Отбасы - ошақ қасы

Жеңгемді көңілдесімен ұстап алдым

  • Жеңгемді көңілдесімен ұстап алдым

    Жеңгемді көңілдесімен ұстап алдым

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман! Сіздерден сұрай-тұғын ақыл-кеңесім бар. Менің жеңгем бар. Үйімізге келін болып түскеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Айтсам өзімізді мақтағандай боламын. Дегенмен, өтірік айтып не қылам, айтқанымның ешқайсысы жалған емес. 


Осы уақытқа дейін жеңгемді сыйлап келдім. Үйді сықитып жуып, балаларын шомылдырып, бар ыдысты өзім жалтыратып жуып отырмын. Ал енесі, яғни менің анам нағыз алтын ене.

Келініне қалағанын әперіп, алақанына сап отыр.

Ағамның біраз жүрістері болды, иә мойындаймын. Ағамның кінәсін түсініп, жеңгеме қолдау білдірдік. 
Енді сол "алтын" деп жүрген жеңгемнің жеңіл жүрістерін біліп, қол-аяғым дірілдеп, қалтырап не істерімді білмей кеттім.

Еркек еркектігін жасаса да, отбасының ұйытқысы боп отырған әйел адамның өзге бірецмен төсектес болғаны, не сұмдық?!

Бауырларымнан артық көрген жеңгемнің бұл қылығын көргенде, менің көзімнен аққан жастың сұрауы мен саны болмаған шығар.

Жеңгем деп жүрген салдақы өзінен  6 жас кіші, мен танитын баламен жүріс жасап, жатып жүр екен.

Мен оны whatsApp арқылы көріп қалдым. Менің қолымда осы жайлы біраз дәлелдер де бар. Айтыңыздаршы, әпкелер.

не қылайын, не істейін? Басымды қай жартасқа ұрайын?

Ағама, анама, "жеңге"аттан садаға кеткір адамның ата-анасына телефон соғып, шақырып, бәріне айтайын ба?

Мағар сіздердің ақылдарыңыз ауадай қажет.

 

Аноним 

 





Көрілген: 3951    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.06.2018, 15:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 11:11
    Анам үшін ұялам...
    16 Қыркүйек, 11:25
    "Үйленем" деп алдап кетті
    11 Қыркүйек, 11:02
    Ажырасқаныма өкінем...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30