласты. Кездестік, таныстық, табыстық. Жағдай өте жақсы, қазір. Не кием, не ішем демеймін. Оқуға түстім, ол ақшасын төледі. Ресми үйленген емеспіз, діни некемен-ақ бірге өмір сүріп жатырмыз. Ол «жас» деп маған, мен «қалталы» деп оған қарап, жарасып кеттік, бауыр басып қалғанбыз. Ол менен жасы үлкен болғандықтан ба, өте қамқор. Ол туралы менің отбасым білмейді. Үйленетін қыз қарастыруда, ата-анам. Ал, мен үлкен әйелімнен бас тартпаймын. ТАЛҒАТ ЖАЙЛАУБЕК, бойдақ - Біріншіден, сауап үшін, Пайғамбарымыз с.а.у өзінен 15 жас үлкен Хадиша анамызға үйленген. Одан басқа он әйелі боалғн. Жиһадтан қайтпай қалған сахабаларының жесірлерін алған, Пайғамбарымыз. Жалғыздық Аллаға ғана жарасады. Әйелдер егесіз болмағаны ләзім. Екіншіден, жесір, не «кәріқыздар» боп отырып қалып, ешкім алмаса, оларға қиын ғой. Көңілдері қалып, жаман жолға түсіп кетулері де мүмкін, Алла сақтасын. Үшіншіден, жасы үлкен жесір әйелдердің өмірлік тәжірибесі бар, жас қыздар сияқты ұшқалақ емес, байсалдырақ болады. Бұл тұрғыда халықтың түсінігі де қызық қой, ұялатын нәрседен ұялмайды, ұялмайтын нәрседен ұялады. Қыздардың жаман жолда немесе жалғызбасты боп жүргенінен, күйеуге тиіп бақытты өмір сүргені жақсы емес пе? Соншалық 10-15 жас айырмашылық болмаса да, зайыбы берісі - 5, әрісі – 8-10 жасқа үлкен болса да, бақытты, тату-тәтті өмір сүріп жатқан отбасылар жетерлік. Бұл тұста, біздің халық мұндайды жаппай құптай бермейді. Тіпті балалы жесірлерді қоғамның сорына теңеп, қор санайтындары бар. Өз ұлдарының басында бадырайған міні болса да, жас қыздарды телігенді ұнатады, көбі. «Кәріқыздарды» кәрі шалдарға лайық көреді. Бұл неғылған кісәпірлік десеңізші. Жанар Балтабекова өзінен 7 жас кіші жігітпен отау көтеріп, төрт баланың анасы атанып отыр. Оның да күйеуінің жұртынан көрмегені қалмаған. Сондағысы жасының үлкендігіне шүйліккен атасы мен қайын ағасы. ЖАНАР БАЛТАБЕКОВА, көп балалы ана - Бір-бірімізді ұнатып қалдық. Үйлендік. Екі адамды Құдай қосады ғой. Ал, оларды ажыратамыз дейтін адамдарды еш түсіне алмаймын, өз басым. Күйеуіммен сырт келбетімізден жас ерекшелігіміз білінбейді. Келін боп түскеннен кейін, бір жылдай ауылда ата-ененің қолында тұрдық. Енемнен емес, атамнан көрмегенім қалмады. Жасымның үлкендігін бетіме басып, «Кет, балама тең емессің» деп ажырасуымызды талап етті. Өзім Солтүстіктің қызымын, жолдасым Оңтүстіктен. Солтүстікте жас ерекшеліктеріне де, келіншектердің «статусына» да мән бермейді. Екі жас бақытты өмір сүрсе болды. Ал, Оңтүстікте қиын екен, «менталитет» басқаша. Аталары келін мен баласының арасына түсіп, ажырастырып жіберген. қаншама таныстарымыз бар. Қайын атаммен түсініспеген күйі, күйеуім екеуіміз Алматыға көшіп кеттік. Шүкір, бақыттымыз. Төрт баламыз бар. Жаста тұрған ешқандай проблема жоқ деп ойлаймын. Ешкім араға от салмаса екен, ең бастысы. «Ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі» деуші еді. Жасырын емес, екі жастың бақытын ойламай, келін мен баласын қасақана ажыратып жіберетін, пұшайман пиғылды ата-аналар бар. Толық емес отбасыдан шыққан қыздарды да көптеген жігіттердің өздері «ойыншық» санаса, әке-шешесі де жақтырмайды. Бұл әлеуметтік кемсітушілік боп саналады, шынтуайтында. Салдарынан талай қыздар алданып, жалғызбасты ананың кебін киіп жатыр. Сондай да, жігіттің өзінің де, ата-анасының да жауапкершілігін арттыру үшін, кісінің қызын қорлатпай, не сотқа беру керек, не қомақты көлемде айыппұл салу жағын қарастыратын уақыт жетті. Қашанғы тастандының да, жетімнің де, жесірдің де көз алдымызда көбеюіне үндемей қарап жүре береміз. Белгілі қоғам қайраткері Камал Бұрханов мұның бәріне елімізде отбасы құндылықтарының төмендеп кеткенін кінәлайды. «Жанұяны жанынан артық құрметтеуді әр отбасының әрбір мүшесіне ұғындыратын мықты ұлттық идеология жұмыс істеуі керек» - дейді. КАМАЛ БҰРХАНОВ, қоғам қайраткері - Жалғызбасты аналар, сүрбойдақтар, жалпы ажырасқан адамдар ұлттың болашағына кері әсерін тигізетіні айдан анық. Ал, бұл проблема өздігінен шешіледі деу қате пікір. Бұл жерде мемлекет, ел, қоғам, яғни бәріміз де бір кісідей атсалысуымыз керек. Шетелде бұндай тәжірибе бар, мәселен, Сингапурда. Әрине, жанұя құру әр адамның жеке мәселесі. Бірақ, ел, қоғам бола тұрып қолдан келгенше көмек беруіміз керек сияқты. 1) Көп әйел алам дегендерге еркіндік беру керек. 2) Баяғы заманда көп әйел алу тек байларға тән болды. «Бай» дегенді орысша аударсақ, әрі «муж», әрі «богач». Ал қазір заман басқа. Кейбір еркектерден тұрмыс жағдайы әлдеқайда жоғары әйелдер бар. Бірақ күйеуі жоқ. Осы жерде «бай-байға, сай-сай құяды» деген ескі көзқарастан бас тартуымыз керек. Бұрынғы заманда да көп әйелді отбасылар «кооператив» сияқты, яғни, экономикалық бірлестік сияқты болатын. Барлығы шаруашылыққа да, малға да, балаға да бірге қараған. 3) Жас отбасыларға мемлекет көмектесуі керек. Мәселен, үй салу үшін жер беруге болады, бірақ, 10 жылға дейін сатуларына болмайды. Егер ерлі-зайыптылар 10 жылда ажырасып кететін болса, жерді үкімет қайтып алуы керек. Сонда үйлене салып, ажырасып кетпейді. Ерлі-зайыптылардың, бір серігінің жасы үлкен бе, кіші ме, жанұяның бақыты оған мүлде байланысты емес. Сыйластық болған жерде, отбасының беріктігі де сақталады. Ең бастысы отбасы құндылықтарын сақтауды барлық жұбайларға үйрету қажет. Қазақта жесір де, жетім де болмаған. Жесірлерді жатқа ұзатпаған. Ондағысы, ұрпақ сыртқа кетпесін дегені. Қазір «әмеңгерлік» салты ұмыт қалды. Ілуде біреу әмеңгерлікке жүгінбесе, халықтың мұнысын қазіргілер «жабайылыққа» жатқызады. Мұндайда баланың обалын ойлаған жөн. Келіннің соңынан еріп барған баланың жаңа отбасыға сиысып кетуі екіталай. Біреудің баласы біреуге бала болсын ба? «Әмеңгерлік» ескіліктің естісі екенін ұмытпасақ екен. Мәселен, жасы үлкен жесір келіншекті сауап үшін әйелдікке алып, баласына келгенде сараңдық танытатындар да кезігеді. Балаға обал емес пе? ИБРАИМ БАБАЕВ, тарихшы - «Әмеңгерлік» қазіргі заманда жоқ та шығар. Біздің ауылда осындай жағдай болған. Үлкен ағамыз қайтыс болған соң, жеңгемізді 2 баласымен жесір қалмасын деп әмеңгерлікті ұстанып, туған қайын інісіне алып берген. Қазір ол кісілер 10 баланың ата-анасы. Тағы бір жағдай, жесір әйелді балаларымен жатқа ұзатып, шығарып салған да болды. Алайда, жесір әйелдің артынан кеткен балаларымен ағайындары араласып тұрады. Өзінің шыққан тегімен араластыру-араластырмау анаға байланысты. Әмеңгерлікпен болсын, басқа жағдайда болсын, екі жақты келісіп, бір-бірін ұнатып жатса, қосылғаны дұрыс. Жас шамасына қарап қажеті жоқ деп санаймын. Өйткені, жаста тұрған ештеңе жоқ. Өзге ұлттың жетегіне еріп кеткенге қарағанда, әмеңгерлікті ұстанып қазақ-қазаққа үйленіп жатса жақсы. Шариғат не дейді, бұл мәселеде. Пайғамбарымыз с.а.у «Үйленіңдер, көбейіңдер. Мен сендердің үмметтеріңмен мақтанайын» деген. Жасы үлкен бе, кіші ме, бай ма, кедей ме бәрібір, ер мен әйелге үйленіп, үй болу парыз. Мәселе жаста емес, баста. Отбасының бүтіндігін сақтау үшін, иман, сана, ақыл, парасат керек. ҚАНАТӘЛІ ТАКИРОВ, «ӘЛИ-МҰХАММЕД» мешітінің бас имамы - Жалпы, Ислам дінінде әйелдердің ер адамнан жасы кіші, не үлкен болсын дегендей қатып қалған қағида жоқ. Ер мен әйелдің тағдыр қосудағы маңызды мақсаты Алла разылығы үшін, бас қосу және бақытты болу. Алла Тағала Құран-Кәрімде: «Еркек - әйел адамға үстемдік етуші» деп, бақытты болудың бірден-бір жолын баян еткен. Яғни, еркек адам әйелге билік қылушы, оны қорғаушы, ішкізіп-жегізіп, киіндіруші, отбасының егесі. Ал, әйелдерге қатысты Пайғамбарымыз с.а.у айтқан: «Әйелдерге көп нәрсе қажет емес. Әйелдер бес уақыт намаз оқыса, күйеуіне «итағат» етіп мойынсұнса, көзі тірісінде күйеуінің разылығын алса, ақыретте жаннаттың қалаған есігінен кіреді» деп. Маңыздысы, әйелдің еріне бағынуы. Хадиша р.а анамыз Пайғамбарымыздан с.а.у 15 жас үлкен болған. Олардың өмірі бізге үлгі болуы тиіс. Хадиша анамыз «жасым үлкен екен» деген жоқ, Пайғамбарымызды с.а.у ері ретінде сыйлап, ардақтап, досы да бола біліп, барлық әйелдік парызын мінсіз орындап өткен. Маңыздысы, ердің ер, әйелдің әйел ретінде, әркім өз орнын біліп, өз міндеттерін дұрыс атқаруында. Пайғамбарымыз с.а.у айтқан: «Қандай да бір қауымды әйел басқаратын болса, ол қауым құрдымға кетеді, оңбайды» деп. Осыдан-ақ, әйелдің отбасындағы да, қоғамдағы да орны мәлім боп тұр. «Ердің жәннатқа жетуі – ата-ананың разылығында, әйелдің жаннатқа жетуі – күйеуінің разылығында» деген. Ең бастысы ер мен әйелдің бір-біріне деген ризашылығы, жастың ерекшелігі емес, шариғат шектеу қоймайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у жар таңдауда үш нәрсеге мән беру керектігін айтқан. Біріншісі, әйелдің сұлулығы, екіншіден, байлығына және соңғысы имандылығына. Егер жігіт болашақ жұбайының имандылығын бағалап, таңдаса, алдыңғы екеуінің, яки, сұлулық пен байлықтың өздігінен келетінін тағы айтқан, Нәбиіміз с.а.у. Неке мәселесінде қателеспеген жөн. Жұбайлар үшін некенің адалдығын, беріктігін сақтаудан үлкен жауапкершілік жоқ. Ал, «махаббат жасқа қарамайды». Ең бастысы адамдар бақытты өмір сүреуге амал қылсын. Рахман иеміз барлық отбасын әрдайым бақытына бөлесін. Біздікі, тек оқырманға ой салу.
Дайындаған: Мөлдір Нұрман

qamshy.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста