Отбасы - ошақ қасы

Желі арқылы танысып, ессіз ғашық болып қалған жігітім түрмеде отыр екен

  • ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

    ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Өмір қызық. Шым-шытырық кинодағыдай дерсіз. Менің де оқырманмен бөлісер сырым, алар кеңесім бар... «Отбасы – ошақ қасы» деген айдарға менің де жазғанымды шығарыңыздаршы, өтінем.


Заман өзгеріп қазіргі жастар өз бақытымызды интернет желісі арқылы іздейтініміз жасырын емес. Менің жасым 28-де. Өскемен қаласына тұрып жатырмын. Ата-анам шалғай ауданда тұрады. Өзім мектепте мұғаліммін. Күні-түні жұмыс. Үйге келесің тағы жазып-сызу. Арасында «Друг вокруг», «Сайт знакомства» деген сияқты танысу бұрыштарына да ілігіп кетесің. Бірақ ешқашан агентпен танысамын деп ойлаған емеспін. Түнімен компьютерде жұмыс істеп отырғанда, агент қосылып тұрады. Жазатын құрбы-құрдас, дос-таныстар.


Бір күні түнде компьютерде сабақ жоспарын жасап отырған едім, Агент арқылы біреу авторизация жіберді. Анкетасын қарамастан бірден қабылдай салдым. Онлайн, бірақ суреті жоқ. Бейтаныс жан бірден танысуға көшті. Жасы менен алты жас үлкен жігіт екен. Есімі - Хамит. Осылайша бірден әңгімеміз жарасып кетті. Сағатқа қарасам түнгі үш. Осылайша қимай қоштастық. Көбіне өмір жайлы сөйлестік. Жігіт өзі туралы ашылып айтпады. Тек мен жайлы сұрай берді. «Қай қаладасың?» - деп едім «алыстамын», - деді.


Келесі күні жұмыста Хамитті ойлап жүрдім. Үйге келе салып, компьютерді қосып, Хамиттің шыққанын күтемін. Осылайша Хамитке бауыр басып кеттім. Сөз саптауынан диалектісінің оңтүстік облысқа келетінін байқадым. Осылайша екі айт өтті. Біз бір-бірімізге бауыр басып кеттік. Виртуалды махаббат туды. Күні-түні ойлайтыным сол агенттегі бейтаныс жігіт. Хамит маған өз суретін жіберді. Өңі өте келісті жігіт екен. Телефон арқылы да сөйлесіп үлгердік. Мен емес өзі әртүрлі нөмірлерден хабарласады. Мен сол нөмірлерге хабарлассам, «телефон сөндірулі немесе қызмет көрсету аясынан тыс жерде» деген барлығымызға таныс бикештің дауысын естимін.


Бір күні маған Хамит өзінің түрмеде отырғандығын айтты. Ең басында шошып кетсем де ештемені білдірмей ары қарай әңгімемізді ұштай бердім. Менің еш реакциясыз қабылдағаныма Хамит риза болып қалған сыңайлы, ашыла түсті. Хамит Семей жақта түрмеде отыр екен. Жамбыл облысында есірткімен күрес бөлімінде тергеуші болып жүрген кезінде, коррупциямен ұсталған екен. Бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жеке өзіне тиесілі мүлкін тәркілеу белгіленіпті. Жамбылда тұрмысы жаман болмаған сияқты. Басында екі үйі және жаңа маркалы машинасы болған екен. Ажырасқан. Әйелі татар, бір қызы бар. Кейіннен Хамит сотталып кеткен соң әйелі басқа азаматқа тұрмысқа шығып, Қазан қаласына кетіп қалыпты. Жамбыл облысында екі әпкесі тұратын көрінеді.


Менің мемлекетке, әріптестеріме еш өкпем жоқ, заман солай, мен болмасам да басқа біреулер ұсталып кетер еді. Саясат. Басқаларға сабақ. Менің жолым болмай қалды. Менің жазамды өтеп шығуыма аз уақыт қалды, егер мені ұнатсаң сенімен жаңа өмір бастауға дайынмын. Шыққан соң бизнеспен айналысып, ел сияқты өмір сүргім келеді. Түрмеде отырғандардың бәрі айуан, қылмыскерлер емес, аяқтарын шалыс басқандар, абайсызда қылмыс жасағандар да бар. Біз де мында жаңалық тыңдап, газет-журнал оқып, спортпен айналысып дұрыс өмір сүреміз. Қасымда қаншама білімді мықты-мықты азаматтар отыр. Бұл біз отырған түрменің басқа түрмеден айырмашылығы көп. Қасымда отырғандардың бала-шағалары да келіп тұрады, – деді Хамит. Осылайша таңғы беске дейін Хамитпен сөйлесіп, сырына қанықтым. Ойым сан-сақта. Біздің санамызда түрмеде отырғандар - қылмыскерлер! Олардан қорқу керек! Бірақ, енді хабарласпаймын, ұмытамын, игнорға қоямын десем жүрек шіркін маза бермейді, қимайды. Бұрынғыдай емес сотталған деген сөзден де қорықпайтын сияқтымын. «Сотталғандар да адамдар, ғой, адам өлтірген жоқ. Жазықсыз сотталып жатқандар туралы кинолар да бар ғой» деп өзімді жұбатып қоямын. Әке-шешем ертең не дейді, ол да мен үшін үлкен мәселе.


Жақында Хамит Тараз қаласынан туған әпкесі, екі досының кездесуге келетінін айтты. Егер мен қаласам Өскеменге соғып, мені Хамитпен кездесуге ала кетеді. Жарты жылдан соң Хамит бостандыққа шығады. Ал мен болсам әзірге нақты жауап берген емеспін. Бір жағынан бақыт үшін күресіп, көзді жұмып тәуекелге бел буу керек пе деп ойлаймын. Орыстар айтпақшы «Кто не рискует, тот не пьет шампанское». Мүмкін бұл маған шанс болар! Жігітке де бауыр басып қалдым, бір жағынан небір ойлар келіп қорқамын, бір жағынан Хамиттің сағын да сындырғым, үмітін де үзгім келмейді. Ол маған «сен маған жаңа өмірге есік аштың, күш бердің» дейді! «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйіріп тапқан соң» деп Абай атамыз айтқандай, түрмеден түзеліп, тәртіпті өмір сүруді көздеген Хамиттің да қайта өмір бастауына, жетелеген арманына қол жеткізуіне мүмкіндігі бар шығар. Бірақ, ата-анам, достарым түсіне қояр ма екен? Сіз не ақыл айтар едіңіз менің сырыма қанық оқырман?


Автор: Сәуле Бегенова, Өскемен


alashainasy.kz




 




Көрілген: 1876    Пікірлер: 2
Пікірлерді оқу (2) preloader

сейсенбі, 12.09.2017, 11:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Қыркүйек, 09:26
    Қыз күнінде бәрі жақсы...
    15 Қыркүйек, 10:29
    Енем мені менсінбейді
    7 Қыркүйек, 10:48
    Мұғаліміме ғашықпын...
    2 Қыркүйек, 19:11
    Cағы сынған еркек
    25 Тамыз, 10:52
    Қарыз ақшаның әлегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30